моделирование. СӨЖ №4. МОДЕЛЬДЕУ. Программалау нтижесін жазу 6 Маятник. Жк салмасыз созылмайтын зындыы l 5 м
Скачать 0.87 Mb.
|
«Физикалық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу» пәні бойынша СӨЖ №4. Бурсианнан 2.6.1., 2.6.2., 2.6.3. есептері берілген. Әрбір есеп 5 балмен бағаланады. Әрбір есепті мына құрылым бойынша жазасыздар: Есептің берілгені; Есептің аналитикалық шешімі; Есептің аналитикалық шешімінің нәтижесіне талдау жасау !!! Есепке программа жазу; Программалау нәтижесін жазу; 2.6.1. Маятник. Жүк салмақсыз созылмайтын ұзындығы l=0.5 м ілгіште үлкен амплитудамен тербеледі. Тербеліс периоды максимум ауытқу бұрышының шамасына тәуелділігі қалай болар еді? Нұсқау: Сызбадан маятникті ауытқу бұрышы φ-ге тең болатын орыннан тепе-теңдік орнына қайтаратын күш моментін табыңдар. Айналмалы қозғалыстың теңдеуін жазыңыздар және дифференциальдық теңдеулерді 12-13 дәрісте көрсетілген әдістермен шығарыңдар. 2.6.2. Шұңқырдағы шарик. Радиусы r=2 см шарик радиусы R=10 см сфералық шұңқырда тербеледі. Тербеліс периодының алғашқы ауытқу шамасына тәуелділігін табыңыздар. Нұсқау: Шарик радиусы R шеңбер доғасының бойымен қозғалып қана қоймайды, ол өз осінен де айналатынын ескеріңіздер. 2.6.3. Қарындаштың құлауы. Ұзындығы l=18 см ұшына тұрғызылған қарындаш қанша уақытта құлайды. Қарындаш әуеліден вертикальдан ауытқыған деп есептеңіздер. Бұл ауытқу 10-қа тең. Нұсқау: Сызбасын сызып, осы жағдай үшін айналмалы қозғалыстың теңдеуін жазыңыздар. Есепті шығару үшін 12-13 дәрістерді қолданыңыздар. Есептің жауабы: Бурсиан Э.В. 141-147 беттерде |