Главная страница
Навигация по странице:

  • Қажетті құралдар

  • Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

  • Бекіту мысалы

  • Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  • Зертханалык 2. Программа рылымы жне Math класымен танысу. Мліметтер типі мен рылымы, операциялармен танысу жне олдана білу


    Скачать 213.5 Kb.
    НазваниеПрограмма рылымы жне Math класымен танысу. Мліметтер типі мен рылымы, операциялармен танысу жне олдана білу
    Дата14.10.2021
    Размер213.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЗертханалык 2.doc
    ТипПрограмма
    #247384

    Зертханалық сабақ № 2

    Тақырып: Арифметикалық операциялар. Шартты оператор.

    Сабақ мақсаты: IDLE интегралды ортасы, негізгі командалары, программа құрылымы және Math класымен танысу. Мәліметтер типі мен құрылымы, операциялармен танысу және қолдана білу.

    Тапсырма 1:

    1. Нақты x,y сандары берілген. Функцияның мәнін есептейтін программа құр,

    мұндағы fn=x2 +|x+y|;

    1. Зат салмағы граммен берілген. Салмақты тоннамен, килограммен анықтаңыз.

    2. Информация көлемі байтпен берілген. Өлшемді килобайтқа, мегабайтқа аударыңыз.

    3. Нақты х, у сандары берілген. Функцияның мәнін есептейтін программа құр. Мұндағы Z=1/(XY) Х және У 0-ге тең емес

    1. x және y айнымалыларының кез келген мәндері үшін келесі функцияның мәнін есептеу программасын құрыңыз: z=x3-2,5xy+1,78x2-2,5y+1.

    2. ax+b=0 (a 0) сызықтық теңдеуінің шешу программасын құрыңыз.

    3. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген.Периметрін табыңыз.

    4. Екі бүтін сан берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз.

    5. Екі сан берілген. Олардың модульдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табыңыз.

    10. Төртбұрыштың қабырғалары берілген. Оның периметрін және диагональ ұзындығын табыңыз.

    1. Жазықтықтағы екі нүктенің координаттары белгілі. Олардың ара қашықтығын табу программасын құрыңыз.

    2. Үшбұрыштың төбелерінің координаттары берілген. Үшбұрыштың периметрін және ауданың табыңыз.

    13. а нақты саны берілген. Тек көбейту амалын қолданып а6 мәнін үш операцияда алу керек.

    1. а нақты саны берілген. Тек көбейту амалын қолданып а3 және а10 мәндерін төрт операцияда алу керек.

    2. Екі орынды сан берілген. Оның ондықтарының санын табыңыз.


    Қажетті құралдар: ДК, Python бағдарламалау тілі

    Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

    1. Әдiстемелiк нұсқаулармен танысу.

    2. П рограмманы іске қосу үшін \\Негізгі меню\\Программалар \\Python 3.4\IDLE (Python GUI) командаларын орындаймыз. IDLE ортасының интерфейсі 1 суретте кӛрсетілген.


    1 сурет. IDLE ортасы

    Жаңа программа құру үшін \File\New file командаларын орындаймыз. Программа мәтіні ашылған терезеде теріледі. Программаны ашу үшін \\File\\Open командалары орындалады. Программаны сақтау үшін \\File\\Save командаларын орындаймыз. Қосымша орындалу үшін \\Run\Run Module командаларын немесе F5 клавишін таңдаймыз

    Бекіту мысалы. Үшбұрыштың әр қабырғаларының ұзындықтары берілген. Үшбұрыштың периметрін және Герон формуласы бойынша ауданын есептеңіз. Бер.: a,b,c:N;
    Табу керек: P- ? S-?

    Программа коды:

    • -*- coding: utf-8 -*-import math

    • үшбұрыш қабырғаларын енгізіңіз-- a=int(input( ))

    b=int(input( )) c=int(input( )) p=int(a+b+c) pr=float((a+b+c)/2)

    print('Үшбұрыш периметрі p=',p) s=math.sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c) print('Үшбұрыш ауданы s=',s)

    Программаның орындалу интерфейсі 2 суретте кӛрсетілген.




