9-сын бжб2. Пн География Сынып 9а кні Оушыны атыжні
Скачать 302.98 Kb.
|
№14 ЖОББМ-КММ Пән: География Сынып: 9А Күні: Оқушының аты-жөні: «Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тапсырма 1.Берілген ақпаратта қай ғалымға сипаттама берілгенін анықтаңыз. ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ол жазған «Жылнамалар жинағы» атты кітап орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш географиялық мазмұндағы тарихи шығарма. Бұл кітапта Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды. А. Әл Фараби В. М. Қашқари С. М. Бабажанов D. Қ. Жалаири «Қазіргі заманның география ғылымының мәселелері» тақырыбында эссе жазыңыз. (100- сөз) Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды 3.Мәтінді мұқият оқыңыз. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытайдың батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Ирак, Иран, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам) қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Сауда қалалары Оңтүстік Қазақстанда – Суяб, Құлан, Тараз, Отырар,Баласағұн,Сайрам,Сауран. a. Ұлы Жібек жолының басты бағыттары: b. Ұлы Жібек жолы қандай елдерді қамтиды? c. Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан басты сауда орталықтарын картаға түсіріңіз (шартты белгімен белгілеңіз). Шартты белгі:
|