Главная страница
Навигация по странице:

  • Бөлім: 8 . Дені саудың – жаны сау Күні

  • Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : Сабақ тың тақырыбы: «Оң қолымда бес саусақ »

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

  • Сабақтың мақсаты : Барлық оқушылар

  • Сабақтың барысы Сабақтың кезеңі Педагогтің әрекеті

  • Сабақтың басы (5 минут)

  • Қолпаштау Слайд Сабақтың ортасы (6-32 минут)

  • «Қайталай ғой» ойыны

  • 4-тапсырмада

  • Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз

  • Слайд Слайд Оқулық 128 бет Слайд Оқулық 129 бет

  • Сабақтың соңы «Дұрыс-бұрыс» ойыны Слайд

  • 10Оң қолымда бес саусақ. Пн аза тілі Блім Дені сауды жаны сау


    Скачать 2.24 Mb.
    НазваниеПн аза тілі Блім Дені сауды жаны сау
    Дата24.01.2023
    Размер2.24 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла10Оң қолымда бес саусақ.doc
    ТипДокументы
    #902673




    Пән: Қазақ тілі

    Бөлім: 8. Дені саудың – жаны сау

    Күні :

    Педагогтің аты-жөні: Сейткалиева М.С

    Сынып: 1

    Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

    Сабақтың тақырыбы: «Оң қолымда бес саусақ»

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

    1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау;

    1.2.2.1* сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем);

    1.4.2.1* оқыған/аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу.

    Сабақтың мақсаты :

    Барлық оқушылар: дене мүшелерінің атай алады, тақырып бойынша тақпақты жатқа айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: мұғалімнің сұрақтарына тақырып көлемінде жауап бере алады, 20-ға дейінгі сандарды ажырата алады.

    Кейбір оқушылар: басқа да дене мүшелерін атай алады, сабақта үйренгенін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

    Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурс

    Сабақтың басы

    (5 минут)

    Оқушыларды «шаттық шеңберіне»тұрғызып, сәлемдеседі. Жоқ оқушыларды түгендейді. Сабаққа дайындығын тексеру.

    «Көбелек» ойыны

    Оқушылар шеңберге тұрып,айтады

    Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

    Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды



    Қолпаштау



    Слайд

    Сабақтың ортасы

    (6-32 минут)


    1.Тыңда. Қайтала.
    Сөздікпен таныстыру:

    Сәлем- привет

    Сәлеметсіз бе- здравствуйте

    Сенің –твой, твоя, твое

    Менің- мой, моя, мое

    Атым - имя

    .

    2.1-тапсырмадағы суретке аударады, тақырып туралы ой қозғайды.

    Сурет бойынша жұмыс жүргізіліп, бас, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ сөздерімен таныстырады. Мұғалім сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударады. Сөздермен жұмыс «Қайталай ғой» ойыны бойынша бекітіледі.

    3. 2-тапсырма бойынша мұғалім оң қол, сол қол тіркестерін қайталатады. «Мынау қай қол?» деген сұрақ арқылы оң қол, сол қол тіркестерін жаттықтырады. Содан кейін оқушыларды саусақ сөзімен таныстырады, екі қолда он саусақ бар екенін санау арқылы үйретеді.
    4. 3-тапсырмада мұғалім тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін аудиодиск арқылы тыңдатады, қимылмен қайталату арқылы жаттықтырады. «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

    4-тапсырмада оқушыларды алақан сөзімен таныстырады. Содан кейін тапсырмада берілген тақпақты түсіндіреді. Бұл тапсырмада оқушылардың оқылым дағдысы дамытылады, оқушылар тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім тақпақты қимылмен көрсетіп қайталатады:


    Тыңдалым,айтылым.

    1-тапсырмадағы сурет бойынша тақырыпты болжайды.

    Бас, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ сөздерін аудиодискіден тыңдайды,қайталайды, қимылмен көрсету арқылы есте сақтауға тырысады.
    Тыңдалым,айтылым.

    2-тапсырмада оқушылар оң қол, сол қол тіркестерін қайталау, қолдарын кезек-кезек көтеру арқылы жаттығады. Содан кейін саусақ сөзімен танысады, екі қолында (барлығы) неше саусақ бар екенін айтады.

    Саусақ арқылы 1-ден 10-ға дейін санайды.

    3-тапсырмада оқушылар қимылмен әр қолында неше саусақ бар екенін және барлығы неше саусақ болатын айта алуға жаттығады.

    4-тапсырмада алақан сөзін үйренеді, тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсінеді.

    Қимыл-әрекет арқылы тақпақты жатқа айтуға тырысады.
    Оң қолымда бес саусақ,

    Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз,

    Бесті беске қосамыз.



    «Бас бармақ»


    Дескриптор

    Бас, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ сөздерін аудиодискіден тыңдайды,қайталайды, қимылмен көрсету арқылы есте сақтауға тырысады.


    «Бас бармақ»



    Слайд

    Слайд

    Оқулық 128 бет

    Слайд

    Оқулық

    129 бет




    Сергіту сәті

    Буратино тұрды,

    Буратино созылды,

    Буратино секірді,

    Буратино жүгірді.







    5. Жазылым.



    Жазу дәптері №2

    Сабақтың соңы

    «Дұрыс-бұрыс» ойыны

    Слайд




    Кері байланыс

    «Бағдаршам» әдісі

    Қызыл- мүлдем түсінбедім

    Сары- жартылай түсіндім

    Жасыл-толық түсінікті

    Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді




    написать администратору сайта