Главная страница

курсовая. Программа ру ерекшеліктері курсты Жмыс орындаан


Скачать 173.15 Kb.
НазваниеПрограмма ру ерекшеліктері курсты Жмыс орындаан
Анкоркурсовая
Дата25.04.2021
Размер173.15 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлас++.docx
ТипПрограмма
#198411
страница2 из 4
1   2   3   4




1.3 C++ Builder-дің тез(быстрые) кнопкалары
Панелдерде орналасқан тез кнопкалардың не үшін қолданылатынын әр кнопкаға курсорды әкелген кезде шығатын белгілерге қарап білуге болады. Бұл панелдердегі тез кнопкаларды қолданушы өзіне қажеттісін қосып,керек еместерін алып тастауларына болады.

File | New | Other

Проектті немесе Депозитарийден модульді ашу

File | Open

File | Reopen

Проект,модуль,пакет файлын ашу. Reopen кнопкасын басу арқылы файлды жақында қолданылған файлдар тізімінен ашуға мүмкіндік береді.

File | Save As

File | Save (Ctrl+S)

Дәл осы уақытта жұмыс жасалынып отырған модуль файлын сақтауға мүмкіндік береді.

File | Save All

Барлығын сақтау(барлық проект файлын және модуль файлдарын сақтау)

File | Open Project (Ctrl+F11)

Проект файлын ашу

Project | Add to Project (Shift+F11)

Проектіге файл қосу

Project | Remove from Project

Проектіден файлды өшіру

Help | C++ Builder Help

Кірістірілген анықтама бетін шақыру

View | Units (Ctrl+F12)

Тізімнен таңдалған модуль файлының текстін көруге ауысу

View | Forms (Shift+F12)

Тізімнен таңдалған форманы көруге ауысу

View | Toggle Form/Unit (F12)

Форма мен оған сәйкес модуль файлы арасында ауысу

File | New Form

Проектіге жаңа форманы қосу

Run | Run (F9)

Қосымшаны немесе қосымшалар тобын орындау

Run | Program Pause

Қосымшаны орындауда кідіріс жасау және CPU ақпаратын қарау.

Run | Trace Into

Функцияға кіру арқылы бағдарламаны қадам бойынша орындау

Run | Step Over (F8)

Функцияға кірмей бағдарламаны қадам бойынша оырндау

View | Desktops | Save Desktop

Терезенің ағымдағы конфигурациясын сақтау

View | Desktops | Set Debug Desktop

Ретке келтіру кезінде терезенің конфигурациясын орнату

File | New | Other | WebSnup | WebSnup Application

Web үшін WebSnup қосымшасын құру

File | New| Other | WebSnup | WebSnup Page Module

Web үшін арналған WebSnup қосымшасының бет модулін құру

File | New| Other | WebSnup | WebSnup Data Module

Web үшін WebSnup қосымшасының деректер бетін құру

Tools | External Editor

Tools | Environment Options командасымен шақырылатын опциялар терезесінің Internet бетіндегі Edit кнопкасынмен орнатылатын Web бетінің сыртқы редакторын шақыру

File |New|Other|Multitier| CORBA Object Implementation

CORBA серверінің объектісін құру

Edit | CORBA Refresh

Проектінің IDL файлдарында өзгерістерді көрсететін класстар орындалуын жаңартады.

Edit | Use CORBA Object

IDL файлдарынан жаңа сервер мен клиенттер модульдерін компиляциялау, CORBA объектісін қолдану тәсілдерін анықтау

Форма терезесі.

