Информатика 8 сынып 4 тоқсан
Тақырыбы
| Проблеманы анықтау.
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1- программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру.
| Жұмыс барысы
| Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешудің кезеңдері бойынша есептің моделін құрастыруды үйрету.
| Сабақты түсіндіру
| Программалау ортасында берілген есепті орындау қандай кезеңдерден тұрады?
Программалау ортасында берілген есептер негізінен белгілі бір оқиға немесе құбылысты компьютерде модельдеуден тұрады (1-сұлба).
Lazarus-та «Ағашты тең бөліктерге бөлу» жобасын қарастырайық.
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/792 сілтемеден толық ақпаратты көруге болады. «Алматыкітап баспасы», 2018ж(137-142б)
| Тапсырма
| 1. Берілген есептің шартын дұрыс түсіну. Есеп шарты бойынша екі шарт туындайды: 1-шарт: Ұзындығы N метр ағашты М бірдей бөлікке бөлу. 2-шарт: Бірдей бөлікке бөлу мүмкін болмаған жағдайда бөліктердің ұзындық айырмашылығы бірден артық болмайтын бүтін бөліктерге бөлу. Есепте басқа жағдай туындамайды. Өйткені ағашты бөлікке бөлуде міндетті түрде осы екі шарттың бірі орындалады.
2. Есептің математикалық моделін құрастыру. Берілген 1-мысалдан көрініп тұрғандай N саны М-ге қалдықсыз бөлінсе ғана ағашты тең бөліктерге бөлуге болады. Яғни, 1-шарттың орындалуы үшін NmodМ=0 шарты қанағаттандырылуы тиіс. Егер бұл шарт орындалмаса, онда есептің нәтижесі 2-шарт бойынша табылады. Егер берілген мысалдарға қарасақ, есептің орындалуында өзіндік заңдылық бар екені байқалады.
2-мысалды қарастырайық. 13 санын 4-ке бөлгенде бөлінді 3-ке, қалдық 1-ге тең болды. Есептің жауабы (К=3) ретінде К-ны М–Р рет, яғни 3 рет және Р рет (К+1)-ді жауап ретінде шығару керек. Бұл заңдылықты басқа да жағдайларға тексеруге болады.
3. Алгоритмін құрастыру. Есептегі негізгі заңдылықты тауып, математикалық моделін жасап алдық. Бұл есептің программасын жасау үшін оны жүйелеп, қадамдарға бөлуіміз қажет. Әрбір қадамда орындалатын командалар тізімін жоспарлаймыз.
4. Жоба пішінін құрастыру. Жобаның пішінін құрастыруда Edit, Image, Label, Button компоненттерін таңдадық. Image компонентін таңдауда мақсат есепке иллюстрация кірістіру арқылы көрнекілігін арттыруды жоспарладық (1- сурет).
5 . Алгоритмді программа тіліне аудару. Жоспарланған алгоритм бойынша есептің программасын құрастырдық. Программаны құрастыру барысында қолданылған барлық компоненттердің бір-бірімен үйлесімді жұмыс жасауын үнемі қадағалап отыру қажет.
6. Деректерді енгізу және тестілеу. Жоба дайын болғанда оны іске қосамыз. Жоба іске қосылғанда 2-суреттегі жобаны орындау пайда болады. Деректерді енгізу барысында назар аударатын жайт – есептің шартында берілген шектеулерден тыс деректер енгізілмеуі тиіс.
| Үйге тапсырма
| 5.1 тақырыпты оқу
Сұрақтар
1.Программалау ортасында берілген есепті орындау қандай кезеңдерден тұрады?
2.Жобаның компонентін таңдауда қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсың?
| Информатика 8 сынып
4 тоқсан
Тақырыбы
| Алгоритмді құру.
