Сабақтың кезені/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Ұйымдастыру
| 1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа терминдік сөздер
Мәселе – Задача - Problem
Кіріс мәліметтері – Входные данные – Input data
Шығыс мәліметтері – Выходные данные – Output data
Нәтиже – Результат - Result
| 1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
| Жұмыс дәптері
|
Жаңа сабақ
| Мәселені қалыптастыру кезеңі – есеп шығарудағы ең алғашқы кезең.
Мәселені қалыптастыру –кіріс және шығыс мәліметтерін сипаттайтын есеп шартының нақты құрылымы
Есептің кіріс мәліметтері – есепті шешу үшін пайдаланылатын мәліметтер
Есептің шығыс мәліметтері – есепті шешу нәтижесінде алынған мәліметтер
№1.Сынып бөлмесінің ұзындығы (а) және ені (b) берілген. Осы бөлменің периметрі (Р) мен аудан (S) есептейтін сызықтық программа құр. Есептің алгоритмі : тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табу үшін математикадан белгілі Р= 2(a+b) және S=a*b формулаларын қолданамыз.
№2.Фигураны экран бетіне шығарыңыз
№3.Python программалау тілінде с=60*m минуттағы секунд анықтайтын программа құрыңыз
| Мұғалімді тыңдайды
| Оқушыларды ынталындыру мақсатында сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі бойынша бағалайды
| Оқулық, жұмыс дәптерлерікомпьютер
|
Бекіту
| Сұрақтарға жауап береміз
Мәселені қалыптастыруды қалай түсінесіңдер? Мәселені қалыптастыру кезеңдерін атаңдар Проблеманы анықтау мақсатында қандай сұрақтарға жауап беру қажет?
|
| Ауызша мадақтау
|
|
Кері байланыс
| Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, өз ойларын, пікірлерін жазады
| Мұғалім оқушыны мадақтау арқылы бағалауы
| Оқушыларды ынталындыру мақсатында сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі бойынша бағалайды
| слайд
|
Үй тапсырмасы
| Сұрақтарға жауап берейік.
| Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сабақ барысында не түсінгенін және сабақ жайлы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады
|
|
|