Форма бұл басқа компоненттер орналасатын негіз болып саналады. Форма  Windows-тың басқа терезелеріне тән қасиеттерге ие. Ал оның сырт бейнесі Windows-тың нұсқасына байланысты болады. Форманың жоғарғы сол жақ бұрышында басқару менюі орналасқан, тақырып жолы терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан, жоғарғы оң жақ бұрышта жыймалау,жаю,жабу кнопкалары бар. Терезенің түрін қандай да бір кнопкаларды алып тастау немесе тақырып жолын мүлде алып тастап,оны өзгермейтін өлшемді етіп өзгертуге болады. Жобалау кезінде форма нүктеден құралған тормен жабылған. Осы тордың түйіндерінде қолданушы формаға орналастырған компоненттер орналасады. Қосымшаны орындау барысында бұл тор көрінбейді. Кейбір жағдайларда әлдебір модулді жасау барысында форма мүлдем керек болмауы мүмкін. Формаға кез келген компоненттерді қойған соң, олар бойынша контекстілік анықтаманы алуға болады. Ол үшін керек элементті ерекшелеп алып F1 кнопкасын басу керек. Егер форманың өзінде тұрып F1 кнопкасын басса, форма класы бойынша анықтама көрсетіледі.
Редактор коды  терезесі

Редактор коды терезесі С++ Builder 6-да бағдарламалық модульді қарау кезінде оның үш беті болады. Оның екеуі орындалу файлының кодын (Unit.cpp) және тақырыптық файл кодын (Unit.h) көрсетеді. Тақырыптық файлдың коды автоматты түрде Редактор Коды терезесінде көрсетіледі. Редактор коды терезесі толық бағдарламалық редактор болып табылады. Редакторда синтаксистік элементтерді түс және шрифтімен ерекшелеу қолданылады. Жирный шрифтімен С++-тің кілттік сөздері белгіленеді. Жасыл түспен препроцессор директивалары белгіленеді. Көк курсивпен комментарийлер белгіленеді. Редактор Коды терезесінің тақырып жолында орындалып жатқан файл модулінің аты көрсетіледі. Терезенің жоғарғы бөлігіндегі закладкалар егер проектіде бірнеше модуль болса бір модульден екінші модульге өтуге мүмкіндік береді. Егер қайсыбір ашық тұрған модуль керек емес болса,онда оны Редактор кодындағы контесткілік менюде Close Page командасы арқылы жабуға болады. Редактор коды терезесінің сол жақ бөлігінде қарапайым текстілік редакторларға тән күй жолын көруге болады. Оның сол жағында жол мен баған индикаторы орналасқан. Оң жағына таман модификация индикаторы орналасқан,ол “Modified” сөзімен терезедегі кодтың өзгертілгенін және дискіде сақталғанымен сәйкес келмейтінін жеткізіледі. Күй жолының үшінші элементі – стандартты қою режимінің индикаторы. Редактор Коды терезесінде контекстілік анықтама бар.Кодтың қандай да бір сөзі жайлы анықтама алу үшін курсорды осы сөзге әкеліп F1 кнопкасын басу керек. Редактор Коды терезесі тек қана автоматты түрде орналасқан  бағадарлама модульдері файлдарын қарап және өзгертумен шектелмеген. Қолданушы File | Open командасы арқылы текстілік файлдарды және Интернетте жқмыс жасау барысында қолданылатын HTML файлдарын ашып және жүктеуіне болады. HTML файлдары редактор терезесінде Code бетінде текстілік түрде көрсетіледі. Бірақ С++ Builder-да мұндай файлдар үшін Preview атты алдын ала қарап шығу беті пайда болады. Онда HTML файлға сәйкес келетін Web беттерді көруге болады. Сонымен қатар тікелей Редактор Коды терезеінен HTML файлдарының сыртқы редакторын шақыруға болады. Ол үшін сол HTML  бетте оң жақ кнопканы басып контекстілік менюден html Editor бөлімін таңдау керек. Сол кезде HTML файлдардың сыртқы редакторы шақырылады,онда қолданушы бетті қарап және өзгерте алады. Өзгерткен соң бетті файлда сақтау керек. Сонда ИӨО-ға өткенде өзгертілген файлды редакторға қайта жүктеу туралы сұраныс жіберіледі. Оң жауап болса, Редактор Кодында өткізілген өзгертулердің нәтижесі бар файл жүктелген болады.  

