бөлімі: 4.3В Бөлім – Презентация
|
Сынып: 4
| Қатысушылар саны:
| Қатысушылар саны:
|
Сабақ тақырыбы
| Презентациядағы дыбыстар
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
| 4.2.4.2 белгілі бір тақырыпта фотосуреттер, дыбыстар және бейнелерді пайдалану;
4.2.3.3 презентацияға дыбыс пен бейнені кірістіру;
|
Сабақ мақсаты
| Барлық оқушылар: слайдқа мәтінді, суреттерді және дыбыстарды кірістіре алады
Басым көпшілігі: слайдтағы нысандарға, дыбыстарға жандандыру әсерлерін қолдана алады
Кейбір оқушылар: слайдқа дыбыстарды енгізіп, дыбыс параметрін қоя алады
|
Жетістік критерийлері
| Оқушылар:
Слайдқа нысандарды енгізе алады (дыбыс,мәтін, сурет, анимация) Дыбыс және бейне жандандыруын келтіре алады
|
Тілдік мақсаттар
| Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:
мультимедиа мультимедиа клиптері
Академиялық тілді дамыту үшін қолданылатын сөз тіркестері:
Қандай көздерден/қандай құрылғылардың презентацияға арнап дыбыс ала аламыз? Слайд арасында жылжу кезеңіңде дыбыс қажет пе? Дыбыс баптауын жалғастыру үшін ...
|
Құндылықтар
| Сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу, сонымен бірге ашықтық оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады; осындай жұмыстың мақсатына қоса пәндік білімнің қалыптасуымен көпшіл тұлға ретінде шығармашылықпен және сыни ойлай ала білетін, ұжымда жұмыс істеуге дайын және ел алдында көрсетілім мен талқылау үшін ұжымдық жұмыстың нәтижесін көрсете алатындай әр оқушының әрі қарай дамуы болып табылады. Жеке жұмыс көлемінде тапсырманы орындау «Академиялық адалдық» құндылығына негізделеді.
|
Пәнаралық байланыс
| Әдебиеттік оқу, музыка
|
Осыған дейін меңгерілген білім
| Оқушылар мәтін, презентация, сурет өңдейтін қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасай алады; өз жұмыстарын ашып, өңдеп және сақтай алады;
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланатын уақыт
| Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
| Дереккөздер
|
1 мин 2 мин
| І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу, көңіл күйін сұрау.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Жаңа тақырыпты ашу
Балалар экраннан қандай сурет көріп тұрсыздар? Бұл құрылғылар не шығарады?
|
|
10 мин
10 мин
1 мин
5 мин
5 мин
| ІІ. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Презентациядағы дыбыстар
Бағдарламаны ашып көрсете отырып түсіндіру.
Жалпы балалар біз осы кезге дейін слайдқа нысандарды, яғни суреттерді, мәтіндерді енгізу үшін Кірістіру (Вставка) мәзірін қолдандық. Енді осы дыбыстарды енгізу үшін де Кірістіру (Вставка) мәзірін қолданамыз.
Кірістіру (Вставка) мәзірінде дыбыс батырмасы орналасқан. Сол батырманы басамыз. Шағын мәзір ашылады. Мәзірден Дыбысты файлдан (Звук из файла) командасын орындаймыз.
Дыбысты қою (Вставка звука) терезесінен қажетті дыбысты көрсетіп енгіземіз.
Оқушыларға практикалық жұмыс орындату.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Презентацияда слайд-шоу жасаған кезде, фондық режимде ойнайтындай етіп музыка қосуға болады. Егер сен Интернеттегі музыканы пайдаланғың келсе, әдеттегідей оны компьютерге жүктеп аламыз.
Көрсетілім. Презентацияны көрсету кезінде музыканы ойнату.
Кірістіру → Дыбыс
Ойнату → Бастау → Барлық слайдтар үшін
Автоматты түрде батырмасы- барлық слайдтар үшін слайд-шоу кезінде дыбыстық файлды автоматты түрде ойнатуға мүмкіндік береді.
Анимация → Анимация аймағы
Аудиофайлдарды жазу және тыңдау үшін компьютерде дыбыстық карта, микрофон және колонка болуы керек.
Жеке жұмыс.Тапсырма.
«Қоршаған орта және дыбыстар» тақырыбына 4-5 сладйтан тұратын презентация жаса.
Дескриптор:
- Power Point программасын іске қосады;
-берілген тақырып бойынша Интернеттен ақпарат жүктейді;
-жүктелген ақпараттпен презентация жасайды;
-презентацияға дыбыс кірістіру командаларын қолданады.
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық, 100-бет «Ой бөлісейік» тапсырмасы.
Дескриптор:
-берілген кестеден тақырыпқа байланысты атауларды табады.
-үлгіге қарап , мағынасын анықтайды
Оқушыларды ауызша мадақтап, бағалаймын. Сергіту. Оқушыларға көз және қол жаттығуларын жасату
|
Оқулық
Үлестірме қағазы
Үлестірме қағазы Оқулық
|
5 мин
1 мин
1 мин
| Сабақты қорытындылау
Электронды оқулықпен жұмыс.
Оқушылар электронды оқулықтан презентациялар бөліміндегі «Презентациядағы дыбыстар» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындайды Үй тапсырмасы: Презентацияға дыбыстарды слайд аяқталғанша қою алгоритмін жазу. Оқулықтан «Презентациядағы дыбыстар» тақырыбын оқу. § 23, жұмыс дәптері 39-40-бет
Рефлексия: «Жетістік баспалдағы». Оқушылар сабақтан алған әсерлеріне қарай қажетті жерге белгі соғады.
|
4 – сыныпқа арналған электронды
оқулық
Слайд
Слайд
|