Плевра уысыны пункциясы
Скачать 138.31 Kb.
|
Плевра қуысының пункциясы Көрсеткіш: кернеулі пневматоракс, геморторакс, диагностикалық мақсатта Қажетті жабдықтар: мақта, шприцтер, қысқыш, 0,5% новокаин ерітіндісі бар ампулалар, 5% йод ерітіндісі. Орындау алгоритмі: 1. Плевра қуысынан сұйықтықты (қанды) эвакуациялау кезінде науқасқа мүмкіндігінше отыру жағдайы беріледі. Егер бұл мүмкін болмаса, онда пункция сау жағында жатып, басына бекітілген қолымен жасалады. 2. Сұйықтық деңгейі перкуторлы (және рентгенологиялық) әдіспен анықталады, орын белгіленеді 3. Пункция жасау орны: Пневмоторакста бұғана орта сызығы бойынша 2 қабырғаралық, геморторакста артқы қолтық асты сызығы бойынша 7-8 қабырғааралық 3. Теріні йод ерітінділерімен зарарсыздандырады және стерильді материалмен қоршайды. 4. Пункция жасамас бұрын, пункция орнында теріні жұқа инемен және тері астындағы негізді 0,5% новокаин ерітіндісімен анестезиялайды. 5. Арнайы пункция инесін ақырындап қабырғаралыққа енгізеді. Инені күрт қозғауға болмайды 6. Плевралық қуыстың ішіндегі құрамын эвакуацияланғаннан (ауа немесе қан, экссудативті сұйықтық) кейін жылдам инені шығарыады 7. Ине, пункция орны антисептикпен өңделеді және майлықпен жабыстырылады. 8. Пациенттің жағдайын сұрау https://www.youtube.com/watch?v=715spCuS8Yw |