Объектілер инспекторы

Объектілер инспекторы С++ Builder-дағы объектілердің қасиеттерін өзгертуге арналған қарапайым және ыңғайлы интерфейспен және объект әсер беретін оқиғаларды басқарумен қамтамасыз етеді. Объектілер инспекторы терезесінде екі бет болады. Одан жоғары формада орналасқан барлық компоненттер тізімі бар. Ол жерден керектісін таңдап алуға болады. Объектілер Инспекторының қасиеттер(Properties) беті дәл осы уақытта қолданушы ерекшелеген объектінің қасиеттерін көрсетеді. Бос форма мен Объектілер Инспекторының қасиеттер терезесіне басу арқылы форманың қасиеттерін көруге болады. Бұл қасиеттерді өзгертуге болады. Қасиеттер мысалына Color(түсі), Height(биіктігі), Name(шрифт атауы), Style(стилі) келтіруге болады. Оқиғалар(Events) беті Объектілер Инспекторының екінші бөлімін құрайды. Онда таңдалған объект әсер беретін барлық оқиғалар көрсетілген. Мысалы, егер қолданушы форманы құру барысында қандай да бір әрекеттер орындау керек болса,онда OnCreate оқиғасын таңдау керек. Объектілер Инспекторын пайдалана отырып, қасиеттер мен оқиғалар жайлы контекстілік анықтаманы алуға да болады. Ол үшін Объектілер Инспекторы бетінде қажетті қасиетті немесе оқиғаны белгілеп F1 батырмасын басу керек. Объектілер Инспекторында қасиеттер мен оқиғаларды саралауға мүмкіндік бар және оларды категория бойынша топтастыруа да болады. Осы мүмкіндіктерді қолдану үшін Объектілер Инспекторы терезесінде оң жақ кнопканы басып, шыққан менюден View бөлімін таңдау керек. Ол кезде қасиеттер категориясының тізімі көрсетіледі. Әр категория жанында индикатор орналасқан. Ол индикаторды қосу арқылы тек сол категорияның қасиеттері шығатын болады. Toggle бөлімін таңдау бөлімдердің көрсетілуін ауыстырады,яғни бұрын көрінгендер көрінбей қалады және керісінше. All бөлімін таңдау барлық қасиеттер мен оқиғалардың көрінуіне әкеледі. Ал None бөлімін таңдау барлық қасиеттері мен оқиғаларды көрінбейтіндей етеді. Объектілер Инспекторы терезесінің төменгі бөлігінде көрінбейтін қасиеттер мен оқиғалар саны нұсқалады. Сол менюде сонымен қатар Arrange бөлімі бар,онда екі мүмкіндіктің бірін қоюға болады:by Name – қасиеттер мен оқиғаларды олардың аттарын алфавит ретімен топтастырады, немесе by Category – оларды категория бойынша сұрыптайды. Объектілер Инспекторының өте пайдалы қасиеті- берілген компонентте сілтемелері бар компоненттерді көрсету. Мысалы, MainMenu компонентіне форма сілтеледі. Ал ол компонент өз кезегінде бейнелер тізімі -ImageList компонентіне сілтеледі.Сілтеменің барын сол қасиеттің жанында «+» белгісінің бар болуы көсретеді. Осылайша Объектілер Инспекторы терезесінен шықпай бір толық байланысқан объектілердің тізбегінің қасиеттерін белгілеуге болады.


1.4  C++ Builder өңдеу ортасының тасу(перетаскивание) және салу(встраивание) терезелері
Интеграцияланған өңдеу ортасында Drag&Doc технологиясы қолданылады. Бұл терезелерді тасу және салу. Салынатын терезені басқаларынан мынадай белгілері бойынша ажыратуға болады:1)Терезені жабу кнопкасы ғана бар жүйелік менюдің қысқартылған жолы.2)Басқанда шығатын менюде Docable қайта қосу кнопкасы бар, ол салынуды білдіреді. 3) Салынған терезені тасығанда егер терезе басқа терезе көлемінде орын ауыстыратын болса,оның рамкасының өлшемдері өзгеред.Терезелерді тасу экран аумағын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін салынған терезенің шекарасындағы екі рамкадан тарту керек. Бұл уақытта оны контейнер-терезеден алып, өздігінен жеке етуге болады. ClassExplorer терезесін Код Редакторы терезесіне орналастыруға болаы. Терезелерді Объектілер Инспекторына салуға өте ыңғайлы. Олар бұл кезде жеке беттерге орналасады және экранда қосымша ешқандай орын алмайды.Керек болғанда қолданушы керекті терезесін қарау үшін соның закладкасын басады. Drag&Doc терезелерді салу технологиясы инструментальды панельдерде жасалған. Панельдерді басқару,өзгерту мүмкіндігі өте кең. Керек емес панельдерді көрінбейтіндей етіп те жасауға болады. Жеке панельдердің құрамына кнопкалар қосу немесе алып тастау арқылы өзгертуге болады.