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1-программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;
8.3.2.1-алгоритм трассировкасын жүзеге жүзеге асыру.
| Жұмыс барысы
| Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешуде қарапайым алгоритмдерді тиімді қолданудың жолдарын үйрету
| Сабақты түсіндіру
| Алгоритм дегеніміз – берілген есепті шешуге арналған қатаң анықталған әрекеттер тізбегі. Алгоритмнің негізгі қасиеттеріне тоқталайық (1-сұлба)
Алгоритмді сипаттаудың бірнеше түрлері бар
Алгоритмді сөз және формулалар көмегімен сипаттау. Алгоритмнің графикалық сипатталуы, яғни алгоритмді арнайы графикалық схемалар – блок-сызбалар көмегімен сипаттау. Алгоритмді жалған код арқылы сипаттау. Жалған код дегеніміз – алгоритм қадамының нақты программалау тілі. Операторларын қолданбай қарапайым тілмен сипатталуы.
Алгоритмдерді есеп шығаруда қалай қолдануға болады?
Есеп шығару барысында үнемі кездесіп, қайталанып отыратын алгоритмдер бар. Мысалы, ең үлкені, ең кішісін анықтау, арифметикалық орташасын табу, санның цифрларын бөліп алу және т.б. Мұндай қарапайым алгоритмдер программалаушылар тарапынан зерттелген. Күрделі есептерді шығару оларды кішігірім тапсырмаларға жіктеп алу керек. Кішірек тапсырмаларды орындау барысында дайын алгоритмдерді қолдануға болады.
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/793 сілтемеден толық ақпаратты көруге болады. «Алматыкітап баспасы», 2018ж(143-148б)
| Тапсырма
| Мысалы, қарапайым есеп қарастырайық.
Зауытта жұмыс жасайтын N жұмысшының айлық жалақы-ларының мөлшері берілген. Осы жұмысшылардың арасынан ең аз және ең көп жалақы мөлшерін анықтаңдар. Ең көп, ең аз жалақы алатын жұмысшылардың айлықтарындағы айырмашылығын табыңдар. Зауыт жұмысшыларының орташа жалақысын есептеңдер.
Есепті шешуде бізге қажет болатын алгоритмдер:
N санның ең үлкенін табу алгоритмі;
N санның ең кішісін табу алгоритмі;
Орташа жалақы мөлшерін анықтау алгоритмі.
Пішімге төмендегі суреттегідей батырмаларды орналастырамыз
Орындау батырмасына келесі кодты енгіземіз
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
i, n, x,max,min,g:integer; d:string;
s,sr:real;
begin
n:=StrtoInt(Edit1.text);
max:=0; min:=maxint;
for i:=1 to n do
begin
d:=inputbox('','','');
val( d,x,g);
if max < x then max:=x;
if min > x then min:=x;
s:=s+x;
end;
edit2.text:=InttoStr(max);
edit3.text:=InttoStr(min);
sr:=s/n;
edit4.text:=FloattoStr(sr);
end; end.
F9 пернесін басып, программаны орындатып көріп, нәтижесін аламыз
| Үйге тапсырма
| 5.2 тақырыпты оқу
Сұрақтарға жауап жазу
1.Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?
2.Алгоритмді сипаттаудың қандай түрлері бар?
3. Стандартты алгоритмдерді программалау процесінде қолданудың маңызы неде?
|
Информатика 8 сынып
4 тоқсан
Тақырыбы
| Алгоритмді құру.
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1-программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;
8.3.2.1-алгоритм трассировкасын жүзеге жүзеге асыру.
| Жұмыс барысы
| Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешуде қарапайым алгоритмдерді тиімді қолданудың жолдарын үйрету
| Сабақты түсіндіру
| Алгоритм дегеніміз – берілген есепті шешуге арналған қатаң анықталған әрекеттер тізбегі. Алгоритмнің негізгі қасиеттеріне тоқталайық (1-сұлба)
Алгоритмді сипаттаудың бірнеше түрлері бар
Алгоритмді сөз және формулалар көмегімен сипаттау. Алгоритмнің графикалық сипатталуы, яғни алгоритмді арнайы графикалық схемалар – блок-сызбалар көмегімен сипаттау. Алгоритмді жалған код арқылы сипаттау. Жалған код дегеніміз – алгоритм қадамының нақты программалау тілі. Операторларын қолданбай қарапайым тілмен сипатталуы.
