Пәні: Жаратылыстану Мектеп: №80 ІТ мектеп-лицей
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жер және Ғарыш Мұғалімнің аты-жөні: Нурила Қайырбекова
Күні: 18.01.2023ж Қатысқан саны:
Сынып: 1 «З» Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
|
Осы тақырыпта қол жеткізетін ОМ (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 1.4.2.1.-Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сиппаттау.
1.1.2.1.-Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу.
1.4.2.2.-Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары мен таныстыру.
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сиппаттау;
Көптеген оқушылар:
Ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;
Кейбір оқушылар: Қоршаған әлемнің құбылыстарын бақылау жүргізу.
|
Бағалау критерийлері
| 1.Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде түсінеді;
2.Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын біледі,сипаттайды;
3.Алған білімдерін өмірде қолданады;
|
Тілдік мақсаттар:
| Астрономия,ғарыш,Ай,Күн,Жұлдыз,Шоқ жұлдыз.
|
Құндылықтарды қалыптастыру:
| Оқушылар ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;
Олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қандай жаңалық ашуға болатынын анықтайды;
|
Пәнаралық байланыс
| Дүниетану,көркем еңбек
|
АКТ қолдану дағдылары
| Интербелсенді тақта, Лэпбук кітапшасы,Ғарышкерлер суреттері,скапандра мен ғарыш макеттері,плакаттар, Интернет-ресурстар.
|
Бастапқы бөлім
| Адамдар астрономияны ғарыш жайлы түсінік береді.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақта жоспарланған іс-әркеттер
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
| Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Шаттық шеңбер
«Сәлеметсіңдер ме!»-деп балалар мұғаліммен және бір-бірімен амандасады.
Қуан,шаттан,алақай!
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы күн достарым! Ай,күн,жұлдыз суреттері арқылы 3 топқа бірігеді.
1 топ: «Күн»
2топ: «Ай»
3 топ: «Жұлдыз»
Белсенді оқу ортасы.
Топтық жұмыс.
«Пазыл» әдісі арқылы
3 топқа да бірдей тапсырма беріледі.
Ұсынылған суреттердің бөліктері арқылы топқа бөлінеді және сол суреттер бойынша тақырыпты болжайды.
Қ.Б: смайлик арқылы бағалайды
Кері байланыс: Өте жақсы! Тамаша!
Интербелсенді тақтада Ғарыш жайлы.Ғарышкерлер жайлы бейнежазба қойылады.
Мұғалім түсіндірмесі. Ғарыштық скафандр авариялық-құтқару скафандры, ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр және аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандр болып бөлінеді. Авариялық-құтқару скафандрын ғарышкерлер ғарыш кемесі кабинасындағы атмосфера параметрлерінің есептелген мәннен ауытқуы кезінде пайдаланады. Ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр ғарышкерлерді метеориттерден, аса қызып кетуден не суынудан қорғайды. Аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандрдың көмегімен ғарышкер аспан денесінің бетінде өз бетінше қозғала алады. Оның сыртқы қабы жұмсақ және қатты болатын түрлері бар. Скафандр дың адамның буынына сәйкес келетін жерлерін топсалы етіп жасайды. Суыту жүйесі сумен суытылатын киімнен және суыту агрегаттарынан құралады. Скафандр дың шлемі жарық сүзгісімен жабдықталады.
Күн,Ай және жұлдыздарды бақылау ежелгі адамдарға көптеген астрономиялық жаңалықтарды ашуға көмектесті.
Адамдар кейбір жұлдыздар тобының белгілі бір бейне құрайтынын байқаған.Осылайша шоқжұлдыздар көмегімен кеңістікті бағдарлауды үйренді
Адамдар Айдың өз пішінін өзгертіп отыратынын байқаған.Сөйтіп,алғашқы Ай күнтізбелер пайда болды. Уақыт өте келе күнтізбелер өзгеріп отырды. Адамдар олардың көмегімен күннің тұтылуын алдын ала білген,егін егетін уақытты жоспарлаған. Ай күнтізбесінен кейін одан да дәл Күн күнтізбелер пайда болды.
Жұппен жұмыс.
Ұжымдық жұмыс.
«Лэпбук» әдісі арқылы орындайды.
Жұппен жұмыста екі оқушы Зымыран бөлшектерін желімдейді, ұжымдық жұмыста Ғаламшарларды жабыстырады. Қ.Б: скапандра суреті арқылы бағалайды.
Кері байланыс: мұғалім мадақтамасы
Топтық жұмыс.
Қиықтырылған суреттерді біріктіру. Рет-ретімен суреттерді ораналастырады.
Қ.Б: Зымыран суреті арқылы бағалау.
Кері байланыс.
Сараланған тапсырма
Мұғалім комегін көп қажет ететін оқушыға:
-Күнді 9 ғаламшар айналып жүреді,соның ішінде Жер нешінші болып орналасқан. (3 ші болып)
Мұғалім аз қажет ететін оқушыға:
Адамдар аспан денелерін қалай зерттеген? Қандай киім киіп ұшқан ? (Скафандра)
Дискриптор:
Аспанды қалай зерттегенін біледі. Ғарышкелер мен ғарыш туралы танысады. Ғаламшарлар жайлы түсінеді.
| Қимыл-қозғалыс
Суреттер арқылы
Смайлик
Интербелсенді тақта
«Лэпбук» кітапшасы
Қима суреттер
|
Сабақтың соңы
| Рефлексия
Ғарыш суреттері бар жұмыстарды жеке-жеке қарандаштарымен боя.
| Түрлі-түсті қарандаштар
|