лчдч. 1- валеология каз. Приложение 3 Форма Поурочный план
Скачать 183.88 Kb.
|
Приложение 3 Форма «Поурочный план» САБАҚ ЖОСПАРЫ №1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Денсаулық пен денсаулық сақтау негіздері Сабақ мақсаты: Адам өміріндегі денсаулықтың маңызды рөлін оқушылар санасында қалыптастыру, және денсаулық бағалай білу туралы түсінік беру. Сабақтың міндеттері: - Физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық туралы түсінік беру. - Денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру. Сабақтың түрі (типі): дәстүрлі, психотренинг элементтері, әңгімелесу. Көрнекіліктер, жабдықтар:оқулық, инт.тақта. Сабақтың барысы I Ұйымдастырушылық: Журналмен жұмыс, кезекшімен сұхбат, жаңа сабақтын мақсатын және тақырыбын айту. Сабаққа дайындықты тексеру. II Сабақ барысы 1. Бой сергіту. «Танысу» атты тренинг. Мақсаты: топтағы өзара таныстықты арттырып, жағымды көңіл-күйді дамыту.Қатысушылар шеңберге орналасып, шеңбер бойынша кезектесіп өздерінің атын және сүйікті жемісін айтады.Келесі қасында отырған қатысушы алдындағы қатысушының атын, сүйікті жемісін айтады.Келесі қатысушы екі алғашқы қатысушының айтылғанша соңына дейін жалғасады. 2. «Ми шабуылы». Сұрақ: Денсаулық деген не? Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Сонан соң, оқытушы оқушыларды денсаулық тұжырымдамасын анықтауға шақырады. Сонымен қатар, оқытушы БДҰ-ның жарғысы бойынша, «денсаулық - аурулар мен физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық, жан-сезімдік және әлеуметтік саулық жағдайы болып табылатындығын» хабарлайды. Бірақ, бұл анықтама денсаулықты қауымдастық пен дербес деңгейде бағалу үшін қолданылуы мүмкін емес. БДҰ-ның пікірінше, медико-санитарлық статистикада дербес деңгейде денсаулықтағы пайда болатын ауытқушылықтар мен сырқаттардың жоқтығы түсіндірілсе, қауымдастық деңгейінде – өлім-жітім, ауру мен мүгедектік деңгейінің төмендеу барысы түсіндіріледі. 3. «Физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулық түсінігі» оқытушының шағын-дәрісі. Мысал мазмұн. Денсаулықтың үш түрін бөліп көрсетеді: физикалық, психикалық және өнегелі. Физикалық денсаулық – бұл ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері қалыпты жұмыс жасауға негізделеген оның табиғи жағдайы. Егер барлық ағза мүшелері мен жүйелері жақсы жұмыс атқарып тұрса, онда адамның бүкіл ағзасы (өзін-өзі реттеу жүйесі) дұрыс дамып, қызмет жасауда. Психикалық денсаулық бас миының жағдайына байланысты, ол ойлау сапасымен және оның деңгейімен, эмоциялы тұрақтылық дәрежесімен, көңіл мен есте сақтаудың және ерік-жігер қасиетінің дамуымен сипатталады. Өнегелі денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын моральдық қағидалармен, яғни белігі бір адамдардың қоғамындағы өмірмен анықталады. Адамның өнегелі денсаулығының ең жақсы белгілері болып, ең бастысы - еңбекке деген саналы көзқарас, мәдениет құндылықтарын меңгеру, қалыпты өмір салтына кереғар болатын әдеттер мен дағдылардан белсенді түрде бас тарту болып табылады. 4. Денсаулықтың үш түрі: физикалық, психикалық және өнегелі -әлеуметтік. Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар: 1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий; 2. Психикалық денсаулықтың, критериі — маған қажет заттардын. Бәрін «өзім тауып аламын «; 3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек». Денсаулыкты корсететін негізгі белгілер: 1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда больш қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы; 2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші; 3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер. 4) Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі; 5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі. Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; — денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі. 1-3 топ адам денсаулығына әсер ететін жағымды факторларды атауға және талқылауға тапсырма алады, ал 2-4 топтар – жағымсыз факторларды алады. Сонан соң, әрбір топ өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады. Таныстыру жұмыстарын талқылап болған соң оқытушы оқушылармен бірге қандай факторлардың денсаулыққа жағымды, қандайы жағымсыз әсер ететіндігі туралы қорытынды жасайды. 5. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) негізгі төрт факторларының тобы. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) сарапшылары негізгі төрт тобы ретінде мынадай факторларды анықтағандығын оқытушы хабарлайды: -генетикалық факторлар -қоршаған ортаның жағдайы -медициналық қамтамасыз ету -адамдардың өмір салты мен жағдайы. Денсаулықтың көрсеткіштеріне әр түрлі жағдайлардың әсер ету күші адамның жасына, жынысына және индивидуалды-типологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Содан кейін қорытындыны кесте түрінде рәсімдеуге болады. 6. Адамның денсаулығына әсер етуші факторлар. Кесте. III Үйге тапсырма«Денсаулық кодекс» жазу. IV Рефлексия Әдебиет: Дорожкина Л., Сауранбаева М., «Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі күшейтілген компонентті енгізу бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік құрал (Шығыс Қазақстан облысының пилоттық колледждеріне арналған) ,2014ж. http://psu.kz/images/stories/pdf/valeologia6.pdf |