Алгоритмдерді есеп шығаруда қалай қолдануға болады?
Есеп шығару барысында үнемі кездесіп, қайталанып отыратын алгоритмдер бар. Мысалы, ең үлкені, ең кішісін анықтау, арифметикалық орташасын табу, санның цифрларын бөліп алу және т.б. Мұндай қарапайым алгоритмдер программалаушылар тарапынан зерттелген. Күрделі есептерді шығару оларды кішігірім тапсырмаларға жіктеп алу керек. Кішірек тапсырмаларды орындау барысында дайын алгоритмдерді қолдануға болады.
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/793 сілтемеден толық ақпаратты көруге болады. «Алматыкітап баспасы», 2018ж(143-148б)
| Тапсырма
| Практикалық жұмыс
Дариға үйінің айналасындағы шарбақты боямақшы. Онын 5 түрлі бояуы бар. Дариға шарбақты қандай түске бояу керектігін анықтау үшін шарбақ ағаштарына әр түсті бояуды жағып шықты. Нәтижесінде бүкіл шарбақ әртүрлі түске боялды. Дариға шарбақты бірдей түске қайта боямақшы. Бұл жұмысқа ол мүмкіндігінше аз күш жұмсағысы келеді. Дариғаға көмектес. Дариғаның шарбақтарындағы ағаштар саны N (N<100) және 1..5 аралығында 5 түстің біріне боялған шарбақ түсі берілген. Есептің жауабы ең аз боялатын шарбақтар саны.
Тапсырманы орындауда 1-суретте көрсетілгендей жобаның орындалуы басталған кездегі пішіні берілген. 2-суретте жобаның аяқталып, нәтижесі суреттелген. Жобадағы нәтиже есептің 1-мысалына сәйкес келеді
«Ағаш шарбақтың бөліктерін енгізу» батырмасын екі рет шертіп, төмендегі кодты жазамыз
procedure TForm1. Button1Click(Sender: TObject); var n,i,max,k,z,z1,z2,z3,z4:longint; s,l:string; begin z:=0;z1:=0;z2:=0;z3:=0;z4:=0; s:=inputbox(‘Ағаш шарбақтың бөліктерінің саны’,’Ағаш шарбақтың бөліктерінің санын енгіз’); val(s,n); for i:=1 to n do begin s:=inputbox(‘Ағаш шарбақтың бөліктерінің түсі’,’Ағаш шарбақтың‘ +inttostr(i)+’бөлігінің түсін енгіз’); val(s,k); case k of 1: inc(z); 2: inc(z1); 3: inc(z2); 4: inc(z3); 5: inc(z4); end; end; max:=z; if z1>max then max:=z1; if z2>max then max:=z2; if z3>max then max:=z3; if z4>max then max:=z4; edit1.text:=inttostr(n-max); end;
F9 пернесін басып, программаны орындатып көріп, нәтижесін аламыз
| Үйге тапсырма
| 5.2 тақырыпты оқу Сұрақтарға жауап жазу
1.«Ағаш шарбақты бояу» жобасында қандай компоненттер қолданған? 2. Программалау процесінде ең маңызды нәрсе не? Дәлел келтір.
|
Информатика 8 сынып
4 тоқсан
Тақырыбы
| Алгоритмді программалау.
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;
8.3.3.2-программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компонентерін білу және қолдану;
8.3.3.1-таңдау және қайталау операторларын программаның өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану.
| Жұмыс барысы
| Алгоритмнің түрлері мен оларды программа құруда пайдалануды үйрету
| Сабақты түсіндіру
| Алгоритмді графикалық тілде көрсету немесе блок-сызбалар
Өткенді қайталау
Алгоритмді графикалық түрде блок-схемалар арқылы көрсету оның логикалық құрылымын графикалық түрде бейнелеу болып саналады. Мұнда мәліметтерді өңдеудің әрбір кезеңі атқарылатын операцияға сәйкес түрлі геометриялық фигуралар (блоктар) түрінде беріледі.
