курсовая. Программа ру ерекшеліктері курсты Жмыс орындаан
Скачать 173.15 Kb.
|
Республикалық жоғары техникалық колледж «С++ тілінде тілдерінде программа құру ерекшеліктері» КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Орындаған: 9-г132 топ студенті Жетекші: Оқытушы, магистр Дошева Г.А. 2021 жыл Жоспар Кіріспе.......................................................................................................................4 1 Бөлім. C++ Builder - дің өңдеу ортасы. C++ Builder өңдеу ортасының тасу(перетаскивание) және салу(встраивание) терезелері 1.1 С++ Buildеr ортасында қосымша құрудың мүмкіндіктері........................6 1C++ Builder-дің өңдеу ортасы.................................................................11 1.3 C++ Builder-дің тез(быстрые) кнопкалары...............................................13 1.4 C++ Builder өңдеу ортасының тасу(перетаскивание) және салу(встраивание) терезелері...............................................................................17 Бөлім. Си тілінің қолданылуы және пайда болу кезендері 2.1 Жаңа проект құру......................................................................................21 2.2 Депозитариядан форманы уақытша алу(заимствование)......................23 2.3 Құрастырушы және компилятор хабарламасы.......................................25 2.4 Си тілінің қолданылуы және пайда болу кезендері...............................27 Қорытынды............................................................................................................32 Қолданылған әдебиеттiң тiзiмi.............................................................................33 Кіріспе Адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, оның негізін компьютерлік технология құрайды. Сол себепті де бүкіл дүниежүзінде ең алдымен ақпараттық жаһандану үрдісі жаппай етек алуда. Оның таңғажайып көрінісі болса, «адам - компьютер - Интернет» байланыс жүйесі деп атап айтар едік. ҚР-сында осы ақпараттық өркениет үрдісінен шығу үшін «Қазақстан 2030» стратегиясынан бастап, Елбасының дәстүрлі Жолдаулары бойынша барлық жағдайлар жасалып келеді. Әсіресе, білім беру саласы барынша ақпараттандыру (информатизация) мақсаты жүзеге асырылып отыр. Бұған қажетті заңнамалар мен бағдарламалар қабылданған. Әлемдік өркениет жолмен бағытталған Eлбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ол үшін жаңа ақпараттық технологияларды оқытуды міндет етеді. Бір сөзбен айтқанда, басты мақсат білім сапасын арттыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне кіре білу болады. Міне, сондықтан да қазірден бастап, «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерінде әлемдік деңгейге жеткізе оқыту талабы қойылып отыр. Осыған сай айта кету қажет, егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» деген мәселе мұғалімдер біліктілігімен тікелей байланысты. Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде «Borland C++ Builder программалау тілі» атты жаңа бір пән оқытыла бастады. Бірақ та, оны оқытудың мемлекеттік стандарты әлі жасала қойған жоқ. Әрі осы тіл туралы қазақша жазылған оқу- әдістемелік құралдары өте қанағатсыз көрінеді. Borland C++ Builder программалау тілі жоғары деңгейлік күрделі тіл болғандықтан оның өзіндік ерелшелігі мен қиын жақтары оқыту әдістемесінде ойластырылуы керек. Осыған байланысты жоғары деңгейлік Borland C++ Builder программалау тілін оқыту мақсаты «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерін дамыта оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жолы болып табылады . С++ программмалау тілінің пайда болу тарихы 1972 жылдан бастау алды. Жоғарғы және төменгі деңгейдегі тілдер кездесетiн бұл программаны Деннис Дитчи және Брайн Керниген деген ғалымдар жасап шығaрған. Бұл тілді кейінірек Американың Ұлттық стандарттау орталығы растады.(ANSI) 1980 жылы Бьярна Страуструптың қабілетіне байланысты ANSI – дің өкілі – С++ тілі пайда болды. Онда басқа да тілдердің жақсы жақтары көрініс тапты. С++ тілі С тіліне қарағанда программистке дәстүрлі құрылымдық және объектілік бағытталған программаларды жасауға мүмкіндік береді. С++ тілін қолданып жасалған программалық қамсыздандыру идентификаторлар, кілттік сөздер, функциялар, тұрақтылар, препроцессорлар, құрылымдар, массивтер және т.