Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы 7 саны және цифры Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады

  • Ойлау деңгейі Білу , түсіну , қолдану , жинақтау Бағалау критерийлері

  • АКТ қолдану дағдылары Ноутбук , проектор Бастапқы білім

  • Топқа бөлу. Қызыл,сары, жасыл түстер арқылы Миға шабуыл

  • Айтылым. Топтық жұмыс.

  • Оқылым.Оқулықпен жұмыс. Сыныппен жұмыс. Шығарып көр. Сандық сәуле

  • 1 2 3 4 5 6 7 7 6 5 4 3 2 1 Дискриптор

  • Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

  • Оқушыларға ашық сұрақтар қною арқылы,көрнекіліктерді пайдалану арқылы, дәптермен жұмыс жасауды қадағалап отырамын.Қабілеті жоғары оқушыларға 7 саны туралы мақал –мәтел жинақтап келуін тапсырамын.

  • Оқушылар сабақта пайдаланған оқу құралдарымен қалам, қарындаштарды қолына алғанда мұқият болуын ,бір-бірінің көзіне апармау керектігін айтып түсіндіремін.

  • 5топ Абдиева Акмарал. Пн математика Мектеп П. Тжібаева ж о. м


    Скачать 0.76 Mb.
    НазваниеПн математика Мектеп П. Тжібаева ж о. м
    Дата25.11.2018
    Размер0.76 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5топ Абдиева Акмарал.docx
    ТипДокументы
    #57606

    Пән: математика Мектеп: П. Тәжібаева ж.о.м

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты – жөні: Абдиева А

    1А бөлім - Сандар мен цифрлар Қатысқандар саны:

    Күні: Қатыспағандар саны:

    Сынып: 1


    Сабақтың тақырыбы

    7 саны және цифры

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

    1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу , жазу және салыстыру.

    1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау

    Сабақ мақсаттары

    Барлық оқушылар орындай алады: Бір таңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды біледі.

    Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

    Бір таңбалы сандардың құрамын анықтап,айтып бере алады.

    Кейбір оқушылар орындай алады:Бір таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдерін ажыратады.

    Ойлау деңгейі

    Білу , түсіну , қолдану , жинақтау

    Бағалау критерийлері

    7 санына дейінгі сандарды салыстырады.

    Санау арқылы 7 санын ашады.

    7 санының құрамын анықтайды.

    Кемпірқосақтың 7 түсін анықтайды.

    Сандық сәуледен 7 санын табады.


    Тілдік мақсаттар

    Оқушылар орындай алады. Бір таңбалы сандарды оқуды , жазуды және салыстыруды біледі, бір таңбалы сандардың құрамын анықтап айта алады.

    Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

    -Жеті – семь – seven

    Сыныптағы диолог (жазылым үшін) қолданылады.

    Талқылауға арналған сұрақтар:

    -7 саны сандық сәуледе қай саннан кейін келеді?

    -7 санының алдында қандай сан бар?

    -7 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады?

    Құндылықтарды дарыту

    Оқушылар арасында достық, сыйластық қарым- қатынасты сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың зейінін арттыруға, логикалық ойлауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

    7 санының киелі екенін түсінуге ықпал жасау.


    Пәнаралық байланыстар

    Бейнелеу , еңбекке баулу, сауат ашу, дүниетану

    АКТ қолдану дағдылары

    Ноутбук , проектор

    Бастапқы білім

    6 санының құрамын анықтайды. 6 санының қосу кестесін құрайды. 6 санына дейін тура және кері санайды.

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері.

    Уақыты


    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет.

    Ресурстар.

    «Ашық хат» әдісі

    .

    «Кім тапқыр?» ойыны.




    2 мин.

    5мин.

    5мин

    5мин

    5мин

    5мин

    5мин

    Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру.

    Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер.

    Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.

    Жасау үшін бәрін де

    Математика

    Ең маңызды ғылым бұл

    Сондықтан да, сондықтан да,

    Сол ғылымның тілін біл!

    Топқа бөлу.

    Қызыл,сары, жасыл түстер арқылы

    Миға шабуыл.Тыңдалым.



    суреттермен жұмыс: «Кім тапқыр?» ойыны.