Алгоритмді блок-сызба түрінде бейнелеу оны жазудың графиктік тәсіліне жатады.
Алгоритмдерді блок-сызба түрінде қолдануда блоктар арасын бағытталған кесінділермен біріктіріп отырады. Бұл әдіс арқылы есепті шешу қай бағытта жүріп жатқанын көрсетеді.
Алгоритмдер құрылымына қарай 3 түрге бөлінеді.Сызықтық, тармақталу, циклдік. Бүгінгі сабақта сызықтық және тармақталған алгоритмді қарастырамыз.
Сызықтық алгоритмдер – тармақталу мен қайталану әрекеттері жоқ, барлық әрекет тізбекпен, бірінен соң бірі табиғи реттілікпен бір реттен орындалатын алгоритмдік құрылым (1-сұлба). Тармақталу алгоритмдер – бастапқы қойылған шарттың орындалуына қарай есептеулер жүргізудің бірінші немесе екінші жолымен жүруін көрсететін алгоритмдік құрылым (2-сұлба). https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/794 сілтемеден толық ақпаратты көруге болады. «Алматыкітап баспасы», 2018ж(150-154б)
| Тапсырма
| 1-мысал. Екі таңбалы N саны берілген. Осы санның цифрларының қосындысы тақ па, жұп па? Анықтаңдар. Егер тақ болса, онда жауапқа «1», жұп болса, «0» шықсын.Пішімге мына төмендегідей компонеттерді орналастырамыз
«Орындау» батырмасына төмендегі кодты орналастырамыз.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
s ,n,k:integer;
begin
n:=StrtoInt(Edit1.text);
s:= n div 10 +n mod 10;
if s mod 2 =1 then k:=1 else k:=0;
Edit2.text:=InttoStr(k);
end;
e nd.
F9 пернесін басып, программаны орындатып, нәтижесін аламыз.
| Үйге тапсырма
| 5.3 тақырыпты оқу
Сұрақтарға жауап жазу
1.Алгоритмді ұсынудың қандай тәсілдерін білесің?
2.Алгоритмді графикалық тұрғыдан ұсыну деген не?
3.Алгоритмді графикалық түрде ұсынуға көмектесетін қандай блок-сызбалар бар?
| Информатика 8 сынып
4 тоқсан
Тақырыбы
| Алгоритмді программалау.
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;
8.3.3.2-программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компонентерін білу және қолдану;
8.3.3.1-таңдау және қайталау операторларын программаның өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану.
| Жұмыс барысы
| Алгоритмнің түрлері мен оларды программа құруда пайдалануды үйрету
| Сабақты түсіндіру
| Алгоритмді графикалық тілде көрсету немесе блок-сызбалар
Өткенді қайталау
Алгоритмді графикалық түрде блок-схемалар арқылы көрсету оның логикалық құрылымын графикалық түрде бейнелеу болып саналады. Мұнда мәліметтерді өңдеудің әрбір кезеңі атқарылатын операцияға сәйкес түрлі геометриялық фигуралар (блоктар) түрінде беріледі.
Алгоритмді блок-сызба түрінде бейнелеу оны жазудың графиктік тәсіліне жатады.
Алгоритмдерді блок-сызба түрінде қолдануда блоктар арасын бағытталған кесінділермен біріктіріп отырады. Бұл әдіс арқылы есепті шешу қай бағытта жүріп жатқанын көрсетеді.
Алгоритмдер құрылымына қарай 3 түрге бөлінеді.Сызықтық, тармақталу, циклдік. Бүгінгі сабақта циклдік алгоритмді қарастырамыз.