б элементтерден тұрады. С++ тілі – тасмалданатын тіл. Бұл ортада жазылған қолданбалы программалар бір компьютерден екінші компьютерге оңай тасмалданады. Сонымен қатар тіл - оңай компиляцияланатын тіл болып табылады. Ол жүйелік программаларда пайдаланылады. Программалауды объектілік тұрғыда жүргізу ХХ ғасырдың 80-шы жылдарының ортасынан бастап 90-шы жылдардың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Объектіге бейімделген программалау программаны объектілер жиынтығы түрінде көрсетуге негізделген күрделі программалық қамсыздандыруды жасаудың технологиясы ретінде анықталады. Мұнда әрбір объект белгілі бір тип, яғни класс данасы болып табылады. Ал, кластар қасиеттердің мұрагерлікке байланысты иерархиялықты құрайды. Мұндай жүйедегі программалық объектілердің өзара әрекеті хабарлама жіберу көмегімен орындалады. Программаның объектілік құрылымы ең алғаш күрделі жүйелерді иметациялық модульдеудің simula (ХХ ғасыр 60-шы жылдар) қолданған болатын. Объектілік тұрғыда программалаудың Delphi, C++ Builden Visual C++ құралдары кеңінен таралған. 1 C++ Builder-дің өңдеу ортасы. C++ Builder өңдеу ортасының тасу(перетаскивание) және салу(встраивание) терезелері 1.1 С++ Buildеr ортасында қосымша құрудың мүмкіндіктері Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Казіргі кезде олар процедуралык, логикалық және объектілі - бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі ("классикалық") процедуралық программалау тілдері — Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер — ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдыктауды тиімді дайындауга қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыкқа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде кұрылған программалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi. Объектіге багдарлы оқиғалы программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. C++- жалпы қолданыста компиляцияланатын, қатаң типке келтіретін программалау тілі. Ол программалаудың түрлі парадигмаларын (жалпылама, функциональдық) қолдайды, соның ішінде программалық жабдықтама қолдануға аса көңіл бөлінген. "C++" аты C- дан шыққан, ал ''++" ауыспалы инкрементті білдіреді.1900 жылдары бұл тіл жалпы қолданыста кеңірек қолданылатын программалау тіліне айналды. C++- ті ойлап табу кезінде С тілімен ұқсастығын сақтауға тырысты. С-да жазылған көптеген программалар C++" компиляторымен де жұмыс істейтіндей болды. C++ синтаксисі С тілінің синтаксисіне негізделген. С++ Builder тілі бағытталған визуалды программалау жүйесі болып табылады. Ол бастапқыда Borland Software компаниясымен әзірленді, содан кейін оның бөлімшесі CodeGear одан әрі жалғастырды , ал қазір компания Embarcadero Technologies-қа тиесілі болып табылады. Бастапқыда тек платформа Microsoft Windows үшін құрылған. Кросс-платформалы компонентті кітапхана Borland, қолдау мен Windows, және Linux бар кейінірек нұсқалары пайда болды. Borland C++ Builder программалау тілі. Borland C++ Builder программалау ортасына жалпы шолу. Borland C++ Builder жұмыс істеу принципі. Borland C++ Builder мүмкіндіктері мен қасиеттері. Borland C++ Builder пайдасы. Borland C++ Builder компоненттері. Borland C++ Builder программалау ортасында деректер базасын құру үлгісі. Borland C++ Builder программалау ортасына жалпы шолу. Бастапқыда тек платформа Microsoft Windows үшін құрылған. Кросс-платформалы компонентті кітапхана Borland, қолдау мен Windows, және Linux бар кейінірек нұсқалары пайда болды. 2003 жылы, Borland бұл жағдайда C ++ Builder немесе Builder үшін біраз ұқсас болды, және сол жылы жазбаша C ++ BuilderX (CBX) шығарды. Бұл өнім ірі кәсіпорындар үшін ірі бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытуға арналған, бірақ коммерциялық табысқа қол жеткізбеді. 