дх. Гидросфера 13 апта практика портал. Практикалы саба 13 Таырыбы Суды рамындаы мысты спектрофотометриялы діспен анытау
Скачать 16.13 Kb.
|
Практикалық сабақ №13 Тақырыбы: Судың құрамындағы мысты спектрофотометриялық әдіспен анықтау. Жұмыстың мақсаты. Судың құрамындағы мыстың мөлшерін анықтау. Құрал мен реактивтер: Мыстың стандартты ерітіндісі (Т=2 мг/мл); NH4OH(конц.). Өлшеугіш колбалар (50 мл), пипеткалар, спектрофотометр Жұмыстың барысы: Анықтау әдістемесі. Калибрлық графикті құрастыру. 50 мл 5 өлшеугіш колбаларға 1,0; 2,5; 4,0; 5,5; 7,0 мл мыстың стандартты ерітіндісін құяды. Әр бір колбаға 5 мл ден концентрлі аммиак ерітіндісін қосады және колбадағы көлемді 50 мл ге дейін дистиллденген сумен жеткізеді. Колбадағы ерітінділерді араластырады және спектрофотометрде ертітінділердің оптикалық тығыздығын өлшейді. Толқын ұзындығы (l=550-570 нм). Салыстыру ерітінді ретінде дистиллденген суды алады. 2. Зерттеуге алынған суды анализдеу. 10 мл зерттеуге алынған суды 50 мл өлшеугіш колбаға құяды, оған 5 млконцентрлі аммиак ерітіндісін қосады және колбадағы көлемді 50 мл ге дейін дистиллденген сумен жеткізеді. Ерітіндіні араластырады және спектрофотометрде ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді. 3. Алынған нәтижелерді кестеге жазып, графикті тұрғызады.
Графикті келесі координатадарда тұрғызады: ох осінде - мыстың мөлшері, оу осінде - оптикалық тығыздық. Калибрлық график бойынша зерттеуге алынған судағы темірдің мөлшерін анықтайды. Тапсырма: Зертханалық журналған жұмыстың әдістемесі жазу. Реакция тендеулерін жазу. Жұмысты орындауға қажетті реактивтерді дайындау есептеулерін жасау. Мыстың стандартты ерітіндісін қандай қосылыстан дайындайды? Есептеу жолын келтіру. Тәжірибені орындауға қажетті құралдың суретін салу. Жұмыстың байқауларын теория жүзінде жазу. Кюветаны таңдау ережесін жазу. Жұмысты орындау барысында қандай қалындығы бар кюветаны қолданамыз? Стандартты ерітінділердің құрамындағы мыстың мөлшерін қалай есептейміз? Есептеулерінді жазу. Графикті миллиметрлі қағазға салу. Калибрлық график бойынша зерттеуге алынған судағы мыстың мөлшерін анықтау. Сулы ерітіндегі мыстың қосылыстарына жалпы сипаттама беру. Мысты анықтау әдістерін сипаттау. Мысты анықтаудың аммиакты әдісіне толық сипаттама беру. Талдауға кедергі жасайтын заттарға сипаттама беру. Мыстың тірі ағзаларға үшін маңыздылығын жазу. Мыстың судағы санитарлық-нормативтік мөлшерін келтіру. "Ауыз судың сапасы" тақырыбы бойынша теориялық материалды оқып білу. "Ауыз судың сапасы" тақырыбы бойынша конспектіні дәріс дәптерлеріне жазу. |