    1. сурет. Есептеу нәтижесі



    Тапсырма 2:

    Функция мәндерін есептеңіз:

    1. F=x2+5y-ex-y

    2. F=3z-ln(xz)-2z2

    3. F=(|x|-|y|)/(1+sinx)

    • Квадраттың қабырғасы берілген. Периметрін анықтаңыз

    • Теңбүйірлі трапцияның биіктігі мен табаны берілген. Периметрін табыңыз.

    • Үш орынды сан берілген. Санның бірінші және үшінші цифрларының орнын алмастырып жаңа сан алыңыз.

    • Үш орынды сан берілген. Санның бірінші және екінші цифрларының орнын алмастырып жаңа сан алыңыз.

    • Үш орынды х санынан соңғы цифрды алыңыз. Нәтижені 10 –ға бөліңіз. Алынған санның сол жағына х саныңың соңғы цифрын жазғанда 237 саны шығады. Х санын табыңыз.

    • Үш орынды сан берілген. Санның екінші және үшінші цифрларының орнын алмастырып жаңа сан алыңыз.

    • Үш орынды х санынан бірінші цифрды сызып тастаңыз. Алынған санды 10 –ға

    көбейтіңіз. Нәтижеге х санының бірінші цифрын қосыңыз. Сонда 564 саны шығады. Х санын табыңыз.

    1. Үш орынды х санынан соңғы цифрды сызып тастаңыз. Алынған сан цифрларының орнын алмастырыңыз және сол жағына х санының соңғы цифрын жазыңыз. Сонда n саны шығады. Берілген n саны бойынша x санын табыңыз. ( n мәні клавиатурадан енгізіледі, және n санындағы біріліктердің саны нольге тең емес)

    2. Үш орынды сан берілген. Сандағы жүздіктердің санын анықтаңыз.

    3. Шеңбердің радиусы берілген. Диаметрін табыңыз.

    1. Кубтың қабырғасының ұзындығы берілген. Кубтың кӛлемін және оның бүйір бетінің ауданың табыңыз.







    Операция

    Сипатталуы
















    Бүтін санды бөлу







    Нәтиже бүтін сан







    Егер екі сан да нақты болса, бөлшек бөлігі ноль болатын







    сан шығады




    x//y

    Мысалы:







    100//8 → 12







    101.8//12.5 → 8.0







    x ты y бөлгендегі қалдық




    x%y










    10%4 → 2




    x∗∗y

    Дәрежеге шығару







    2∗∗3 → 8







    2.3∗∗(−3.5) → 0.05419417057580235




    −x

    Сан таңбасын алмастыру

    Python тілінде сандарға операциялық амалдар үшін мына функциялар қолданылады, abs() (абсолют мәнін есептеу, abs(−3) → 3), pow() (дәрежеге шығару, pow(2,3) → 8), divmod() (бүтін санды бөлудің бүтін және қалдық бөлігі), divmod(17,5)→ (3,2)) и round() (дөңгелектеу, round(100.0/6) → 17.0). Бұл функциялар үшін қосымша модульді қосу міндетті емес.

    Бекіту мысалы. Бүтін а, b, c сандары берілген. Сандардың қосындысын анықтаңыздар және а, b айнымалыларының мәндерін алмастырыңыздар, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесінде жазыңыздар.

    Бер.: а, b,c :N

    Т.к S-?

    Программа коды:

    #*-coding utf-8-*

    #a,b,c айнымалыларының сәйкес мәндері берілген a,b,c=4,8,10

    #іш санның қосындысы

    d=int(a+b+c)
    print('d=', d)

    #Екі айнымалының мәндерін алмастыру

    a,b=b,a

    print('a=', a)

    print('b=', b)

    ek=bin(a)

    print('еклік санау жүйесі-', ek)

    sk=oct(b)

    print('сегіздік санау жүйесі', sk)

    onl=hex(c)

    print('он алтылық санау жүйесі', onl)





    1. сурет. Есептеу нәтижесі

    Тапсырма 3:

    1. Екі бүтін сан берілген. Клавиатурадан енгізілген арифметикалық операция таңбасына сәйкес амалды орындайтын программа құрыңыз,

    2. Жазықтықта екі нүкте N(x1,y1) және M(x2,y2) берілген. Бұлардың қайсысы координатаның бас нүктесіне жақын болатынын анықтайтын программа құрыңыз.

