Главная страница
Навигация по странице:

  • Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі. Күні Топ .Пән

  • Сабақтың типі

  • Тәрбиелік

  • Көрнекі құралдар: Компьютер, мультимедиялық проектор, экран; жеке карточкалар, тест. Сабақтың барысы I .Ұйымдастыру кезеңі

  • II. Өткен материалды қайталау және

  • III. Жаңа тақырыпты өту: Жоспар

  • А= I U  t .

  • Электр энергиясын үнемдеңдер! Физикалық диктант

  • Тестік тапсырмалар. 1 нұсқа.

  • VII. Әдебиет / Литература

  • әдістемелік сабақ жоспары. Пні бойынша физика Таырыбы Электр тогыны жмысы мен уаты Мамандыы бойынша


    Скачать 52.28 Kb.
    НазваниеПні бойынша физика Таырыбы Электр тогыны жмысы мен уаты Мамандыы бойынша
    Дата15.03.2021
    Размер52.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаәдістемелік сабақ жоспары.docx
    ТипДокументы
    #184820

    "Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалык колледжi" Мекемесі



    Пәні бойынша: физика

    Тақырыбы: «Электр тогының жұмысы мен қуаты»
    Мамандығы бойынша: 0518000 «Есеп және аудит»


    Құрастырған оқытушы: Қамидоллаұлы Мейрамбек

    2019-2020 оқу жылы

    Мазмұны


    1.Кіріспе.
    2. Сабақтың технологиялық картасы.
    3.Әдебиеттер тізімі.

    Кіріспе.

    Бұл сабақ жаңа білімді меңгерту,сабақта әр түрлі технология элементтері кіріктіріліп қолданылады.Студенттер топпен және жеке жұмыстар жасайды,берілген тапсырмалар мен сөзжұмбақтарды жалпылама топпен орындаса,таратпалармен берілген тапсырмаларды жеке орындайды.

    Электр тогының күнделікті өмірдегі орнының жоғары екенін,оның атқаратын жұмысының маңыздылығын,шамасын түсіне біледі.

    Сабақ үш деңгейде құрылған:

    1.Өткен сабақты пысықтау,нақтылау,электр тогының не екендігін толық ұғыну.

    2.Жаңа сабақты жан-жақты баяндау арқылы жеткізу.

    3.Жаңа сабақты пысықтау,қортындылау,тапсырмалар орындау.

    Сабақ барысында студенттер топпен жұмыс жасай алады,шамаларды анықтау,оны есептей алу қиындық туғызған жоқ.

    Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

    Күні

    Топ.

    Пән: физика

    Сабақтың тақырыбы: «Электр тогының жұмысы мен қуаты».

    Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

    Сабақтың түрі: аралас

    Сабақтың мақсаттары:

    Білімдік: Зарядтар орын ауыстырғанда электр күші

    атқаратын жұмыс пен уақыт бірлігі ішінде атқарылған токтың жұмысын

    көрсететін шама қуат және өткізгіштер қызған кезде бөлінетін жылу мөлшері

    жайлы мағлұматтар беру.

    Дамытушылық: Өзіндік көзқарастары мен логикалық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына, ойлау және ой жетілдігі дағдылары мен біліктіліктердің дамуына, топтық жұмыстар кезінде өзгеің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау, электр тогы жайлы білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстырып, практикада қолдана білуін жетілдіру.

    Тәрбиелік: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтай қабілеттерін дамыту, электр сұлбаларын талдай отырып, электр энергиясын үнемдеуге тәрбиелеу.

    Пәнаралық байланыс:

    1.Электротехника негіздері-«Тұрақты токтың заңдары»

    2. Математика-есеп шығару

    Көрнекі құралдар:

    Компьютер, мультимедиялық проектор, экран; жеке карточкалар, тест.

    Сабақтың барысы

    I.Ұйымдастыру кезеңі:

    1.Аудиторияның даярлығын бақылау.

    2. Студенттерге жағымды ахуал туғызу

    Эпиграф: Ғылымды терең ұғынуға тырыссың,

    Таныммен мәңгілік шөліңді қандырарсың.

