Главная страница

Презентациядағы анимация қмж. Презентациялар (орта таырыпоршаан ортаны орау) Педагогті атыжні Иман . Т кні


Скачать 16.26 Kb.
НазваниеПрезентациялар (орта таырыпоршаан ортаны орау) Педагогті атыжні Иман . Т кні
Дата08.03.2022
Размер16.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПрезентациядағы анимация қмж.docx
ТипПрезентация
#386850




Бөлім :

Презентациялар (ортақ тақырып:Қоршаған ортаны қорғау)

Педагогтің аты-жөні :

Иман Ә.Т

Күні :

07.03-10.03.2022ж

Сынып : 4

Қатысушылар саны :

Қатыспағандар саны :

Сабақтың тақырыбы :

Презентациядағы анимация

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.2. Презентациядағы нысандардың анимациясын келтіру

4.2.1.2 құжатқа сурет енгізу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

• Презентациядағы нысандарға анимацияны енгізу

Оқушылардың басым бөлігі:

• Анимацияға эффекттіні қосу

Кейбір оқушылар:

• Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша жылжыту

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі







Сабақтың ортасы

35 мин.

Презентацияны көріп шығып, конспект жазу.
Презентацияларға қозғалыс түрлерін енгізіп, жандандыра аламыз. Ол үшін пайдаланылатын әсерлер:

• слайдтар арасындағы ауысулар;

• анимациялар.

Анимация (лат.anima – «жандану», «тірілу») - мультимедиалық технология. Қозғалыстағы нысанды бейнелеу әсері.

Анимацияларды баптау

PowerPoint программасында анимацияларды баптау үшін мына әрекеттерді орындау керек: Анимация => Анимацияны қосу (Добавить анимацию).

Презентацияда анимациялық әсер жасаудың төрт түрі бар:

Кіру әсерлер.

Ерекшелеу әсерлер. Бұл әсердің құрамына нысанның өлшемін кеміту немесе ұлғайту, түсті өзгерту, оның ортасында айналу әрекеттері кіреді.

Шығу әсерлері.

Қозғалыс жолы әсерлері. Бұл әсерлерді нысанды жоғарыға, төменге, солға, оңға немесе жұлдызды шеңбер бағытына қарай қозғау үшін (басқа әсерлер арасында) қолдануға болады.
Анимация әсеріне кез келген нысанға қолдануға болады;

• Әр нысанға бірнеше әсер қолдануға болады;

• Презентация кезінде әр әсердің қосылу жолын тағайындауға болады;

• Әр әсердің бір немесе бірнеше түрі бар: анимация басы, масштаб, жылдамдық, қозғалыс бағыты, шамасы және т.б.

28 қазан – Халықаралық анимация күні. 1892 жылы осы күні француз суретшісі және өнертапқышы Эмиль Рено өзінің «оптикалық театрын» халыққа таныстырды. Көрермендер алғаш рет анимациялық фильм көрді.
Сұрақтар:

1. Анимациялық әсерлерді қалай қосамыз?

2. Анимациялық әсердің қандай түрлері бар?

3. Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша қалай жылжытуға болады?

Тапсырма:

110 бет

Ой бөлесейік

Самат пен Саят «Ауа тазалығы» деген тақырыпқа презентация жасады. Екеуінде де слайдтар саны бірдей, бірақ Саят презентациясында нысандарына анимация қолданды. Презентация көрсеткенде, уақыттары бірдей бола ма? Неге? Ойыңмен бөліс.

110 бет, Үйде орындайық

Тапсырма:

Шеңберден тақырыпқа байланысты 4 сөз оқы. Оқыған сөздеріңді дәптеріңе жаз.
Мен бүгін ___________ білдім

Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)




Компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін білу

Компьютер құрылғыларын білуі

Берілген тапсырмаларды орындау

Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындау




Оқушылардың жауап беруіне қарай смайликтермен бағалау

Практикалық тапсырмаларды орындау барысына қарай бағалау


Интернет,

Презентация

«25 САБАҚ. Презентациядағы анимация 4 сынып» (1-6 слайд),

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы (106-108 бет)


Сабақтың соңы

5 мин.

Үйге тапсырма: Презентациядағы анимацияны қайталап көреміз











написать администратору сайта