Бөлім
| Презентациялар
(ортақ тақырып: «Қоршаған ортаны қорғау»)
|
Педагогтің аты-жөні
| Тельманова Балауса
|
Күні:
| 07.02.2023ж
|
Сынып:
| 4 а, б, в
|
Сабақтың тақырыбы
| Презентацияларға арналған ақпарат. Жоба құру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау;
4.3.1.1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі);
4.3.2.1браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);
|
Сабақтың мақсаты
(саралауға көңіл бөлу керек)
| Слайдтың макеттерін таңдау жолдарын үйренеді
Интернеттен ақпарат іздеуді үйренеді
Браузер параметрлерін қолданады
|
Бағалау критерийлері
| Слайдтың макеттерін таңдау жолдарын біледі
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
1-кезең: Сабақтың басы: Ұйымдастыру
5 Мин
| Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосфересын құру
| Сабаққа дайындығын пысықтайды
Сабақтың тақырыбын мақсатын
|
|
|
2-кезең: сабақтың ортасы: теориялық-практикалық бөлімі
| Жаңа тақырыпты меңгеру .
Онлайнмектеп платформасындағы бейне сабақты көреді
Компьютермен жұмыс.
Тапсырма: Интернетті іске қосып, Google Chrome браузерін ашыңдар. «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері» тақырыбында қажетті ақпаратты ізде.
| Оқушылар теориялық сабақты көре отырып, тақырыптың теориялық бөлімімен танысып, ережелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады.
Ол үшін:
Іздеу серверін таңда. Мысалы, yandex.kz іздеу алаңына «Қоршаған орта мәселелрі» тақырыбын жазып, іздеуді жүзеге асыр. (1-сұлба. 3-әдіс). Қажетті деп тапқан сайттарды Google Chrome браузерінің Бетбелгісіне (Закладка) қос (5-сурет). Ол үшін, браузерінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Настройка браузера...-Закладка командаларын орында (4-сурет). Қажетті сайт адресі браузердің пайдаланушыға қолжетімді жеріне орналасқанын көресің.
| Кері байланыс жүргізіледі Дескриптор
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Іздеу серверін таңдап, «Қоршаған орта мәселелрі» тақырыбын жазып, іздеді.
-Қажетті деп тапқан сайттарды Google Chrome браузерінің Бетбелгісіне (Закладка) қосты.
|
|
3-кезең: Сабақтың соңы: рефлексия
|
| Оқушылар сұрақтарға жауап береді
-Не білдім, не үйрендім?
-Нені түсінбедім ?
-Нені үйрену керекпін?
| Өткенді қайталау
| Өзіне өзі кері байланыс беру
| Информатика 4-сынып
Арман-ПВ 2019 ж
|
Сабақты талдау (жоспардан нені өзгерту керек?)
|
Сабаққа рефлексия
Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты нақты болды ма?
ОМ барлық оқушыра үшін қолжетімді болды ма?
Егер жоқ болса, не үшін?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерің өз уақытымен өткізілді ме?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқушылықтар болды? Неге?
|
|