2004 жылдың соңында Borland ол классикалық C ++ Builder әзірлеуді жалғастыру және, осылайша, C ++ BuilderX дамып, тоқтату, даму қоршаған ортаға Builder оны біріктіру деп жариялады. Жарияланғаннан кейін шамамен бір жылдан кейін, Borland Borland C ++ Builder 2006 жақсартылған теңшелімді басқаруды ұсынады енгізілген Borland Developer Studio 2006, шығарды. 2008 жылдың соңында, компания RAD Studio бөлігі 2010 C ++ Builder шығарды, 2009 жылы Builder 2009 және C ++ Builder 2009 CodeGear RAD Studio ссына кірді, және оның жаңа нұсқасын шығарды. Оның келесі нұсқасы шықтц, кәсіпорын CodeGear C ++ Builder (кодтық аты «Commodore»), x86-64 64 қабілеті қолдау болады деп хабарлады. Алайда, 2010 жылы RAD Studio XE осы функциялардың жоқ C ++ Builder XE нұсқасын шығарды. Embarcadero 2013 жылы Windows 8 жүйесімен үйлесімді C ++ Builder XE3, шығарды 2012 жылы C ++ Builder XE4 шығарылды. C ++ Builder программасында құралдар тақтасы (сол жақта) және Component Palette (оң жақта) бар SDI-қосымшасы негізгі терезе болып табылады. C ++ Builder программасын қосқан кезде обьектлер инспекторы (сол жақта) және жаңа форма (оң жақта) пайда болады. Форма астында код редакторы орналасады. Қазіргі кездегі С++-те программалау жүйелері бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Бұлар программалау ортасы, тілі, С-функцияларының стандартты кітапханасы мен С-кластарының әртүрлі кітапханалары сияқты бөліктер болып табылады. С++ Builder ортасында жобалар (бағдарламалар) құру. С++ Builder ортасында жұмыс жасаудың бірінші қадамы бұл – жоба құру болып табылады. Жаңа жоба құру үшін меню мәзіріндегі File/New Application батырмаларын қолданасыз. C++ Builder әдепкі аты Project1.cpp жобаның файлын және Project1.mak make-файлын құрады. Жобаға өзгерістер енгізілген жағдайда, мысалға жаңа форма қоссаңыз, C++ Builder файлды жаңартады. Жобада әдетте бірнеше форма бар. Жобаға форманы қосу мынадай қосымша файлдарды жасайды: DFM, .CPP, .H файлдары. Жобаға бір немесе бірнеше форма қосу үшін тармағын таңдаңыз File / New Form тармағын таңдаңыз. Жобаның жаңа формасы пайда болады. Жобаны компиляцияға жіберу үшін менюдегі Compile батырмасын басыңыз. Жоба орындалу кезінде қате жұмыс істейтін болса, C ++ Builder бағдарламаның коды редакторы қате көзін көрсетеді. C ++ Builderтілінде программаның орындалуы. C ++ Builderтілінде программаны орындау үшін алты кезеңнен өту қажет: түзету, препроцессорлық (яғни алдын-ала) өңдеу, компиляция, біріктіру, жүктеу және орындау. Бірінші кезеңпрограмманың бастапқы мәтіні бар файлды құру және түзету болып табылады. Ол қарапайым программа мәтінін түзеткіштердің көмегімен орындала береді. Программалаушы осы түзеткіште өзінің С++ программасын тереді. Қажет болған жағдайда ол оған қайтадан қатынас жасап, осы түзеткіштің көмегімен программаның бастапқы мәтініне өзгерістер енгізеді. Содан кейін программа дискте сақталады. С/С++ программаларының файлдарының атаулары "c" немесе "cpp" деп аяқталады. Алайда, Borland C++ v 5.0 (5.2) программалар пакетінің өз түзеткіші де бар, соны да қолданса болады. Екінші кезеңдепрограмманы компиляциялаудан бұрын компилятор программа мәтінін препроцессорлық өңдеуді бастайды. Компилятордың қызметі – ол программаны машиналық кодқа көшіреді. Яғни ол программаның объектілік коды болып табылады. С++ программалау жүйесінде трансляция кезеңін бастаудың алдында әрқашан алдын-ала өңдеу программасы орындалады. Ол программаның бастапқы мәтінін трансляциялау алдында қандай түрлендірулерді орындау керектігін көрсететін «трансляция директиваларын» немесе «препроцессор директиваларын» іздеп табады. Әдетте бұл басқа мәтіндік файлдарды компиляцияланатын файлға қосу болып табылады. Препроцессорлық өңдеуді компилятор программа машиналық кодқа түрлендірілмей тұрып жүзеге асырады. Бұл біріктіру процесі басталмай тұрып қажетті функция-программаларды компиляцияланатын программаның мәтініне алып алуға мүмкіндік береді. Үшінші кезең– компиляция. С++ тіліндегі программаларда программаның сыртында баяндалған түрлі функцияларға сілтемелер болады. Мысалы, стандартты кітапханаларда немесе программалаушылардың жеке кітапханаларында болады. Компилятор құрған