C++ Builder-де проектнің ұйымдастырылуы.

С++ Builder проектісі формалардан, тақырыптық файлдары бар модульдерден,олардың орындалуынан, проектінің параметрлерін белгілеуден тұрады. Осы барлық ақпарат файлдарда орналасады. Осы файлдардың көбісі қосымшаны құру барысында автоматты түрде жасалады. Матрицалар,пиктограммалар сияқты ресурстар қолданушы басқа дерек көздерінен алған немесе көптеген инструменттер мен ресурстар редакторы көмегімен жасалған файлдарда болады. Компилятор да файлдарды жасайды. Қосымшаны жобалаған кезде С++ Builder келесідей файлдар құрады:

Проектінің негізгі файлы (.cpp)

С++ Builder .срр файлын қосымшаны инициализациялайтын және оны орындауға жіберетін WinMain негізгі функциясы үшін құрады.  

Проект опциясының файлы (.bpr)

Бұл текстілік файлда проект опцияларының орнатылуы мен проектіге қандай файл компиляцияланатынын нұсқауы болады. Файл XML форматында сақталады.

Проект ресурстарының файлы (.res)

Проект ресурстары: пиктограммалар, курсорлары бар екілік файл. Үнсіз келісім бойынша тек проектінің пиктограммасы болады. Бейнелер Редакторы арқылы толықтырылады.

Модульді орындау файлы (.срр)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлы сәйкес келеді. Кейде қолданушы өзі формамен байланысы жоқ модульдерді құра алады.

Модульдің тақырыптық файлы (.һ)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлымен қатар оның форма класының суреттелуі бар тақырыптық файлы сәйкес келеді. Қолданушы өзі де керекті тақырыптық файлдарды құра алады.

Форма файлы (.dfm)

Бұл С++ Builder құрған формалар туралы ақпаратты сақтауға арналған екілік немесе текстілік файл.Оны текстілік файл түрінде немесе форма түрінде көруге болады. Әрбір форма файлына модуль файлы(.срр) сәйкес келеді.

Компоненттің тақырыптық файлы (.һрр)

Қолданушы жаңа компонент құрған кезде файл құрылады. Бұл файлдарды Include\VCL каталогында орналасқан компоненттер кітапханасынан қосуға болады.

Проектілер тобының файлы (.bpg)

Проектілер тобын құру барысында С++ Builder-да құрылатын текстілік файл.

Пакеттер файлы (.bpl және .bpk)

Бұл екілік файлдар С++ Builder-да пакеттермен жұмыс жасағанда қолданылады: .bpl – проектінің өзінің файлы, .bpk – пакеттің компиляциясы мен компоновкасын анықтайтын файл.

Проектінің жұмыс столының файлы (.dsk)

Бұл текстілік файлда проектімен соңғы жасалған жұмыс туралы ақпарат сақталады: ашық тұрған терезелер,олардың орналасуы мен көлемдері. Осыған байланысты жаңа сеанс кезінде алдындағы сеанстағы терезені көруге мүмкіндік болады. Файл тек Autosave options/Project desktop опциясы қосылғанда орындалады.

Келесі файлдарды компилятор құрады:

Орындалатын файл (.ехе)

Бұл қосымшаның орындалушы файлы. Ол автономды орындалушы файл болып табылады.

Модульдің объектілік файлы (.obj)

Бұл соңғы орындалатын файлға компоновкасы орындалатын компиляциядан өткен модуль файлы(.срр)

Динамикалық қосылатын кітапхана (.dll)

Бұл файл егер сіз жеке DLL-ды жобалаған жағдайда құрылады.

