Документ Microsoft Word. Поэзия, менімен егіз бе еді атты ісшараны сценарийі ткізілетін уаыты 01. 03. 2019ж саат 12 00 (Пролог) (Аулар йытаанда)
Скачать 20.62 Kb.
|
«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты іс-шараның сценарийі Өткізілетін уақыты: 01.03.2019ж сағат: 12:00 (Пролог) (Аққулар ұйықтағанда) (жүргізушілер шығады) Жүргізуші 1: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! Жүргізуші 2:Здравствуйте дорогие гости! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мукагали... Сегодня это имя символизирует казахскую поэзию.Мукагали... великий сын великой казахской земли и казахского народа.Это поэт современник поэтому нам кажется, что те кто сегодня к нам пришли на праздник чуточку знает, кто такой поэт М. Макатаев, и что представляет его творчество. Жүргізуші 1: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Поэзия патшасы – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Поэзия, сен менімен егіз бе едің? ” еске алу кешімізге қош келдіңіздер! Биография поэта Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады. Әкеміз бір әкеден жалғыз еді, Судағы жаңа біткен жалбыз еді. Мінеки, он ай болды хабары жоқ, Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді. Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында «Социолистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесшісі болып жұмыс істейді. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көреді. Увидев красивую картину природы невозможно не быть поэтом. Мукагали все эти картины природы описывал в своих стихах. Мукагали хорошо знал русский, немецкий языки. Он находясь в ауле через почту выписывал книги. Мукагали поэт, который читал мировую классику и перевел на казахский язык Данте, сонеты Шекспира, песни Уолта Уитмена. Жүргізуші 2: Мукагали Макатаев своими произведениями обогатил казахскую поэзию новым содержанием, поднял ее на небывалую высоту. Произведения Мукагали волнуют, вызывают душевный трепет у современных молодых людей также, как когда - то у их отцов. С песнями Мукагали люди укладывают детей в колыбели, стихи, песни Мукагали сопровождают людей на празднествах и торжествах. Произведения выдающегося, талантливого поэта Мукагали Макатаева будут вечно с народом. Жүргізуші 1: Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім. Қарауытқан таулардан сені іздедім. Саф алмастай поэзиясында бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Жүргізуші 1:Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, оның халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді. (поэзия оқылады «Отан» «Тропа» ,«Қара өлең», « Юность», «Үш бақытым», «Моя любовь во мне») Жүргізуші 1: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшылықта түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық. Жүргізуші 2: Аламан бәйгеде оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағалидің өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. (слайд) Жүргізуші 2: Есть стихи, написанные поэтом за его короткую жизнь, такие как «Лебедь во сне», «Раимбек» и «Моцарт». На стихи поэта написаны песни, и сердца публики были захвачены на современной сцене. Жүргізуші 1:Олай болса алдарыңызда Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған “Туған өлке» ” әні.Орындайтын______________ Жүргізуші 2: Әкеміз бір әкеден жалғыз еді, Судағы жаңа біткен жалбыз еді. Мінеки, он ай болды хабары жоқ, Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді. Жүргізуші 1:Мұқағалидың телеарналарда бейнесі сақталмапты. Сондықтан да кейінгі ұрпақ ақынды ойлана, жылы күлімсірей көз тастаған сыр шертер сары суреттердегі фотосы арқылы танып білмек. Жүргізуші 2:И одна радость-это его голос, который сохранился в «Золотом фонде» Казахского радио. И этот голос мы будем слушать вместе. (Мұқағалидың дауысымен өз өлеңі оқылады) Жүргізуші 1: Жақындық сеземін- Жерден де, аспаннан, Жылылық сезінем- Мұздардан, тастардан. Өмірім, сірә да, Арыдан басталған Әріден басталып мәңгіге тасталған. Осы мен өлмейтін шығарман, Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,- деген өлең жолдары бір көргендікпен сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә. Жүргізуші 2: Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй деген Абай атамыздың сөзімен алдарыңызда, ән: «Айтатын саған сырым бұл». Жүргізуші 1: Осымен ақын рухына арналған шығармашылық кешіміз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін. Жүргізуші 2: До скорых встреч! |