    3. Бүтін n саны берілген, сол санның бүтін m санына қалдықсыз бөлінетінін немесе бөлінбейтінін анықтайтын программа құру керек.

    4. Пернетақтадан енгізілетін кез келген төрт бүтін санның ішінен теріс сандарды табатын программа құру.

    5. Берілген санның барлық бөлгіштерін анықтайтын программа құрыңыз.

    • a, b, c қабырғалары белгілі үшбұрыш теңбүйірлі болып табылады ма, соны анықтайтын программа құрыңыз.

    • a, b, c нақты сандары берілген. Теңсіздік орындала ма, тексеріңіз: a

    • Төрт орынды сан берілген. Бұл санда 4 немесе 7 цифры бар ма, анықтаңыз.

    1. Пернетақтадан енгізілген санға сәйкес апта күнін шығаратын программа құрыңыз.

    Төрт орынды сан берілген. Санның алғашқы екі цифрының қосындысы соңғы екі цифрының қосындысына тең бе, анықтаңыз.

    Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

    Шартты өрнек жазуда қолданылатын логикалық операторлар:

    And –логикалық және

    Or –логикалық немесе
    Not–логикалық терістеу

    Жалпы формасы:

    if шарт:

    оператор1

    else :

    оператор2

    If қызметші сөзінен кейін шартты өрнек және қос нүктеден(:)соң шарт ақиқат болған жағдайда орындалатын оператор жазылады, шарт орындалмаса else блогындағы оператор орындалады.

    Мысалы:

    if x>0 :

    y=math.sqrt(x)

    else:

    y=pow(x,4)

    Шартты инструкцияның екінші модификациясы тізбекте бірнеше операторларды тексеруге мүмкіндік береді

    Жалпы формасы

    if шарт1:

    оператор1

    elif шарт2:

    оператор2

    elif шарт3:

    оператор3

    .................

    elif шартn:
    операторn

    else:

    оператор

    Бұл операторда n шарттың бірі ғана орындалады. Егер шарттың біреуі де орындалмаса else блогындағы оператор орындалады.
    Бекіту мысалы. Клавиатурадан енгізілген ай номеріне сәйкес жыл мезгілін анықтайтын программа құрыңыз.
    Программа коды:

    #-*coding utf-8*-

    n=int(input('aй номерін енгіз'))

    if n==1 or n==2 or n==12:

    print('қыс')

    elif n>=3 and n<=5:

    print('koktem')

    elif n>=6 and n<=8:

    print('жаз')

    elif n>=9 and n<=11:

    print('kүз')

    else:

    print('1 мен 12 инт. сан енгіз')

    Бекіту мысалы. Бүтін а, b, c сандары берілген. Сандардың үлкенін табыңыз.

    Бер.: а, b,c :N

    Т.к:max-?
    Программа коды:


    • *coding utf-* a=int(input()) b=int(input()) c=int(input()) if (a>b and a>c):


    print(a)

    elif b>c: print(b)
    else:

    print(c)
    Программа интерфейсі:


    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

      1. Шарт операторы қандай есептер шығаруда қолданылады?

      2. elif бөлімі қандай жағдайларда болуы мүмкін?

      3. Шартты ӛрнек жазуда қолданылатын логикалық операторлар?

      4. IDLE интегралды ортасының негізгі командаларын атаңыз.

      5. Math класында анықталатын негізгі математикалық функциялардың жазылу ережесі қандай?

      6. Мәліметтерді енгізуге және шығаруға қандай операторлар қолданылады?

      7. Негізгі мәліметтер құрылымын атаңыз.

      8. Мәліметтерге амалдар орындауға қандай операциялар қолданылады?

    Есеп беру түрі: Орындалған тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға тексерту, сұрақтарына ауызша жауап беру.



    написать администратору сайта