Символдар кестесінің файлы (.tds)

Қосымшаны ретке келтіруде реттеуші қолданатын екілік файл

Таңдамалы компоновка файлы (.il?)

Il(.ilc, .ild, .ilf, .ils) кеңейтілуінен басталатын файлдар,олар соңғы сеанстан кейінгі файлдардың қайталап компоновкасын жасауға мүмкіндік береді.

Проектінің негізгі файлдары.

Проектінің негізгі файлы(.cpp)

С++ Builder .срр файлын қосымшаны инициализациялайтын және оны орындауға жіберетін WinMain негізгі функциясы үшін құрады.  

Проект опциясының файлы(.bpr)

Бұл текстілік файлда проект опцияларының орнатылуы мен проектіге қандай файл компиляцияланатынын нұсқауы болады. Файл XML форматында сақталады.

Проект ресурстарының файлы (.res)

Проект ресурстары: пиктограммалар, курсорлары бар екілік файл. Үнсіз келісім бойынша тек проектінің пиктограммасы болады. Бейнелер Редакторы арқылы толықтырылады.

Модульді орындау файлы (.срр)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлы сәйкес келеді. Кейде қолданушы өзі формамен байланысы жоқ модульдерді құра алады.

Модульдің тақырыптық файлы (.һ)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлымен қатар оның форма класының суреттелуі бар тақырыптық файлы сәйкес келеді. Қолданушы өзі де керекті тақырыптық файлдарды құра алады.

Форма файлы (.dfm)

Бұл С++ Builder құрған формалар туралы ақпаратты сақтауға арналған екілік немесе текстілік файл.Оны текстілік файл түрінде немесе форма түрінде көруге болады. Әрбір форма файлына модуль файлы(.срр) сәйкес келеді.

Компоненттің тақырыптық файлы(.һрр)

Қолданушы жаңа компонент құрған кезде файл құрылады. Бұл файлдарды Include\VCL каталогында орналасқан компоненттер кітапханасынан қосуға болады.

Проектілер тобының файлы(.bpg)

Проектілер тобын құру барысында С++ Builder-да құрылатын текстілік файл.

Пакеттер файлы(.bpl және .bpk)

Бұл екілік файлдар С++ Builder-да пакеттермен жұмыс жасағанда қолданылады: .bpl – проектінің өзінің файлы, .bpk – пакеттің компиляциясы мен компоновкасын анықтайтын файл.

Проектінің жұмыс столының файлы(.dsk)

Бұл текстілік файлда проектімен соңғы жасалған жұмыс туралы ақпарат сақталады: ашық тұрған терезелер,олардың орналасуы мен көлемдері. Осыған байланысты жаңа сеанс кезінде алдындағы сеанстағы терезені көруге мүмкіндік болады. Файл тек Autosave options/Project desktop опциясы қосылғанда орындалады.

Келесі файлдарды компилятор құрады:

Орындалатын файл(.ехе)

Бұл қосымшаның орындалушы файлы. Ол автономды орындалушы файл болып табылады.

Модульдің объектілік файлы(.obj)

Бұл соңғы орындалатын файлға компоновкасы орындалатын компиляциядан өткен модуль файлы(.срр)

Динамикалық қосылатын кітапхана(.dll)

Бұл файл егер сіз жеке DLL-ды жобалаған жағдайда құрылады.

Символдар кестесінің файлы (.tds)

Қосымшаны ретке келтіруде реттеуші қолданатын екілік файл

Таңдамалы компоновка файлы (.il?)

Il(.ilc, .ild, .ilf, .ils) кеңейтілуінен басталатын файлдар,олар соңғы сеанстан кейінгі файлдардың қайталап компоновкасын жасауға мүмкіндік береді.

Басқа да Windows файлдары:

Анықтама файлдары(.hlp)

Бұл Windows анықтамасының стандартты файлдары

Бейнелер файлдары немесе графикалық файлдар(.wmf, .bmp, .ico)

Бұл файлдар әдетте Windows қосымшасында көркем қолданушы интерфейсін құруда қолданылады.
1   2   3   4


написать администратору сайта