Циклдік алгоритм – бастапқы қойылған шарт орындалғанша қайталанатын командалар тізбегін көрсететін алгоритмдік құрылым. Цикл көмегімен программа құру программаны жазу процесін жеңілдетеді (3-сұлба). https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/794 сілтемеден толық ақпаратты көруге болады. «Алматыкітап баспасы», 2018ж(150-154б)
| Тапсырма
| 1-мысал. S=1+3+5…+n тізбектің қосындысы анықтайтын программа құру.
П ішімге мына компонеттерді орналастырамыз. «Орындау» батырмасына төмендегі кодты жазамыз.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var n,x:integer;
s:longint;
begin
n:=StrtoInt(Edit1.text);
s:=0; x:=1;
while x<=n do
begin
s:=s+x;
x:=x+2;
end;
Edit2.text:=InttoStr(s);
end;
end.
F9 пернесін басып, программаны орындатып, нәтижесін аламыз.
| Үйге тапсырма
| 5.3 тақырыпты оқу
«Жылы күндер» жобасы Қазақстанда наурыз айында күн жылынып, көктем кіре бастайды. Әйтседе 3-4 күн жылы болса, 2-3 күн суытып, температура жиі ауысып тұрады. Наурыз айындағы N (1≤ N≤31) күннің температурасы а (–30≤а≤ 30) берілген. Осы күндер ішінде ең ұзақ жылы күнді анықтау жобасын жасаңдар.
| Информатика 8 сынып
4 тоқсан
Тақырыбы
| Программаны тестілеу
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;
8.3.2.1алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
| Жұмыс барысы
| Программа жұмысының тиімділігін тексеріп, сынықтан өткізуді үйрету
| Сабақты түсіндіру
«Алматыкітап баспасы», 2018ж(155б-161б)
| Тестілеу (test ағылшын сөзі «сынау» деген мағына береді) дегеніміз – программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау, тексеру.
Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне-бірі ұқсамайтын екі кезең:
жөндеу кезінде программадағы синтаксистік қателіктер алып тасталады; тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі.
Тестілеу қателіктің бар екендігін айқындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.
Тест дегеніміз – алғашқы деректердің кейбір жиыны және осы деректерге сәйкес келетін программа жұмысы кезінде пайда болатын барлық нәтижелердің дәл сипаттамасы.
Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де, оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестілер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.
Тестілеу процесінің кезеңдері
Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады.
1. Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу алдымен болжанады.
2. Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жайттағы тестілік деректер дегеніміз – алғашқы деректер жиынының шегаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуі тиіс алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы мұндай деректердің типтік мысалдары болып табылады.
https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/795 сілтеме арқылы толық ақпарат алуға болады
| Тапсырма
| «Бөлгіштер»
Программаның әрбір тестіге жауап беру уақыты 2 секундтан аспайды.
Берілген b натурал саны а санына қалдықсыз бөлінсе, онда а саны b санының бөлгіші болады. Мысалы, 15 санының 4 бөлгіші бар: 1, 3, 5, 15. Әрбір берілген b саны үшін оның бөлгіштер саны жұп немесе тақ сан болатынын анықтаңдар. Берілген N (1 < N <= 105) және b саны берілген. Әрбір берілген b (1 <= b <= 1018) үшін бөлгішінің саны жұп сан болcа 0, бөлгіші саны тақ сан болса 1 санын шығар.
Бұл есепке қолданатын тиімді алгоритм ретінде берілген саннан √b квадрат түбір алу қажет. Егер сан квадрат түбірден бүтін шығатын болса, онда бұл санның бөлгіштері тақ сан, әйтпесе жұп сан болады.
Мысалы: 36-дан квадрат түбірден 6 шығады. Оның бөлгіштері саны 9: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 12, 18, 36. Ал, 40-тан түбір 6,324.... Оның бөлгіштер саны 8: 1, 2, 4, 5, 8, 10, 20, 40.