    Ең алғашқы танымың нұр болып жарқыраса,

    Білімнің шексіз екенін сонда ғана білерсің.

    Фирдауси

    II. Өткен материалды қайталау және:

    1.Электр тогы дегеніміз не?

    2. Электр тогының пайда болу шарттарын ата ?

    3. Тұрақты электр тогы дегеніміз не?

    4.Тұрақты токтың қандай заңдарын білесіздер?

    5.Электр тогын сипаттайтын қандай физикалық шамаларды білесіздер?



    Есептер

    1. Электр тізбегі ЭҚК-і  6 В, ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және кедергісі 1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?

    2. Мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм. Сымның кедергісі неге тең?  ρ =0,017 Ом*мм2 /м   (Жауабы 0,85 Ом)

    Таблицаны толтырыңдар:

    Физикалық шама

    Белгіленуі

    Өлшем бірлігі

    Формуласы

    Ток күші










    Кернеу










    Кедергі










    Электр заряды










    Электр сыйымдылығы











    III. Жаңа тақырыпты өту:

    Жоспар:

    1. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын жариялау

    2. Жаңа сабақты түсіндіру


    1. Елімізде 2017 жылы не өтті? (ЭКСПО 2017 көрмесі)

    2. Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)

    3. Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)

    4. Қуат неге байланысты? (жұмыс)

    Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс өндіреді. Оны ток жұмысы деп атаймыз. Қыздыру шамының қылы, электр двигательдерінің орамалары және т.б. арқылы t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q заряд өтті делік.

    Сонда электр өрісі А=qU жұмыс өндіреді. q=It болғандықтан А= I U t . Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.

    Кез келген электр аспабы– электр шамы, электр двигателі т.б., уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға негізделген. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы зор.

    Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:



    IV. Бекіту: 1.Әр айдың соңында әрбір отбасы электр энергиясын төлеу үшін түбіртек алады.Парталарыңда электр энергиясын төлеу түбіртегінің үлгісі жатыр. Әрине электр энергиясының шығынын электр санауыштың көрсеткіші бойынша есептедік.Ал формулаларды пайдаланып электр энергиясының құнын қалай есептеуге болады?



    Мекен жайы:________________________________________

    Аты-жөні:__________________________________________

    Есептеу түрі

    Есеп көрсеткіші

    Шығын

    (кВт*сағ)

    Тариф,

    тг

    Төлемі

    (тг)

    Есеп көрсеткіші бойынша

    01.03.2015

    01.04.2015











    1234


    1328

    Барлық студенттердің алдында таратпалар жатыр.Әр электр аспаптарының 2 сағат ішіндегі тұтынған электр энергиясының құнын есептей керек.

    Аты-жөні___________________________________

    Аспап

    Қуат, Вт

    Кернеу, В

    Ток күші, А

    Уақыт, сағат

    Жұмыс,

    кВт*сағ

    Құны, тенге

    Электр шамы

    60

    220




    2







    Кір жуғыш машинасы

    1800

    220




    2







    Электр шәйнегі

    2400

    220




    2







    Шаңсорғыш

    1200

    220




    2







    Тариф= 8,38 тенге

    Электр энергиясын үнемдеңдер!
    Физикалық диктант

    1. Зарядталған б..........ң реттелген бағытталған қозғалысы э....р тогы деп аталады.

    2. Уақыт бойынша өзгермейтін т... тұ....ы ток деп аталады.

    3. Өт...гіштің кед..гісі- берілген өткізгіштің б...мен өтетін токқа жасайтын кедер..сін к..сететін шама

    4. Ті..ек бөлігі а..ылы өтетін ток к.ші кернеуге тура про..ционал, кедергіге к..і пропорционал.

    5. Ток күші А....рмен өлшенеді.

    6. Қ.ат деп жұ..сты атқару шап.аңдығын си...тайтын шаманы атайды.

    7. Эле..тр тог.ның жұм.сы – ток кү.і, кер..у және жұмысты іст.уге кеткен уақ..тың көбейтінді..не тең.

