Pisa тапсырмалары Тапсырма 1 Темекі шегу
Скачать 0.87 Mb.
|
Биология пәнінен PISA тапсырмалары Орындаған: Казбекова Жайнагуль Космановна 2015ж Pisa тапсырмалары Тапсырма №1 «Темекі шегу» Темекіні сигара және трубка арқылы шегуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжамдар бойынша 2020ж. Әлемдегі адам өлімінің 12% шылым шегуден болған аурулардан болады. Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар. №1 сұрақ Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңіріледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді. Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады? А. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады В. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді С. Қанды көмірқышқыл газдан тазартады Д. Көмірқышқыл газ молекуллары оттегіне айналдырады №2 сұрақ Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа ауруларға шалдығу қалпын жоғарлатады. Темекі шегу төмендегі аурулардың қасысының пайда болуына қауіпі бар: Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:
№3 сұрақ Кейбір адамдар темекіні тастау үшін жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жапсырылып, қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі. Никотин жапсырмаларының тиімділігін зертеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зертттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды. Тәжірибенің келесі жоспарларында қайссыең тиімдісі ? А. Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады. Б.Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағынсыз келеді. С. Қатысушылар өз еркімен темекігні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді. Д. Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды. №4 сұрақ А.Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар. Техника және технология саласының жетістіктері темекі щегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады. Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:
Талдау 1 . Мән-мәтін денсаулық аспектісі: ғаламдық 2. Мазмұны ғылым туралы білім 3. Құзырлылық ғылыми тұрғыдан түсіндіру 4. Қолдану саласы денсаулық 5. Сұрақ түрі еркін қойылған сұрақтар, толықтыру, 4 жауаптың біреуі дұрыс, күрделі жауап «иә», «жоқ» 6. Деңгей 1-сұрақ (1-д) ;2-сұрақ (2-д); 3-сұрақ (3-д); 4-сұрақ (3-д) Тапсырма№2 Қазақстандықтар туберкулезға қарсы сәбіз өсіріп шығарды Қазақстандық генетиктер туберкулезға қарсы вакцинасы бар сәбіз өсіріп шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловқа сілтеме жасай отырып хабарлады. Ғалымдар өсімдік тамырына туберкулез қоздырғышының антигенін енгізе отырып, осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.Трансгендік өсімдіктер негізіндегі вакцина бар әлемде үлкен сұранысқа ие, себебі бұл қолданылып жүрген қарапайым вакциналардан біршама есе арзан әрі тиімді. Әдетте қолданылатын вакциналардың ағзаға тигізетін кері әсерінің де болатындығы белгілі. Осы жағдайда өсімдік ақуыздардың биофабрикасы ретінде жұмыс жасап тұр.Орталық қызметкерлері сәбізден эмбрионалдық клеткаларды алып, оны трансформацияға ұшыратқан екен. Осылайша трансгендік өсімдікке қол жеткізіпті. Айта кетерлігі көкөністің формасы қарапайым сәбізге ұқсамайды. Бұл сәбізді сатылы түрде отырғызу процесімен байланыстырылады.Барлық жұмыстар аяқталған соң ғалымдар сәбізде аталған геннің бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Тәжірибе объектісі ретінде тышқан таңдалып, нәтижесінде өсіп шыққан сәбіздің туберкулез таяқшаларына деген иммунитетті жоғарылататындығы анықталған. Әрине, бұл өнертабысты нарыққа шығаруға әлі ерте. Алдымен көкөністің терапевттық эффектісіне зерттеу жүргізу керек. Дегенмен бұл жұмыс үлкен қаржыны талап етеді.Ғалымның айтуынша, гендік инженерия әлемде біршама деңгейде дамыса да, генетикалық модификацияланған өнімдерді көпшілікке тарату туралы шешім шығару өте қиын. Бұл қадам өте тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. №1 сұрақ Қазақстандық ғалымдардың туберкулезге қарсы алған трансгендік өсімдігі: A) қызылша B) сәбіз C) қызан D) қияр №2сұрақ Бұл өнертабысты нарыққа шығаруға әлі ерте. Алдымен көкөністің терапевттық эффектісіне зерттеу жүргізу керек. Дегенмен бұл жұмыс үлкен қаржыны талап етеді. Себебі:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Талдау 1 . Мән-мәтін денсаулық аспектісі: ғаламдық 2. Мазмұны ғалам туралы білім 3. Құзырлылық ғылыми тұрғыдан түсіндіру 4. Қолдану саласы денсаулық 5. Сұрақ түрі 4 жауаптың біреуі дұрыс, толықтыру 6. Деңгей 1-сұрақ (1-д) ;2-сұрақ (5-д); Тапсырма№3 Кока-кола АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақан iшiледi екен. Кейiнгi кезде аталған сусынның адам ағзасына келтiретiн зияны туралы мамандар дабылқаға бастады. Таяуда «Кока-кола» компаниясы өз сусынының жасалу құпиясын ашуға мәжбүр болғаннан кейiн мұндай күдiктер тiптi күшейдi. Компания өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн.Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыспайдалану адам ағзасындағыкальций, темiр элементтердiжойып,есесiнеқұрамындағы есiрткi затөмiрiңiздi екiесеге қысқартады. №1 сұрақ 1.Сусында кездесетін химиялық қосылыстар A) Қант B) Қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель,көмiрқышқылы C) Кока ағашыныңжаңғағы, қант, Д) Көмiр қышқылы,фосфор қышқылы №2 сұрақ Cусынды мөлшердентыс пайдалану.... элементтердi жояды A) Адамағзасындағы кальций, темiр B) Адам ағзасындағы кальций, фосфор элементтердi жояды C) Адамағзасындағы калий, темiрэлементтердiжояды D) Адамағзасындағы кальций, натрийэлементтердiжояды №3 сұрақ Сусындағы химиялық қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесі A) w(C)=20%,w(O)=80%,w(H)=10%,w(P)=40%,w(O)=50%, B) w(C)=50%w(O)=50%,w(H)=7%,w(P)=23%,w(O)=70%, C) w(C)=27%w(O)=73%,w(H)=3%,w(P)=32%,w(O)=65%, D) w(C)=36%w(O)=64%,w(H)=8%,w(P)=12%,w(O)=80%, Талдау 1 . Мән-мәтін денсаулық аспектісі: ғаламдық 2. Мазмұны ғылым туралы білім 3. Құзырлылық ғылыми тұрғыдан түсіндіру 4. Қолдану саласы денсаулық 5. Сұрақ түрі еркін қойылған сұрақтар, 4 жауаптың біреуі дұрыс, 6. Деңгей 1-сұрақ (1-д) ;2-сұрақ (2-д); 3-сұрақ (3-д); Тапсырма№4 «Сүт» Егер сүтті бөлме температурасына қалдыратын болсақ (мысалы, 20С) , онда ол біраз уақыттан кейін ашып кетеді. Сонымен қатар, сүтте тығыз құрамдар пайда болады (негізінен түйір түрінде). Дана осы тығыз құрамдардың неден тұратындығын анықтағысы келеді. Ол ақ қораптан 100г және көгілдір қораптан 100г сүтті 20С температуда ұстайды. Төрт күннен кейін екі қораптағы сүтте ашып кетеді. Ол әрбір сүт сортындағы тығыз құрамдағы саны шамамен бірдей екендігін көреді. Сүт қораптардағы ақпаратты пайдаланып, төмендегі пікірлердің қайсысы осы тәжірибедегі тығыз құрамдарға қатысты ең жақсы қорытынды болып табылатындығын көрсетіңіз? Сұрақ №1 А. Тығыз құрамдар тек ғана майлардан тұрады В. Тығыз құрамдар тек ғана ақуыздан тұрады С. Тығыз құрамдар майлармен ақуыздардан тұрады Д. Тығыз құрамдардың майлардан майлардан немесе ақуыздардан тұратындығын анықтауға болмайды. Сұрақ №2 Тетрапакеттегі және целофандағы сүттің қайсысы тез ашиды себебі_________________________________________________________ _______________________________________________________________ Талдау 1 . Мән-мәтін денсаулық аспектісі: тұлғалық 2. Мазмұны ғылым туралы білім 3. Құзырлылық ғылыми тұрғыдан түсіндіру 4. Қолдану саласы денсаулық 5. Сұрақ түрі еркін қойылған сұрақтар, 4 жауаптың біреуі дұрыс, толықтыру 6. Деңгей 1-сұрақ (1-д) ;2-сұрақ (2-д); Тапсырма№5 «ТІС КАРИЕСІ» тапсырмалар тобы Біздің аузымызда өмір сүретін бактериялар тіс кариесінің пайда болуының басты себебі. 18 ғасырдың басынан, қант қамысынан қант алына бастағаннан бері тіс кариесіне байланысты проблема туындады. Қазіргі уақытта біз тіс кариесі туралы көп ақпарат білеміз. Мысалы: Қантпен қоректенетін бактериялар кариес себебі. Қант қышқылға айналады. Қант тістің күреукесін бұзады. Уақытында тісті тазалау, кариесті болдырмайды. 1-сұрақ :Тіс кариесі кезіндегі бактериянің рөлі қандай? A) Бактериялар тістің күреукесін түзеді; B) Бактериялар қант түзеді; C) Бактериялар минералдар түзеді; D) Бактериялар қышқыл түзеді. 2 -сұрақ: Графикте қанттың қолданылуы және кариестің басқа елдердегі жиілігі көрсетілген. Графикте әр ел нүктемен белгіленген. Келесі тұжырымдамалардың қайсысы графикте көрсетілген мәліметтерді растайды? A) Кейбір елдерде адамдар тісін басқа елдерге қарағанда жиі шаяды. B) Адам қантты көп мөлшерде қолданған сайын кариес пайда болуы қаупі артады. C) Соңғы жылдары кариеспен ауратындардың саны артуды D) Соңғы жылдары елдерде қантты қолдану артуда 3-сұрақ: Кейбір елдерде кариес ауруына шалдыққандардың саны көп Ғылыми эксперимент жүргізу арқылы, тіс кариесіне байланысты сұрақтарға жауап ала аламыз ба? «Иә» немесе «Жоқ» белгілеңіз.
4-сұрақ: Келесі берілген Сізге қаншалықты қызықты? Әр жолда бір торды белгілеңіз.
Талдау 1 . Мән-мәтін денсаулық аспектісі: тұлғалық 2. Мазмұны ғылым туралы білім 3. Құзырлылық ғылыми тұрғыдан түсіндіру 4. Қолдану саласы денсаулық 5. Сұрақ түрі еркін қойылған сұрақтар, 4 жауаптың біреуі дұрыс, толықтыру 6. Деңгей 1-сұрақ (1-д) ;2-сұрақ (3-д);3-сұрақ (1-д);4-сұрақ (2-д); |