прог. Программалау жне программа, программалау тілдері. Программалау тілдеріні трлері. Программаны тзету (отладка), тестілеу
Скачать 102.98 Kb.
|
13. Файлдық типтер. Файлдармен жұмыс істеуге арналған жалпы функциялар. Файлдармен жұмыс. Файлдардан мәліметті енгізу-шығару. Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі). Файылдардымен жұмыс жасау үшін оларды ашу функциясы арқылы орындалады. Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді:
Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз. Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:
Көбінесе файлдар текстік және екілік болып бөлінеді. Бұлай бөлу адамдың ойлау психологиясына байланысты: баспа символдары бар берілгендер текстік деп есептеліп, қалғангдары екілік деп есептеледі. Файлдармен жұмыс істеу схемасы барлық программалау тілінде бір:
Файл ашылған оған басқа программалар арқылы қатынас жасауға болмайды. Бұл ақпараттарға енудің бөлінуі деп атайды. 2. Файлдарға берілгендерді өңдеу жүреді:олар өзгертіледі не жойылады не қосылады. 3. Файл жабылады Ену әдісі Ену әдісі OPEN операторында ACCESS кілтті сөзі және берілгендермен операция орындау мүмкіндігін анықтайтын қосымша параметрлер арқылы беріледі. OPEN {файл аты} ACCESS {ену әдісі} AS … READ –тек оқу үшін WRITE- тек жазу үшін READ WRITE - оқу және жазу үшін (RANDOM, BINARY, APPEND режимдерінде пайдалану мүмкін) Мысалы: OPEN “С:/ tmp / temp . dat” FOR INPUT ACCESS READ AS Енуді шектеу (Блокирование доступа). OPEN операторының енуді шектеуді басқаратын кілітті сөздері: SHARED – Файл ашылған соң басқа программалармен өңдеу үшін енуге болады. LOСK READ – Басқа программалар арқылы файлдан оқуды шектеу. LOСK WRITE – Басқа программалар арқылы файлға жазуды шектеу. LOСK READ WRITE – Басқа программалар арқылы файлға оқу-жазуды шектеу. Мысалы: OPEN “C:/ tmp /temp. dat” FOR INPUT ACCESS READ LOСK READ WRITE AS # 1. Жазу өлшемі. OPEN операторының соңғы міндетті емес операторы файлдағы жазу өлшемі (LEN ={жазу ұзындығы}). Үнсіз келісім бойынша файлды RАNDOM режимінде ашуда бұл өлшем 128 байт, қалған жағыдайда 512 байт. Мысалы: OPEN “C:/ tmp / temp. dat” FOR INPUT ACCESS READ LOСK READ WRITE AS # 1 LEN = 1000. Файл өлшемі. Файлдармен жұмыс кезінде кейде файлдар өлшемін білу пайдалы болады. Оны LOF ({файл нөмірі}) функциясы анықтайды. Print LOF (1) Файлды жабу Ашылған файл CLOSE # {файл нөмірі} операторы арқылы жабылады. Егер нөмір көрсетілмесе ашылған барлық файл жабылады. Жабу үшін RESET операторында пайдалану мүмкін. |