Главная страница
Навигация по странице:

  • Жүйке жүйесі

  • Ақтөбе облысы бойынша ауру түрлерінің көрсеткіштері

  • 8 тапсырма

  • 8 тапсырма.

  • 10 тапсырма

  • прак рбот 4 Акт. прак_работа_каз 1. Практикалы жмысты орындауга арналан тапсырмалар 1 тапсырма


    Скачать 334.77 Kb.
    НазваниеПрактикалы жмысты орындауга арналан тапсырмалар 1 тапсырма
    Анкорпрак рбот 4 Акт
    Дата28.02.2022
    Размер334.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапрак_работа_каз 1.docx
    ТипДокументы
    #376458


    Практикалық жұмысты орындауга арналған тапсырмалар

    1 тапсырма Төменде берілген мәтінді теріп, оған келесі бет параметрлерін орнату керек:

    верхнее поле – 1,5 см, нижнее – 1,5 см, левое – 2 см, правое – 1,5 см, ориентация – альбомная. Абзац параметрлері: выравнивание – по ширине, отступ первой строки – 1,25 см, интервал перед – 0 пт, после – 6 пт. Негізгі мәтінді – шрифт Tahoma, өлшемі 12. Тақырыбы – выравнивание по центру, полужирный, өлшемі 14. Мәтін

    Жүйке жүйесі

    Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімінгр.neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

    Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарымқатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

    2 тапсырма

    Маркерленген тізім мысалы:

    Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері

    Жүйке жүйесі мүшелерін негізіненжүйке ұлпасықұрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына

    сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің

    • орталық бөлімінемижәнежұлын,

    • ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер:

      • жүйке түбіршіктері,

      • жүйкелер,

      • жүйке тораптары,

      • жүйке түйіндері(ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.



    Номерленген тізім мысалы:

    Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

    1. сопақшами;

    2. мишық(артқы ми);

    3. ортаңғы ми;

    4. аралық ми;

    5. алдыңғы ми сыңарлары.



    Көпдеңгейлітізім мысалы:

    І.Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым.

    1.1 Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым

    1.1.1.Жүйке жүйесінің құрылымы

    1.1.2. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі

    ІІ. Жүйке жүйесінің қызметінің дамуы.

    2.1. Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері

        1. Мидың ана құрсағында дамуы

        2. Мидың нәрестелік шақ кезеңінде дамуы

      1. Рефлекторлық қызметтің дамуы

      2. Шартсыз рефлекстердің қалыптасуы

    3 . Үлгі бойынша кесте құрыңыз және форматтаңыз. Тақырыбы – шрифт Times New Roman, 16пт, полужирный.

    Кесте 1



    №4 . Автофигуралар пайдаланып суреттер салыңыз (1-3 суреттер):

    а) б)

    сурет 1 сурет 2

    в)

    сурет 3

    5 тапсырма. 2019 жылғы тыныс ауруларының санын көрсететін диаграмма құрыңыз. Диаграмманы форматтаңыз. 4-кесте бойынша

    А бағанына ауру атауын енгізіңіз, Б бағанына – 2019 жылы ауырғандар санын.

    Кесте 4



    №6 . Диаграмма құрыңыз (4 сурет).



    4-сурет

    7 тапсырма. Үлгі бойынша кесте құрыңыз (5-сурет). Есептеулер жүргізіңіз

    Тақырыбы – шрифт Times New Roman, 14 пт, полужирный. Кестедегі шрифт - Times New Roman, 12 пт.

    Ақтөбе облысы бойынша ауру түрлерінің көрсеткіштері

    Ауру классы

    2017

    2018

    2019

    Барлыгы

    Ең кіші саны

    Ең үлкен саны

    Жұқпалы аурулар

    54

    51

    51

    ?

    ?

    ?

    Ісіктер

    35

    37

    37

    ?

    ?

    ?

    Эндокриндік жүйе аурулары

    47

    48

    52

    ?

    ?

    ?

    Жарақат және улану

    97

    102

    103

    ?

    ?

    ?

    5-сурет

    8 тапсырма: Мәтінді теріп және әртүрлі жазу стильдерін пайдалану арқылы форматтаңыз.

    Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері)

    және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).

    Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшелерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.

    Рефлекс, рефлекстік доға. Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді.

    Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.

    8 тапсырма. Мәтінді теріңіз. Интернеттен Гиппократ, Аполлон, Асклепий, Гигиея, Панакеянің суреттерін көшіріп алып, оны өз папканыңызға салып жәг\не мәтінде сол суреттерге гиперсілтеме жасау қажет.

    Гиппократ серті

    «Аполлондәрігердің,Асклепийдің,ГигиеяменПанакеяныңжәне түрлі тәңірлердің атына атап, оларды куә ете отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік ілімін үйреткен ұстазымды атаанаммен бірдей көріп, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы ілімді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға тіс жармаймын. Науқастарға зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, бар шама-шарқыммен оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

    Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; сонымен қатар, әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, ілімде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де науқастың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер, азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.

    Емдеу кезінде, сондай-ақ, емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе естігенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, ілімде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.»

    10 тапсырма

    Үлгі бойынша медициналық құжат құрыңыз:



    11 тапсырма. Үлгі бойынша өз резюмеңізді құрыңыз.


    написать администратору сайта