19 сурак-Плазмолиз және деплазмолиз. Плазмолиз жне деплазмолиз
Скачать 13.65 Kb.
|
Плазмолиз және деплазмолиз Плазмолиз кезінде вакуолдегі су мөлшерінің азаюынан цитоплазма клетка қабықшасынан біртіндеп ажырап, клетканың ортасына қарай ығысып, жиырыла бастайды. Клетканы вакуольдегі клетка шырынының конценртациясынан артық концентрацияға салған кезде плазмолиз құбылысы байқалады. Плазмолиз құбылысының пайда болуы үшін сахароза, глицерин, калий селитрасы деп аталатын заттар қажет. Клетканы, жоғарыда айтылған плазмолитиктердің біріне салсақ, осмос заңы бойынша концентрациясы артық ерітінді вакуольдегі суды сыртқа қарай сора бастайды. Вакуольдің көлемі кішірейе бастайды, оныменілесіп серіпімді цитоплаза жиырылады.Бұл құбылыс клетка шырынымен сыртқы ерітіндінің концентрциясы теңелгенше жүреді. Плазмолиз баяу жүрген кезде цитоплазманың клетка қабығынан ажырауы клетка бұрыштарынан басталады, сондықтан плазмолиздің бастапқы кезеңін бұрыштық плазмолиз деп атайды. Егер плазмолиз одан ары жалғасатын болса, цитоплазманың бұрыштарындағы жиырылуы бірбірімен ұштары арқылы қосылып ішке қарай клетка қабырғасынан əртүрлі көлемде ойыстанып қашықтайды. Бұл ойыс плазмолиз деп аталады. Бұдан кейін цитоплазма біртіндепклетка қабықшасының ішкі беткейінен түгелдей ажырап, дөңгеленіп, клетканың ортасына жиналады. Бұл дөңес плазмолиз деп аталады. Клетканың тонопласт бөлігі мен қабықшасының арасындағы кеңістік плазмолитикке толы. плазмолизденіп тұрған цитоплазма біраз уақытқа дейін тіршілігін жоймайды. Препараттағы плазмолитикті сумен ауыстыру арқылы плазмолизденіп тұрған клеткадағы клетка шырынының концентрациясын арттыруға болады. Осыдан су клеткаға еніп, вакуоль суға қанығып, көлемін біртіндеп ұлғайтадыОсының нəтижесінде клетканың цитоплазмасы бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылыс деплазмолиз деп аталады. Плазмолиз жəне деплазмолиз құбылыстары өсімдіктердіңтірі клеткаларына ғана тəн. |