объектілік кодтың ішінде осы жоқ болған бөліктердің орнында ойықтар болады. Төртінші кезең– біріктіру. Біріктіруші объектілік кодты жоқ болған функциялардың кодтарымен байланыстырады да, осылайша орындалатын жүктемелік модульді құрады («ойықтарсыз»). Бесінші кезең – жүктеу. Орындалу алдында программа жадыға орналастырылуы қажет. Бұл жүктеушінің көмегімен жүзеге асырылады, ол программаның жүктеуші модулін дисктен алып, оны жадыға көшіреді. Алтыншы кезең – орындалу кезеңі. Программаның алғашқы іске қосудан бастап жұмыс істеп кетуі сирек кездесетін жағдай. Аталған кезеңдердің әрқайсысы қатемен аяқталуы мүмкін немесе қатенің салдарынан сәтсіз аяқталуы мүмкін. Сондай кезде программалаушы программаның бастапқы мәтінін түзету кезеңіне оралуы қажет. Ол программаның мәтінін жақсылап талдай отырып, қажетті өзгертулерді енгізуі керек. Сосын қатесіз жұмыс істейтін жүктеуші модульді алғанша программаның бастапқы мәтінімен жұмыс істейтін кезеңдердің барлығынан өту керек. С++ Builder-дің негізгі меню корсетілген. (1-сурет). 1. Басты терезе (Главное окно). 2. Негізгі меню (Основное меню). 3. Негізгі менюдің пиктограммасы. 4. Обьектлер мәзірі. 5. Жобаның мәтіні. 6. Жоба формасы. 7. Компоненттер мәзірі. Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті. Builder-ді алғаш шақырғаннан кейін «Builder» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарацияның WEB-беттеріне кіруге мүмкіндік туады. Негізі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады.Бұл терезе экранда барлық уақытта болады жəне ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Builder ортасының бас менюі, компоненттер палитрасы орналасқан. Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады. Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген жəне олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize-ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды тандап, оны экранға тасып апаруға болады. Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ынғайлы: Project/Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отладкалық режимді бақылау терезесіне кіру жəне т.б. Компоненттер палитрасы – Builder ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жəне онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранға көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі жəне т.б. Events (Оқиға) – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды. Код терезесі – программа мəтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мəтін арнайы ереже бойынша құрылады жəне программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мəтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Builder жүйесінде Объект Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н. Вирт 1970 жылы ұсынған жəне оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (Turbo Pascal, Borland Pascal жəне Object Pascal деп аталады). Builder-де программалар түрі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір əрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның əр іс-əрекеті оқиға шақырады. Əр объектіге байланысты оқиғалар көп. Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы жəне unit1, cpp атауы берілген модуль F12. Ең алғашында Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мəтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды. 1.2 1C++ Builder-дің өңдеу ортасы C++ Builder-дің интеграацияланған өңдеу ортасы (Integrated Development Environment – IDE) – бұл қосымщаларды жобалау, жүзеге асыру және тестілеу үшін арналған барлық қажеттіліктер бар және барлығы бағдарлама құру процесін жеңілдетуге бағытталған орта. Интеграцияланған өңдеу ортасында(ИӨО) кодтар редакторы, ретке келтіруші, инструменттер панели, бейнелер. Объектілік-бағдарланған амалды пайдалану арқылы қолданбалы программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және C++ Builder стандарттық қойылымында болатын, небары стандарттық кластар мен компоненттерді жинау принципі әзірлеуді едәуір жеңілдетуі және жылдамдатуы мүмкін. C++ Builder стандарттық қойылымында компоненттердің көп санының бар