Главная страница

Философия. Ғарифоллаева Гүлдарай 213А 14 тақырып 2. Пн атауы Философия Таырып 14 Практикалы саба


Скачать 21.83 Kb.
НазваниеПн атауы Философия Таырып 14 Практикалы саба
АнкорФилософия
Дата13.05.2022
Размер21.83 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҒарифоллаева Гүлдарай 213А 14 тақырып 2.docx
ТипДокументы
#526518

Пән атауы: Философия

Тақырып: №14

Практикалық сабақ: Дін философиясы.

Тапсырма №1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Діннің формаларын талдаңыз: «фетишизм», «тотемизм»,.«магия», «анимизм»?

Дін дегеніміз негізі қоғамдық сананың бір формасы болып табылады,белгісіз тылсыз құдңретті күштерге және құбылыстарға сенуге,табынуға негізделген рухани көзқарастардың жүйелендірілген жиынтығы болып табылады.Бұл бізде сенімге негізделген таным түрі болып табылады.

Діннің ежелгі формалары осы “тотемизм”, “фетишизм”, “магия” , “анимизм” болып табылады.

Тотемизм дегеніміз-рулық қоғамдағы адамдардың шығу тегін жануарларға,өсімдіктерге, табиғат құбылыстарымен байланыстыратын мифологиялық-діни сананың формасы болып табылады.

Фетишизм дегеніміз француз тілінен аударғанда тұмар,қасиетті күші бар зат деп аударылады,алғашқы рулық құрылымға,архаикалық мәдениетке тән жансыз заттарды қасиетті деп таьу болып табылады.

Анимизм дегеніміз латын тілінен аударғанда рух,жан деген мағынаны беретін,заттық дүние құбылыстарының жаны бар екендігін білдіретін термин болып табылады.

Магия дегеніміз белгілі бір мақсатқа тылсым жолмен,құпия,тыйым салынған жолмен жетуге бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады.

Ал,шаманизм дегеніміз-рухтармен тілдесе алатын,жоралғылардың барлығын орындай алатын,өзінің бойындағы ерекше күшіне сенуге негізделген ежелгі дін формасы болып таьбылады.

1.2. Діннің атқаратын қызметтерін атаңыз?

Дін бізде көптеген қызметтер атқарады.

  • Дүниетанымдық қызметі бұл әлемді түсіндіретін өлшемдерді береді;табиғатты,қоғамлы,адамды түсіндіреді;

  • Коммуникация бұл дінге сенушілер арасындағы қарым-қптынас, сенушінің Құдаймен, періштелермен, дүниеден өткен адамдардың жанымен, әулиелермен “байланысуы”,

  • Реттеушілік қызметі бұл адамдардың мінез-құлық бағдарламасы ретінде әрекет ететін белгілі бір құндылықтар мен моральдардың мазмұнын білуі болып табылуы болып табылады.Бұл қоғамда балансты ұстайды.

  • Интеграция бұл қызметі бізде адамдардың өздерін ортақ құндылықтар мен мақсаттармен бекітілген біртұтас қауымдастық ретінде тануына мүмкіндік береді.

  • Саяси қызметі бұл түрлі қауымлар мен мемлекеттердің басшвлары осв дінді өздерінің іс-әрекеттерін ақтау,діни көзқарастары бойынша бір адамдарды біріктіру немесе бөлу үшін саяси мақсаттарда пайдаланылады.

  • Мәдени қызметіне келсек,дін-мәдениет негіздерін дамытуға ықпал етеді (жазу,иконография,музыка,этикет,мораль,философия және т.б)

  • Рухани- жұбаныш деп алсақ та болады,арғы өмірде осы өмірде көрген қиындықтары мен азаптарына сай сыйақы беріледі дейді;



Тапсырма №2. Таблицаны толтырыңыз

Әлемдік діндер

Діннің атауы

Негізгі бағыттары

Буддизм

Негізін салушы:Сидхартха Гаутама.

Негізгі мақсаты-адамдарды түрлі рухани азаптан босату және оған жету жолын іздестіру болып табылады.

Төрт “ұлы ақиқаты” бар.

  • Өмір дегеніміз азап.

  • Азап шегудің себептері адамдардың тілегі мен құмарлығына байланысты болады;

  • Азаптан құтылудың жолдары-нәпсіні тыю;

  • Азаптан толық құтылу-көрсеткен жолға түсу (Нирвана)

Нирванаға жету сатылары:

  • Шынайы сенім.Дүние қайғы-қасіреттерге толы,оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;

  • Тура,әділ ұмтылу.Өз құмарлығың мен қызбалығыңды шектейтін сара жолды біржолата айқындау;

  • Шыншыл сөз.Айтатын сөзіңді мұқият қадағала,ол зұлымдыққа итермейтін,дұрыс,рақымды болсын;

  • Дұрыс іс.Теріс ниетті іс1рекеттерден сақтану,игі іске икемді болу;

Христиан

Кітабы-Інжіл.Иса (ғ.с) кезінде пайда болған.Ең ірі діннің бірі.Рим импреиясының шығыс бөлігінде пайда болған.

Негізгі тармақтары:

  • Православие -1054 ж;

  • Католицизм- 1054 ж;

  • Протестанизм- XV ғ;

Ислам

610 жылы Жебірейіл періштеден келген.

Ұстанушы адам-мұсылман болады;

622 жыл-Меккеден Мединаға қоныс аудару жылы-Хижра деп аталады.

Алланың алдында парыздарын орындау,одан басқа құдайларға табынбау басты міндет болып табылады.

Ислам-әлемдік монотеистік дін.

Құран-мұсылмандарың негізгі қасиетті кітабы.Алланың сөзі болып табылады.

Құран 114 сүреден тұрады.

Исламда бес парыз бар,олар:

  • Таухид-ең алғышарты болып табылады;

  • Намаз;

  • Ораза;

  • Зекет;

  • Қажылық;

Исламдағы басты екі бағыт:

Суннит және Шииттер болып табылады.

Сунниттер-хадистер (Пайғамбар сөзі),қияс (ұқсас,балама) және “ижтихад” (жеке ой түсіну) ұғымдарына сүйене отырып,Құран мен суннаға(сүннетке-Пайғамбарымыз с.а.с ның әдеттері) негізделген.

Шииттер өз талдауына имамдардың айтқанын қосады.Шииттік Исламда тек намазда жетекшілік емес,сонымен қатар әулиелік білім және даусыз бедел иесі болып табылады.Олардың сунниттерден айырмашылығы осы болып табылады.

Исламбағы мазхабтар:

  • Ханафи мазхабы (Орта Азия,Қазақстан,Түркия,Ауғанстанның бір бөлігі)-жергілікті дәстүрлерге мән береді;

  • Мәлики мазхабы – дәстүрге сәл қатал қарайды (Мағриб елдері);

  • Шафиғи мазхабы- Сирия,Үндістан,Шығыс Африка;

  • Ханбали мазхабы-Иран,Кавказ елдері;

Негізгі мейрамдары:

  • Рамазан айы-қасиетті ай,содан кейін Ораза айт;

  • Құрбан айт;

  • Ашура күні-Пайғамбарларға сый берілген күн;

  • Баарат түні -Өлілерге дұға оқу күні;

  • Қадір түні-Қасиетті Құран кітабы түскен күн;

  • Мәуліт түні-Мухаммед с.а.с туған күні;

  • Миғраж-Көкке саяхат күні;


написать администратору сайта