презентация мед био. Презентация жоары жйке жйесіні ызметіне жалпы сипаттама. Нерв процестеріні асиеттері. Жоары жйке жйесіні типтеріне физиологиялы сипаттама, жіктелуі
Скачать 1.22 Mb.
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне жалпы сипаттама. Нерв процестерінің қасиеттері. Жоғарғы жүйке жүйесінің типтеріне физиологиялық сипаттама, жіктелуі Қабылдаған:Бақбергенова А Тобы:1901-21 Орындаған:Қуанышбек А Жоспары: І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім А) Жүйке жүйесінің қызметтері В) Нерв прцестері туралы мәлімет ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе: Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Жүйке жүйесінің қызметі.Жүйке жүйесінің міндеті – жеке бөліктердің өзара әсері барынша тиімді болу үшін жеке мүшелер мен жүйелердің жұмысын ұйымдастыру. Яғни, жүйке жүйесі жеке бөліктердің жұмысын ұйымдастырып, оларды тұтас ағзаға айналдырады.Қарапайым мысал келтірейік. Егер жануар жүгірсе, оның бұлшық еттеріне көп энергия қажет. Демек, тыныс алу және қан тамырлары жүйесі де жа- сушаларды оттекпен қамтамасыз ету үшін белсенді болуы керек. Сонымен қатар органикалық заттар ыдыраған кезде түзілген артық жылу мен шлактан белсенді түрде арылу қажет. Теріде тамырлардың ұлғаюы, оның қызуы мен тер бөлуі белсенді түрде жүреді. Осы үдерістердің барлығы жүйке жүйесі қатысында жүзеге асырылады. Жүйке жүйесінің қатысынсыз мүшелер жұмысын үйлесімді бақылау мүмкін емес.Жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Жүйке жүйесінің мүшелері (жұлын, ми, барлық жүйке) жүйке ұлпаларынан тұрады. |