Театр өнері
Тақырыбы:
Презентация
| Мектеп:
|
Күні:12.02.2018ж
| Мұғалімнің аты-жөні: Галимов Е.С
|
Сынып: 3-сынып
| Қатысқан оқушы саны:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың оқыту мақсаттары:
| 3.3.3.1. Өз жұмысының (эскиз, бұйым және т.б) негізгі идеясын және үдерісін арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру
|
Күтілетін нәтиже
| Барлық оқушылар:
-терминология мағынасын түсінеді;
-жұмыстарын қарапайым деңгейде жүзеге асырады;
-Оқушылардың көпшілігі:
-жұмыс идеясын тұжырымдайды;
-жұмысты оқылған материал негізінде орындайды;
Кейбір оқушылар:
-мақсаттар мен нақты міндеттерін қояды;
-жұмыс тақырыбы мен орындау техникасын айқындайды;
-жүзеге асыру барысын сипаттайды;
-нәтижесін талқылайды;
|
Тілдік мақат.
| Негізгі терминдер:
Жоба, жұмыс, жоба идеясы, жоба тақырыбы, театр, сахна, процесс, нәтиже.
Сұрақтар:
Театр дегеніміз не?
Театрда кімдер ойнайды?
Сахна қандай болады?
Сахнадағы декорация деген не?
|
Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
1. Көңілді әуен орнату 2- 3минут
| Ұйымдастыру сәті.
Оқушыларға әуен тыңдату, өз ойларын айтқызу.
| Үлгілер, жұмыс үлгілері, презентациялар. Оқушылар үшін: қаламдар, альбом, қайшы, бояулар.
|
2. Мақсат қою. 2-5минут
| Сабақтың мақсаты: «Бетперде жасауды үйрету» мұғалім оқушыларға қызықты шығармашылық жұмысты орындауды үйрететінін жариялайды.
1. Қандай бетперде жасаймын?
2. Ақпарат жинау (ойын жинақтау)
3. Бетпердемен жұмыс
4. Қорытындылау
5.Нәтижені хабарлау
|
|
Сабақтың ортасы. 26-30минут
| Мұғалім жас суретшілерге олардың міндеті осы тақырып бойынша шығармашылық жұмысты дайындау және өз сыныптарының алдына ұсыну үшін оны әдемі безендіру болып табылатынын түсіндіреді. Мұны қалай істеуге болады?
Осы жастағы балалар үшін ақпарат жинау жаңа және өте күрделі іс болып табылады. Сондықтан мұғалім қажетті білімді алудың көп тәсілдері бар екенін ескертеді (балалардан ойланып, жаңа ақпаратты қайдан алуға болатынын сұрайды)
Қорытындылау.
Осы кезеңде оқушылардың қандай жаңа және қызықты ақпарат алғанын анықтап, жұмыс тақырыбы бойынша өз зерттеулері негізінде осыны айта және көрсете алады. Жұмыс істеу барысында шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды. Өз жасаған бетпердені түсіндіру.
Оқушы үшін өз жұмысын:
-Мен өзімнің бетпердем туралы...деп басталу керек
Шығармашылық жұмыстардың нәтижесі бойынша хабарларды оқушылар өзара білім алысуы ретінде қарауы қажет.
|
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия 2-3 минут
|
|
|
Қосымша ақпарат.
Өзім үшін
| Сәтті
| Сәтсіз
|
|