1глоссарий Пренатальды диагностика.Тұқым қуалайтын патологияның. Пренатальды диагностика. Тым уалайтын патологияны алдын алу
Скачать 69.18 Kb.
|
Глоссарий Тақырыбы: Пренатальды диагностика.Тұқым қуалайтын патологияның алдын алу Орындаған: Қабылдаған: Тобы: Шымкент қаласы УД – скрининг нәрестетың дамуы және ана қанының сарысулық факторларының скринингі инвазивті емес деп саналады,яғни жатыр қуысына хирургиялық енудің қажеті жоқ. Амниоцентез — инвазивті емшара, амниотикалық қабыққа пункция жасап, нәрестетың суын лабораториялық зерттеуге немесе амниотикалық қуысқа дәрілерді енгізу мақсатында жүргізіледі. Плацентобиопсия – бұл пренатальды диагностиканың инвазивті әдісі. Бұл арқылы плацента тінінің микроскопиялық бөліктерін – жасушаларының үлгісін аламыз. Хорионбиопсия – жүктіліктің 12 аптасына дейін жасалады. УД бақылаумен жатыр мойнының каналына катетр енгізеді. Кордоцентез – нәрестетан қан алу мақсатында УДЗ бақылау арқылы нәрестетың кіндігінің қантамырларына пункция жасау. Жүктіліктің 20 аптасынан кейін жасалады. Преимплантациялық генетикалық диагностика (ПГД) — жүктілік басталуының алдында жатыр қуысына адам эмбрионын қондыруына дейін генетикалық ауруларды анықтау. Медико-генетикалық кеңес (МГК) – медициналық көмектің арнайы түрі – тұқымқуалайтын ауруларды алдын алудағы ең кеңінен таралған әдісі. Генеалогиялық анализ – медико-генетикалық кеңестің бірінші және ең маңызды этапы – белгінің тұқым қуалау типін анықтауға мүмкіндік береді, бұл қауіпті есептеудегі ең бастысы. Онтогонез – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Эмпирикалық қауіп - тәжірбие жүзіндегі бақылау және популяциялыстатистикалық зерттеулердің нәтижесіне негізделген. Гаструла—ұрық екі қабатты қап тәрізді қуыстан (гастроцель) және оны сыртқы ортамен байланыстыратын бластопор тесігінен (алғашқы ауыздан) тұрады. Антенатальді ұрықтың өлімі – жүктілік кезінде ұрықтың өлімі. Бластула— бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған қуысты ұрық. Бластуланың құрылысы мен пішіні жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады. Инвагинация немесе ішіне тартылу-бір қабат ұрық (бластула) қабырғасының ішке қарай тартылу нәтижесінде қос қабатты ұрық түзіледі. Генотерапия (грек. genotherapia – гендік терапия) — медициналық бөлім генетика, эксперимент барысында мүмкін болатын терапия генетикалық ақауларды түзету арқылы тұқымқуалайтын ауруларды емдеу. |