Масштаб. Практикалық жұмыс масштаб Геодезия Жадра. Практикалы жмыс 1 Масштаб бойынша есеп шыару Керекті ралдар
Скачать 0.53 Mb.
|
Практикалық жұмыс №1 Масштаб бойынша есеп шығару Керекті құралдар: қарындаш, өшіргіш, сызғыш. Жұмыстың мақсаты: масштаб бойынша картадағы кесінді ұзындығын анықтау және жердегі кесіндіні масштаб бойынша картаға салу. Жұмыстың орындалу тәртібі: Берілген сызықтық масштаб бойынша сәйкес сандық масштабты табу; Берілген сандық масштаб бойынша сәйкес сызықтық масштабты құру; Сандық масштаб арқылы есепті шығару. Карта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтіген кескіні. Жер бетінің шағын аймағының дәл кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план деп атайды. Пландағы, яғни картағы s кесінді ұзындығының жердегі тиісті S кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы (s/S) деп аталады. Сандық масштаб – алымы бірлік, ал бөлімі план немесе картада жергілікті жердегі сызықтардың горизонталь проекциясы неше есе кішірейтілгенін көрсететін сан болатын дұрыс бөлшек: мұндағы, М – сандық масштабтың бөлімі. Планды және картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қолжеткізуге болады. Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір 1—2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тіксызық болып табылады. Мұндағы шеткі солжақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлікке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкескеледі. Нөлдік сызықшадан оңға карай салынған кесінділер 1:2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға карай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы bdкесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес келеді. Масштаб
5 – нұсқа
|