П ішімге мына компонеттерді орналастырамыз. «Орындау» батырмасына төмендегі кодты орналастырамыз
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
b:longint; i,n:integer;
s:string;
begin
n:=StrtoInt(Edit1.text);
for i:=1 to n do begin
s:=inputbox('b- engiz','','');
val(s,b);
if sqrt(b)=int(sqrt(b))then ShowMessage('1') else ShowMessage('0');
end;
end;
end.
| Үйге тапсырма
| 5.4 тақырыпты оқу
Сұрақтарға жауап жазу
1.Программаны тестілеу дегеніміз не?
2.Программаны тестілеу қандай кезеңдерден тұрады?
3.Тестілеу барысында қандай қате түрлерін анықтауға болады?
| Информатика 8 сынып 4 тоқсан
Тақырыбы
| Программаны тестілеу
| Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары
| 8.3.1.1программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру;
8.3.2.1алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
| Жұмыс барысы
| Программа жұмысының тиімділігін тексеріп, сынықтан өткізуді үйрету
| Сабақты түсіндіру
«Алматыкітап баспасы», 2018ж(155б-161б)
| Транслятор таба алмайтын қателіктер
Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғанымен, транслятор таба алмайтын көптеген қателіктер болады.
Осындай қателіктердің мысалдарын келтірейік.
Логикалық қателіктер:
шартты тексеруді дұрыс көрсеткенмен, оның алгоритмнің нақты тармағын орындауға өту жолын дұрыс көрсетпеу;
мүмкін болатын шарттарды толық есептемеу;
программада алгоритм блоктарын орындау үшін қажет болатын бір немесе бірнеше шамаларды қалдырып кету.
Циклдерде кездесетін қателіктер:
циклдің басын дұрыс көрсетпеу;
циклдің аяқталу шарттарын дұрыс көрсетпеу;
итерация санын дұрыс көрсетпеу;
шексіз цикл.
Енгізу-шығару қателіктері; деректермен жұмыс істеудегі қателіктер:
деректердің түрін дұрыс бермеу;
талап етілген аз немесе көп деректерді оқуды ұйымдастыру;
деректерді дұрыс нәтижеге шығармау.
Айнымалыларды пайдалануда кететін қателіктер:
айнымалыларды олардың бастапқы мәндерін көрсетпей, типін таныстырмай пайдалану;
бір айнымалыны басқа айнымалының орнына қате көрсету.
Массивтермен жұмыс істеуде кететін қателіктер:
алдын ала нөлге келтірілмеген массивтер;
дұрыс сипатталмаған массивтер;
индекстерінің берілу реттілігі қате массивтер.
Арифметикалық операцияларды орындауда кететін қателіктер:
а https://www.opiq.kz/kit/15/chapter/795 сілтеме арқылы толық ақпарат алуға болады йнымалының түрін дұрыс көрсетпеу (мысалы, нақты айнымалының орнына бүтін айнымалыны көрсету);
-әрекеттер ретін дұрыс анықтамау;
-нөлге бөлу;
-теріс санның квадрат түбірін табу;
-санның разрядтық мәнін жоғалту.
Осы қателіктердің бәрін программаны тестілеу барысында анықтауға болады.
| Тапсырма
| П ішімге төмендегідей етіп компоненттерді орналастыру қажет.
« Орындау» батырмасына төмендегі кодты енгіземіз.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var
p,a,k,b:integer; s:longint;
begin
p:=Strtoint(Edit1.Text);
a:=Strtoint(Edit2.Text);
k:=Strtoint(Edit3.Text);
b:=Strtoint(Edit4.Text);
s:=((p-a)*b)+ (a*k);
edit5.Text:=InttoStr(s);
end;
end. F9 пернесін басып, программаның нәтижесін аламыз.
| Үйге тапсырма
| 1. 5.4 тақырыпты оқу
2. Жұмысшылар 5 сағатта N тетік дайындауы тиіс. Олар жұмыс бастаған алғашқы сағатта X тетік дайындайды және қалған тетіктердің әрбірін дайындауға T минут уақыт жібереді. X,N жәнеT ( X≤N≤15, T≤240) Жұмысшылар 5 сағатта қанша тетік дайындап үлгереді?
| |