Презентация. Презентация Орындаан Тасан Нурдаулет Тобы ет 117
Скачать 453.32 Kb.
|
ТриггерлерПрезентацияОрындаған:Тасан Нурдаулет Тобы:ЕТ– 117 ЖоспарТриггерге қысқаша түсінік Триггер түрлері 1.Зерде элементі триггер.RS – триггер 2.Цифрлық (логикалық)элементтерден құралған триггерлер 3.D - триггерлер 4.JK- триггерлер 5.T – триггерлер
Триггерлер Зерде элементі триггер.RS – триггер Цифрлық (логикалық)элементтерден құралған триггерлер D - триггерлер JK- триггерлер .T – триггерлер Цифрлы схемалардағы триггер өзінің құрамында триггердің жеке өзінен /Т/ және триггердің функциялық мүмкіндіктерін анықтайтын логикалық басқару құрылғысынан /Б/ тұрады. Электрондық есептеуіш машинасының элементі ретінде триггер екілік информациясының жазылуын, сақталуын, қайта оқылуын, өшірілуін және индикация жасалуын қамтамасыз етеді. D – триггер деген атау ағылшын сөзі «delay» — кідірту дегеннен шыққан. Триггердің шартты белісінде көрсетілгендей (86, а суретте ), оның бір информациялық кірісі бар. Осы триггер 7 – шындық кестесіне сәйкес қарапайым логика бойынша жұмыс істейді. Сондықтан триггерлердің шығысындағы жағдай оның кірісіндегі күйге сәйкес болады, бірақ осы арада кіріс сигнал кідіртіледі. Ең көп қолданыс тапқан, И – НЕ логикалық элементтерінен құрылған (86, б сурет) синхрондық D – триггерлер. Информациялық кіріс D-әрәпімен белгіленіп, ал синхрондайтын С-әріпімен белгіленеді, D–триггер С=1сигналымен синхрондалады. JK триггерлерінде екі информациялық J K кірісі бар. RS триггері сияқты JK триггері J K кірістері арқылы Q шығысында 1 немесе 0 жағдайы болады. Бірақ RS триггерінен ерекшелігі, JK триггеріне J = K =1 берілсе Q шығысында, қарама–қарсы күйге ауысады, яғни JK триггері С кірісіндегі потенциалдық төменлеуінен синхронизацияланады. Т триггері немесе есептік триггері С кідірісіндегі импульс шебі арқылы шығысындағы күйі өзгереді. Синхронды С кідірісінен басқа да дайындық Т кірісі де бар. Бұл кірістегі сигнал (Т=1-де) рұқсат береді немесе (Т=0 кезінде) С кірістегі импульс шебінен триггердің жұмысына тиым салады. Т триггерінің функционерленуі мына теңдіктен анықталады: Qn+1=Tn+ Qn (8.8) Бұл теңдіктен шығатыны, Т=1 кезінде сәйкесінше С кірісіндегі сигнал шебі Т триггерін қарама–қарсы күйге ауыстырады. Т триггерінің шығысындағы патенциалдық өзгеру жиілігі жиілігінен екі есе аз болады. Бұл қасиеті бойынша Т триггері негізінде екілік санауышты жасауға болады. Сол себепті бұл триггерларды есептік деп аталады. Есептік триггер Т кірісінсіз Т=1 кезіндегі Т триггері сияқты болады. |