|
Информатика 3-тоқсан 8-сынып (1). Программалау. Кні Малімні атыжні Сынып 8 атысандар атыспаандар Сабаты таырыбы
Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Python тілінде алгоритмдерді программалау. Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| §4.1. For циклі
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| 8.3.3.2 for цикл операторын пайдалану;
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушы: For циклін Python программалау тілінде қолдану тәсілін анықтау;
Оқушылардың көбі: Python программалау тілінде For циклінің орындалуын талдау, қолдану;
Кейбір оқушылар: For циклін қолданудың маңыздылығын бағалау.
| Ойлау дағдылары
| Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
| Бағалау критерийі
| For циклін Python программалау тілінде қолдану тәсілін анықтайды; Python программалау тілінде For циклінің орындалуын талдайды, қолданады; For циклін қолданудың маңыздылығын бағалайды.
| Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика мен терминология:
Цикл-цикл-loop Үшін-для- For
Диапазон-диапазон-Range Шексіз-бесконечный-infinite
| Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Алгоритмді құру кезінде қайталану саны белгілі болса қандай цикл қолданылады? range функциясы ... жасайды. for операторын range функциясын қолдану түрлерін анықтаңдар.
| Құндылықтарға баулу
| Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылықтарына сәйкес оқушыларды еңбекке және шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, өмір бойы білім алуға баулу. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.
| Пәнаралық байланыс
| Программа кодтары ағылшын тілінде жазылады.
| Алдыңғы білім
| Python программалау тілінде сызықтық, шартты алгоритмдерді программалау.
| Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері/уақ ыт
| Мұғалімнің іс- әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі/3мин
Топқа біріктіру/2мин
Қызығушылы қты ояту Өткен сабақты пысықтау
/7мин
| Сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал орнату, ширату жаттығуы.
«Топтасқан сандар»тәсілі арқылы топтарға біріктіру.
«Жаңбырша жауғансұрақтар»әдісі.
| Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі «Пойыз» жаттығуы. Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1, 2, 3-ке саналып алады. 1-нөмірдегілер қолдарын бір рет соғып, аяқтарымен еденді екі рет тарсылдатады, 2-нөмірдегілер қолдарын екі рет соғып, аяқтарымен еденді үш рет тарсылдатады. Ал, 3- нөмірдегілер қолдарын үш рет соғып, аяқтарымен еденді бір рет тарсылдатады.
«Топтасқансандар»тәсілі арқылы 1, 2, 3 деп ретімен саналған бойынша оқушылар топқа бірігеді.
Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алып оқушы, сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі қарай лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.
|
Қошемет көрсету.
Смайлик арқылы ҚБ.
|
Оқытудың белсенді әдістері NIS.
Астана,
2013
|
Миға шабуыл/3мин
|
«Миғашабуыл»әдісіарқылы өткен сабақпен жаңа сабақтыұштастырумақсатындапроблеманы біргешешу.
| Берілген сурет туралы не ойлайсындар? Оқушылар сын тұрғысынан ойланып өз пікірлерін айтады. Тақырыпты өздері ашады.
| Ауызша мадақтау.
|
|
|
| Циклдер жайлы не білесің? Бұл ұғымның біздің өмірімізге қандай байланысы бар?
|
|
|
|
| Табиғат пен адам өмірінде циклдердің маңызы қандай? Циклдердің адам өміріндегі маңызы қандай деп ойлайсыңдар? Математикада циклдерге не жатады?
|
|
| Сабақтың ортасы.
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс/5мин
| Оқулықта берілген ақпаратты оқушылармен бірге талдайды.
Слайд материалы арқылы таныстырылым жасайды.
| Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады, визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды. Мақсаты: аудиал мен визуал оқушылардың білім алуына жағдай жасау.
|
|
|
| Дәптерменжұмыс:
| Негізгі ұғымдар мен сабақта қолданылатын термин сөздерді дәптерлеріне жазады.
Үш тілде берілген термин сөздерді мұғаліммен бірге қайталайды.
|
| Информат ика. 8 - сынып оқулығы
|
Практикалық жұмыс/15мин
|
1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім көмектеседі.
| тапсырма
Оқушылар практикалық тапсырмаларды жеке орындайды.
1)
K мен N (1≤K≤N≤100) барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрастыр.
Дескрипторлар:
Жұп сандарды анықтайды; Қайталану санын анықтайды; Жұп сандарды табу алгоритмін құрады; Алгоритмді компьютерде программалайды; Нәтижесін тексереді.
2)
N(10≤N≤99) санына дейінгі екі таңбалы сандар арасында екі цифры да бірдей сандарды экранға шығаратын программа
| 4 балл
|
Компьюте р, информати ка. 8- сынып оқулығы
|
Топтық жұмыс
|
2-тапсырма көлемі үлкен тапсырма.
Алдымен мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетінше орындайды.
| құрастыр. Екі таңбалы сан 10- нан басталады.
Дескрипторлар:
Екі таңбалы сандар диапазонын анықтайды; Екі саны бірдей сандарды анықтайды; Екі саны бірдей сандарды анықтау алгоритмін құрады; Программаны компьютерде орындайды; Нәтижесін тексереді.
3)
8 «А» сыныбында N (0 < N < 30) оқушы бар. Оқушылардың бойлары көрсетілген. Егер сыныптағы оқушының бойы 140 см- ден қысқа болса, ол аласа бойлы оқушыға жатады. Сыныпта неше оқушының бойы аласа екенін анықтайтын программа кодын жаз. .
Дескриптор:
Қатысқан оқушылар санын енгізеді; Бойларының ұзындығын енгізеді; Бойларын салыстырады; Сыныпта аласа бойлы оқушылардың санын анықтайтын
2-тапсырманы мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше орындайды.
Практикалық жұмыста орындалған программа кодын (3-сурет) талдаңдар. Егер есеп шартын «оқушылардың бойы 140 пен 155 см аралығында» деп өзгертетін болсақ, программа кодына қандай өзгеріс жасау керек? Себебін түсіндіріңдер. Дескриптор
- For операторының қызметін анықтайды.
|
|
|
Жұптық жұмыс
|
3-тапсырма шығармашылық тапсырма. Өз беттерінше орындауын қадағалайды.
| тапсырманы өз беттерінше орындайды.
Параметрлі циклдер көмегімен орындалатын қарапайым бір мысал құрыңдар. Құрған мысалдарыңның Python тіліндегі
программа кодының жобасын дайындап, ұсыныңдар.
Дескриптор
Параметрлі циклді анықтайды; Параметрлі циклді қолданады.
|
|
| Сабақтың соңы
Ой толғаныс. Жаңа сабақты бекіту/3мин
Кері байланыс:
/2мин
| Сабақты бекіту үшін
«эссе» әдісін қолдану.
«Тілек ағашы» әдісі.
| Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
Циклдік операторларды программалауда қолданудың маңызына баға бер.
Дескриптор
-параметрлі циклді қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тілек ағашына жапсырады
| Өздерін-өзі бағалау.
| А4 парағы
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеттірек оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулы қ және қауіпсізді к техникас
ын сақтау
| Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту. «Топтасқан сандар» топқа біріктіру, «Сұрақтар жаңбыры» әдісі бойынша өткен тарауды пысықтау, миға шабуыл , саралау тапсырмалары, эссе , кері байланыс жасату: «Тілек ағашы».
| Фигуралар арқылы, ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру
| Компьюте рмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске
түсіру.
| |
|
|