болуы, ортаны басқалардан C++ (мысалы, MS Visual C++) тілінің базасында ұтымды ажыратады . Ал программалау тілін таңдау C++ тілі конструкцияларының қысқа айтылушылығы және айқындылығы сияқты даусыз артықшылықтармен қамтамасыз етіледі. C++ Builder-дің негізгі меню жолы. File(файл) меню бөлімі жаңа проект, жаңа форма құруға, бұрын құрылған проект немесе форманы ашуға, белгіленген атауы бар файлдарға проектілер мен формаларды сақтауға көмектеседі. Edit(түзету,өзгерту) меню бөлімі Windows қосымшалары үшін қарапайым Clipboard буферімен алмасу операцияларын орындауға, сонымен қатар формада орналасқан компоненттер тобын өлшемі және орналасуы бойынша түзетуге мүмкіндік береді. Search(іздеу) меню бөлімі іздеуді жүргізуге және көптеген текстілік редакторларға тән қосымша кодында контекстілік алмастыруларды орындауға мүмкіндік береді. View(көру) меню бөлімі жобалауға қажетті әр түрлі терезелерді шақыруға арналған. Project(проект) меню бөлімі проектіден формаларды алып тастауға және қосуға, проект қасиеттерін белгілеуге, проектті оның орындалуынсыз компиляциясын орындауға мүмкіндік береді. Run(орындау) менюі проектті қадам бойынша жүріп отырып, кодтың көрсетілген нүктелерінде тоқтап, айнымалылардың мәндерін көріп, қалыпты немесе реттелген режимдерде орындауға мүмкіндік береді. Component(компонент) менюі арқылы жаңа компоненттерді құруға және орнатуға, компоненттер палитрасын конфигурациялауға, пакеттермен жұмыс жасауға болады. Database(деректер қоры) деректер қорымен жұмыс жасауға арналған инструментарийлерді қолдануға мүмкіндік береді.Tools(инструментарий) менюінде ИӨО-ны күйге кетіруге және әр түрлі қосымша бағдарламаларды орындауға мүмкіндік беретін бөлімдер реті бар,мысалы, Бейнелер Редакторын(Image Editor) шақыру, деректер қорын конфигурациялайтын бағдарламалармен жұмыс жасау. Одан басқа бұл менюге қолданушы өзі де әр түрлі бөлімдерді қосу арқылы кеіейте алады. Window(Терезе) менюі бөлімі жобалау барысында бір мезетте ашылып тұрған көптеген терезелерді ішінен керектісіне өтуге мүмкіндік береді.Help(анықтама) менюі С++ Builder-де орнатылған анықтама жүйесімен жұмыс жасауға көмектесетін бөлімдерден тұрады . редакторы, ретке келтіруші, инструменттер панели, бейнелер редакторы, деректер қорының инструментарийлері бар. Бұл интеграция әзірлеушіге бір-бірін толықтырып тұратын құрал-саймандар жиынын береді. Одан бөлек, ИӨО-ның менюін өзіңіздің қосымшаларыңызды қосуға мүмкіндік бар. Нәтижесінде қиын қолданбалы бағдарламаны жасауға арналған ыңғайлы орта пайда болады.ИӨО терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню жолы тұрады. Оның құрамы жартылай С++ Builder бағдарламасының нұсқасына байланысты. Негізгі меню жолынан төмен екі инструменттер панелі орналасқан. Сол жақ панель(ол өз кезегінде бірнеше панельдерден құралған) кейбір өте жиі қолданылатын меню командаларын қайталайтын тез кнопкалардың екі қатарынан тұрады. Оң жақ панельде визуальды компоненттер кітапханасының компоненттер палитрасы орналасқан. Компоненттер палитрасында закладкалары оның оң жағында көрсетілген бірнеше беттер бар. Палитра құрамы тек қана С++ Builder-дің нұсқасына емес,сонымен қатар Windows қосымша немесе кросс-платформалық қосымша құрғанға байланысты болады. Осыған байланысты компоненттер палитрасы не Visual Component Library – VSL құрамын, не болмаса cross-platform component library – CLX құрамын көрсетеді. Негізгі менюдің оң жақ бөлігінде тізім мен екі тез кнопка бар кішігірім инструменттер панелі бар. Бұл қолданушы өзі құрып және есте сақтай алатын ИӨО терезесінің әр түрлі конфигурациясын таңдау және сақтау панелі. Терезенің негізгі бөлігінде сол жақата екі терезе бар: үстіңгі бөлікте – Объектілер Талы (Object TreeView), оның астында – Объектілер Инспекторы (Object Inspector). Объектілер Талы терезесі сіздің қосымшаңыздың объектілері мен визуальды және визуальды емес компоненттердің иерархиялық байланысын көрсететін болады. Бұл терезелердің оң жағында бос форма терезесі тұрады, оған компоненттерді әкеліп қоюға болады. Оның астыңғы бөлігінде Кодтар Редакторы орналасқан. |