    Тестік тапсырмалар. 1 нұсқа.

    1. Электр тізбегіндегі  кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?

    А. Ток күші.  В. Кернеу. С. Кедергі. Д. Жұмыс. Е. Қуат.

    2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?

    А. 2 Ом. В.10  Ом. С. 4 Ом. Д. 18 Ом. Е. 3 Ом.

    3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?

    АТізбектей.  В. Аралас.  С. Параллель. Д.Біртіндеп.  Е. Тізбектей және біртіндеп

    4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?

    АТізбектей.  В. Аралас.  С. Параллель. Д.Біртіндеп.   Е. Параллель және біртіндеп

     5. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?

    А. 0,7 А.   В. 700 А.    С. 7000 А.   Д. 0,007 А.  Е. 0,07 А. 

    6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?

    А. R=U/I.   В. R=UI.   C. R=I/U. Д. R=ρS/L.   Е. m=kIt.

    7. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?

    А. психрометр.   В. термометр.   С. амперметр.   Д. конденсатор.

    Е. трансформатор.

    8. Үйкелген дененің   басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?

    А.  Греция.  В. Англия.  С.Ресей.  Д. Франция.  Е.Италия.

    9. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

    ААмперметр, тізбектей   В.Амперметр, параллель  С.Вольтметр,тізбектей.    

    Д. Вольтметр, параллель  Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.

    10. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?

    А. 120 В. В.  220 В.       С.360 В.  Д. 380 В. Е. 36 В.

    2 нұсқа.

    1. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?

    АТізбектей.  В. Аралас.  С. Параллель. Д.Біртіндеп.  

    Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.

    2. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?

    А. 6 Ом.  В. 5 Ом.   С. 1,5 Ом.  Д.2 Ом.

    Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.

    3. Электр тоғының  өлшем бірлігі қандай?

    А. Ампер.   В. Вольт.   С. Кулон. Д. Фарадей.  Е.Ом.

    4. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?

     А. Ом/ метр.   В. Ом*метр.   С. Ом.   Д. В/Ом. Е. А*Ом.

    5. Толық тізбек үшін Ом заңы бойынша қалай өрнектеледі?

    А. I=ε/R+r .  В. Q=I2 RT.   С. R=I/U.   Д. I=U/R.   Е.  R=ρS/L.    

    6. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?

    А. В        В.  А.   С. Вт.      Д. Дж.         Е.Ом.

    7. Ішкі кедергінің өлшем бірлігі қандай?

    А. Ом*м.   В. А.   С. Ом.  Д. Вт/с.  Е. Дж

    8. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 Ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?

    А150 В     В.15 В.             С. 6 В.       Д. 10 В.     Е.25 В.

    9. 10 кВ  кернеуді вольтпен өрнекте?

    А. 0,10 В. В. 10000 В. С. 100 В. Д. 1000 В. Е. 0,1 В.

    10.Зарядталған бөлшектердің электр өрісінің әсерінен реттелген қозғалысы қалай аталады?

    А. Аккумулятор. В. Электр өрісі. С. Электр шамы. Д. Электр тогы.

    Е. Генератор.

    Жауаптары:




    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    I

    нұсқа

    С

    А

    А

    С

    С

    А

    Д

    А

    А

    В

    II нұсқа

    С

    В

    А

    В

    А

    А

    С

    А

    В

    Д


    V. Қорытынды жасау: .

    1.Білімді жүйелендіру, қорытындылау

    2. Білімді бағалау.

    VI. Үй тапсырмасы: §9.8 («Менің пәтерім» кесте)

    Менің пәтерім

    Аты-жөні___________________________________

    Аспап

    Қуат, Вт

    Кернеу, В

    Ток күші, А

    Уақыт, сағат

    Жұмыс,

    кВт*сағ

    Құны, тенге







    220



















    220



















    220



















    220



















    220



















    220



















    220



















    220



















    220














    VII. Әдебиет / Литература:

    1.Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н.Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2006

    2.Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. Физика /Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2001


    написать администратору сайта