Айдынн. Презентация Фармацевтикалы жне токсикологиялы химия кафедрасы Жоспар 01 02 03 04 Кіріспе
Скачать 2.24 Mb.
|
Тақырыбы:Макролидтер мен азалидтер антибио-тиктерінің туындылары. Презентация Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Жоспар01 02 03 04 Кіріспе Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер 05 Макролидтер тобының антибиотиктері, азалидтер: эритромицин, азитромицин (сумамед) және макролидтерге әсері ұқсас линкомициндер: линкомицин гидрохлориді, клиндамицин. Табиғи алу көздері және алу әдістері. Жалпы физикалық-химиялық қасиеттері, сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Бұл топтағы құрылымында 14-16 атомнан тұратын макроциклды лактондық сақинасы бар антибиотиктерді макролидтер(эритромициндер, кларитромицин және тағы баскалары) деп атайды және макроциклды лактондық сақинада қосымша азот атомы бар антибиотиктерді азалидтер (азитромицин) деп атайды. Макролидтер агликоны - эритронолид, ол 13 көміртек атомнантұратын циклдық жүйе (14- мүшелі лактонды сақина): А, В, С эритронолидтерді ажыратады: Эритронолид В эритронолид А -дан 12 жағдайда гидроксилдің жоқтығымен ажыратылады, ал эритронолид C – кейбір функционалдық топтардың кеңістікте орналасуымен ғана ажыратылады.А, В, С табиғи эритромициндер - макролид антибиотиктердің қосындысы. Оларды Streptomyces erythreus штаммалар шығарады.Негізгі құрамын А эритромицин құрайды.
Эритромицин А, эритромицин В және эритромицин С-ныңжиынтық мөлшері құрғақ затқа есептегенде 93, 0 % -дан кем емес және 102% -дан артық емес; эритромицин В - 5,0 %-дан артық емес;эритромицин С-5,0 %-дан артық емес. Азалидтер агликоны - 13 көміртек атомнан және 10 жағдай-дағы азот атомынан туратын циклдік жүйе (15- мүшелі лактонды сақина): Макролидтер және азалидтер агликондарына В-гликозидбайланыс арқылы дезоксиқанттар (аминоқант, бейтарап қанттар)тіркеледі. Аминоқанттар (дезозамин)агликон молекуласына 5 жағдайдағы, ал бейтарап қанттар (кладиноза, микароза) 3 жағдайдағы гликозид байланыс арқылы тіркеледі. А, В, С эритромициндердің және жартылай синтетикалық туынды кларитромицинің құрамында аминоқант дезозамин (3-диметиламин-4,6 - дидезоксигексопираноза) бар. Олар бейтарап қанттардың мөлшері бойынша өзара ажыратылады: А және В эритромициндер, жартылай синтетикалық туындылар азитромицин және кларитромицин құрамында кладиноза бар, ал С эритромициндерінде - микароза. Сипаттама және ерігіштік
Талдаулар жүргізу
Тазалығын бақылауЭритромициндегі тектес қоспалар сұйық хроматографиямен анықталады: хроматографияға арналған бөлшектерінің өлшемі 8 мкм болатын сополимер және стирол-дивинилбензолмен толтырылған бағана (0,25м х 4,6мм); қозғалмалы фазасы: күкірт қышқылмен рH9,0±0,05 дейін жеткізілген 50 мл 35 г/л дикалий гидрофосфат ерітіндісіне, 400 мл су, 165 мл 2-метил-2-пропанол, 30 мл ацетонитрил қосылған және сумен 1000 мл көлеміне жеткізілген. Эритромициндегі қоспалардың шектік мөлшері:
Тазалығын бақылауАзитромициндегі тектес қоспаларды сұйық хроматография әдісімен анықтайды: хроматографияға арналған бөлшектерінің өлшемі 5 мкм аморфты кремний органикалық эндкипирленген полярлы тігілген октадецилсилилді полимермен толтырылған өлшемі0,25м х 4,6мм бағана; қозғалмалы фазасы: pН-ы 6,5-ке дейін фосфор қышылы-ацетонитрил-су (10:35:55) қоспасымен келтірілген 34,84 г/л дикалий гидрофосфаты ерітіндісі. Азитромициндегі қоспалардың шектік мөлшері:
ҚолданылуыЭритромицин бактериялдық ақуыздардың синтезін ингибирлейді, бактериостатикалық әсер көрсетеді, белгілі мөлшерлерде кейбір микроб түрлеріне бактериоцидтық әсер көрсете алады.Эритромицинге қараганда кларитромицин АІЖ-ын аз тітіркендіреді және жақсы абсорбцияланады. Стрептококтар және стафилококтар қатарларына және кейбір басқа микро ағзаларға кларитромициннің белсенділігі эритромицннен 2-4 есе асып түседі деп болжамданылады. Азитромицинің белсенділігі эритромицинге қарағанда 2-4 есе төмен, бірақ, белгілі анаэробты микроағзаларға оның белсенділігі өзге макролидтерге қарағанда жоғары.
Макролидтерге әсері ұқсас линкомициндерлинкомицин гидрохлориді(линкоцин) клиндамицин Сипаттама және ерігіштік
Идентификация
ҚолданылуыЛинкомицина гидрохлорид (300 мг/мл) Линкомицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған, ағымы ауыр инфекциялық-қабыну ауруларында: - сепсис, остеомиелит, сепсистік эндокардит - пневмония, өкпе абсцессі, плевра эмпиемасы - жарақаттық инфекция - пенициллин және басқа да антибиотиктерге төзімді стафилококк штаммдары мен басқа да грамоң микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда резервтегі антибиотик ретінде Клиндамицин (100 мг) - жатыр мойнының жұқпаларында - эндометритте - түтік пен аналықбез абсцесінде - препаратқа сезімтал микроорганизмдерден болған сальпингитте, пельвиоперитонитте Сақтау: Б тізімі бойынша жақсы тығындалған шыны құтыда, құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды. |