Саясаттану 8 тақырыпқа тапсырма. Пн леуметтану, саясаттану, мдениеттану Таырып Саяси партия жне саяси жйелер Практикалы сабаа тапсырма
Скачать 17.17 Kb.
|
Пән: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану Тақырып: Саяси партия және саяси жүйелер Практикалық сабаққа тапсырма: Тапсырма №1. Төмендегі сұраққа жауап беріңіз: Саяси партиялардың типологиясын көрсетіп, олардың критерийлерін анықтаңыздар. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Саяси партиялардың критерийлері: -Кызмет ету ортасы критерийі бойынша - моноорта; аралык; бұқаралық, жалпы. -Саяси жүйедегі рөлі бойынша. Функциялары бойынша. -Ілiмiнiң сипаты мен идеологиялық бағыты бойынша. Ол революциялық; реформалык; консервативті;реакциялык болып бөлінеді. - Ұйымдық құрылымының критерийі бойынша. Ол орталықтандырылған; орталықсыздандырылған; бұқаралық болып бөлінеді. Партиялық жүйелер және олардың жіктелуі Партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты: а) маманданған; ә) бұқаралық деп жіктейді. Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі: 1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді; 2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.; 3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау; 4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді. Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі. Тапсырма №2. Таблицанытолтырыңыз Қазақстан Республикасының саяси партиялары:
|