    Бүгінгі сабағымыз 7 саны және цифры

    Мына суретте нелерді көріп тұрмыз?

    Бұл қай ертегі?

    Қанша лақ бар? Қане балалар санайық?



    1 аптада неше күн бар?

    Апта күндерін бірге айтайық?



    1 сурет (7 лақ) 2 сурет (7 күн)

    Мақсаты: 7 саны және цифры бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алдық.

    -Ертегінің тақырыбын табады.

    -мазмұнын еске түсіре алады.

    -7санына байланысты кейіпкерлерді яғни лақтарды санайды.

    -апта күндерін атайды,ретін біледі.

    Топтық өзара бағалау.

    Бағдаршам түстері.

    Айтылым.

    Топтық жұмыс.

    «Ашық хат» әдісі бойынша әр топқа сандар құрамын анықтау үшін карточкалкр бар.

    1-топ -4 санының құрамын анықтайды.

    2-топ -5 санының құрамын анықтайды.

    3-топ -6санының құрамын анықтайды

    Дискриптор

    -4санының құрамын анықтайды.

    -5санының құрамын анықтайды

    -6 санының құрамын анықтайды.

    Жұптық жұмыс.

    Оқушылар екеуара бірігіп 7санының қосу кестесін жасайды.


    7



    5+2=7

    3+4 = 7

    77 77.77 77777====һ



    6+1=7


    -Бағалау. Бірін-бірі бармақпен бағалайды.

    Оқылым.Оқулықпен жұмыс.

    Сыныппен жұмыс.

    Шығарып көр.

    Сандық сәуле



    Кері және тура санау

    1 2 3 4 5 6 7

    7 6 5 4 3 2 1

    Дискриптор:

    -Сандық сәуледен 7 санын табады

    -Тура санайды

    -Кері санайды

    Бағалау .Жарайсыңдар!

    Жазылым.

    Дәптермен жеке жұмыс.

    Мысалдар құрастыр және шығар. 7 санының құрамы туралы білімін бекітуге берілген тапсырма. Оқушылар суреттер бойынша мысалдар құрастырып, оларды шешеді.



    Жауабы:

    1 + 6 = 7; 5 + 2 = 7; 3 + 4 = 7.

    Дискриптор:

    -Мысалдар арқылы теңдік құрастырады шығарады.

    -Есепті дәптерге жазады.

    Жұптық жұмыс:

    Кемпірқосақтың түстерін ретімен боя.

    Кемпірқосақ түстерін еске сақтау үшін осы түстермен байланысты әртүрлі сөз тіркесін қайталатуға болады. Берілген тапсырманы өз ойын жұп болып бөлісу арқылы орындатамын. Тапсырманы орындау қиынға соққан жағдайда оқулықтағы үлгіні қолдануға болатынын ескертемін.



    Дискриптор

    -Түстерді ажыратады

    -Ретімен бояйды.

    -Үлгіні қолдана алады.

    Бағалау. Смаликтермен.


    Өлең жолдары.

    Бағдаршам түстері.

    Ертегі суреттері.

    Апта күндері кестесі.

    Кеспе сандар.

    Карточка


    Сабақтың соңы.

    5мин

    Кері байланыс.

    -Нені білдім,нені үйрендім

    -Нені толық түсінбедім

    -Немен жұмысты жалғастыру керек.


















    Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

    Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

    Оқушыларға ашық сұрақтар қною арқылы,көрнекіліктерді пайдалану арқылы, дәптермен жұмыс жасауды қадағалап отырамын.Қабілеті жоғары оқушыларға 7 саны туралы мақал –мәтел жинақтап келуін тапсырамын.

    Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерін жазамын. «Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар бір-бірін және өзін-өзі бағалайды сабақтың соңында қалыптастырушы бағалаудың парақшаларын таратып , сол арқылы бағалаймын. Сабақ соңында рефлексияны смаликтер арқылы тақтаға жапсыртамын.

    Оқушылар сабақта пайдаланған оқу құралдарымен қалам, қарындаштарды қолына алғанда мұқият болуын ,бір-бірінің көзіне апармау керектігін айтып түсіндіремін.









    написать администратору сайта