Главная страница
Навигация по странице:

  • Веб-конференция, вебинар дегеніміз не

  • Конференц-байланыс функциялары

  • Стандарттар

  • Стриминг және вебинар

  • Осыған орай, бұл мәселенің шешімі қандай деген сұрақ туындайды Стриминг

  • Вебинар+стриминг

  • Мәселенің шешімі

  • Пн атауы ipтелефония негіздері жне стримингтік технологиялар


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеПн атауы ipтелефония негіздері жне стримингтік технологиялар
    Дата21.02.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаppt
    Имя файлаДәріс 3-IP-TST.ppt
    ТипДокументы
    #369305

    Пән атауы: «IP-телефония негіздері және стримингтік технологиялар»


    Дәріс 3: Стриминг vs вебинар


    Құрастырған: IT-инжиниринг кафедрасының аға оқытушысы, Рахимжанова З.М.


    E-mail: z.rakhimzhanova@aues.kz

    Материалдарға сілтемелер:


    Материалдарға сілтемелер:
    https://novator.team/
    https://griban.ru/
    https://xn----btbmaldylgqkmt0d.xn--p1ai/.
    https://broadcast.net.ua/ru/


    Сабақ жоспары:
    Веб-конференциямен танысу.
    Конференц-байланыс функциялары.
    Стриминг және вебинар.


    Веб-конференция, вебинар дегеніміз не?
    Веб-конференция кезінде қатысушылардың әрқайсысы өз компьютерінде отырады, ал олардың арасындағы байланыс, әрбір тұтынушының компьютерінде орнатылған жүктелетін қосымша арқылы немесе веб-қосымша арқылы жүзеге асырылады. Веб-конференциялар шынайы уақыт режимінде қатынасу мағынасын алды. Қазіргі кезде вебинар қашықтан оқу шегінде пайдаланылады.


    Онлайн-семинар немесе веб-конференция, вебинар – веб-конференцияның бір түрі, онлайн-кездесулер немесе презентацияларды Интернет арқылы өткізу.


    Конференц-байланыс функциялары:


    - слайдтық презентациялар


    - шынайы уақыт режиміндегі бейне


    - VoIP (шынайы уақыт режимінде компьютер арқылы аудиобайланыс)


    - whiteboard (комментарийлерге арналған электрондық тақта)


    - мәтіндік чат


    - дауыс беру және сауалнама


    - қашықтатылған жұмыс үстелі, қосымшаларды бірігіп пайдалану


    - жазбаны трансляциялау

    Стандарттар


    Стандарттар
    Интернет арқылы конференц-байланыстарды өткізу стандартталмаған: бұл функционалдық келісімге, платформаларға тәуелділікке, қауіпсіздік мәселелеріне, құнына теріс әсерін тигізеді. 2003 жылы IETF  конференц-байланыстардың стандартын орнату үшін «Centralized Conferencing» (XCON) деген атпен жұмысшы топ құрды.
    XCON жоспарлаған мақсаттарына кіретіндер:
    Базалық протокол «floor control» — Binary Floor Control Protocol (BFCP), RFC 4582 жазылған;
    Мүшелік және авторизацияны қадағалау механизмі;
    Әртүрлі типтегі медиафайлдарды біріктіруді басқару механизмі (аудио, бейне, мәтін) және оның сипаттамасы;
    Конференцияға қатысты өзгерістерді (мысалы, протоколдың ауысуы) хабарлау механизмі.

    Стриминг және вебинар


    Стриминг және вебинар
    Егер Интернет-шара бірнеше адамның онлайн-сұхбаттасуы форматынан асып кетсе, ұжым әдетте вебинарлық қызметтерге ауысады. Мұндай сервистерге Webex, Zoom, GoToMeeting, GoogleMeet және т.с.с. жатады.
    Вебинарлық қызметтер қолданылу қарапайымдылығымен, ұқсас интерфейстерімен (тұтынушылар тізімі, тақта мен презентация көрсету, мәтіндік чат және т.б.) ыңғайлы. Әдетте баяндаушыға да қатысушыға компьютерге ештеңе орнатудың қажеті жоқ – браузер жеткілікті.
    50-100 қатысушыға арналған бұлттық сервис 0-100$ тұрады, яғни бір адамға $1 шамасында. Бұл қымбат емес, бірақ шараға қатысушы адамдардың саны артса келесідей мәселелер туындайды:
    Қатысушылардың үлкен пакеті қымбат тұрады;
    Кейбір сервистердің жұмысы вебинар қатысушыларының саны артқан кезде нашарлай бастайды, техникалық ақаулар пайда бола бастайды.
    Осыған орай, бұл мәселенің шешімі қандай деген сұрақ туындайды?

    Стриминг


    Стриминг
    Әйгілі бейнеблогерлер біруақытта мыңдаған және миллиондаған аудиторияларға трансляция жүргізеді. Мұндай мүмкіндікті олраға стриминг береді.
    Стримингтің бірнеше шектеулері бар:
    Тарату 1-2 минуттық кідіріспен жүреді, яғни тұтынушылардың сұрағына чатта және вебинарлық шешімдерде лезде жауап беру арқылы интерактивтілікті реттеу мүмкін емес;
    Таратуды ұйымдастыру біраз күрделілірек – ұйымдастырушының компьютеріне орналастырылатын, яғни Интернетке жіберілетін бейнеағынды құратын, қосымша тартушы бағдарламалық қамтама қажет;


    Стримингті ұйымдастырушының Интернет-арнасына және компьютерінің қуатына қойылатын талаптар қатаң.


    Арнайы бағдарламалық қамтама деген не? Бұл бейне мен тарату дыбысын реттеуге мүмкіндік беретін күрделі бағдарлама, мысалы стримингтік сервистердің көбімен жақсы жұмыс істейтін OBS Studio.
    Бағдарлама ақылы болуы мүмкін, бірақ тегін түрлері де бар. Мұндай бағдарламамен жұмыс істеу үшін маман болу қажет.

    Вебинар+стриминг


    Вебинар+стриминг
    Қорытындыласақ: шешімнің екі типі бар:


    Вебинар (Zoom, Webex, т.с.с.): Вебинарлар – бұл пакеттік шешімдер. Тұтынушылардың санын таңдаймыз, ақылы болса – төлем жүргіземіз, қосымша ештеңе қажет емес (барлығы браузерде).


    Стриминг (YouTube, Vimeo): Стримингтік технологиялармен күрделілірек. Бейнені алатын қосымша бағдарлама қажет+ спикермен байланысатын тәсіл (мысалы, Скайп немесе Zoom). Тұтынушылар саны артса вебинар құны артады, ал стримингтер арзан, бірақ техникалық күрделі.

    Мәселенің шешімі:


    Мәселенің шешімі:


    Вебинарлық және стримингтік платформаларды біріктіру. Көптеген вебинарлық платформалар (мысалы, Zoom) бейнехостерлерді тікелей эфирмен интеграциялауды ұсынады. Бейнеағынды ұйымдастырушының да, вебинар қызметінің жағында да қалыптастыруға болады. Бұл ұйымдастырушының жабдығына қойылатын талаптарды азайтады.


    Тізбектілік келесідей болады:
    Ұйымдастырушы/жүргізуші, стримингтік сервиске жолды жазып және вебинарлар сервисінде пароль енгізу арқылы стримингтік сервисті алдын-ала реттеп, вебинарды бастайды.
    Вебинарлар сервисі бейнеағында стримингтік сервиске өзі жүктейді (YouTube, Vimeo, Facebook, ВКонтакте).
    Жүргізуші қатысушылармен вебинарлық бөлмеде шынайы уақыт режимінде қатынасады, ал стриминг вебинарды эфирге минуттық кідіріспен шығарады.
    Нәтижесінде, барлық аудитория екіге бөлінеді:
    вебинарға қатысушылар (100 адамға дейін);
    көрермендер (саны шектеусіз).

    Бақылау сұрақтары:


    Бақылау сұрақтары:
    Веб-конференция немесе вебинар дегеніміз не?
    Веб-конференцияларды өткізу стандарты бар ма?
    Стримингтің қандай шектеулері бар?
    Вебинар мен стриминг не үшін біріктірілді?

    Назарларыңызға рахмет!


    Назарларыңызға рахмет!



    написать администратору сайта