Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
| Ширату тапсырмасы «Жылдам фото» ойыны
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/.
|
|
|
4. Топтастыру:
| «Жыл мезгілдері» әдісі. Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
| 1-топ: «Қыс»
2-топ: «Көктем»
3- топ: «Жаз»
4-топ: «Күз».
|
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
| «Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
| Бәйге – қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы. Шабандоз бәйге алаңын толық бір айналып шықты (1-сурет). Шабандоздың әрекетін ретімен ата. Алаңды толық бір айналу оқиғасын неше әрекетке бөлесің? (2-сурет).
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беру барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Жаңа сабаққа дайындық.
| Жаңа сабаққа кіріспе.
Мұғалім сөзі: Күнде түрлі іс-әрекеттерді, тапсырмаларды орындайсың. Белгілі бір қадамдардан кейін нәтижеге жететін іс-әрекеттердің реті алгоритм деп аталады.
| (МК, Д) Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мысалдармен танысып, өзара бір-бірімен ой бөліседі. Мұғалім толықтырып отырады
| ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
| Оқулық.
|
| Жұмыс дәптеріндегі №3тапсырманы орында.
| Ағаш отырғызудың ретін анықтап, алгоритмнің блок-сызбасын құрастырып жаз.
| «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Жұмыс дәптері.
15-бет
|
Сабақтың ортасы
(31 мин)
| (МК, Т) Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма: Асқардың қысқартылған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмге блок-сызба құрастыр.
| Дескриптор:
Топта бір-бірімен ақылдасып, ой бөліседі. Берілген алгоритмге блок-сызба құрастырады. Топтар арасында бір-бірімен бөліседі.
| ҚБ: Топтық жұмыста оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
| Жұмыс дәптері.
|
| (Д) Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма Асқардың таңертеңгі іс-әрекеті 4-суретте берілген. Оның іс-әрекетін ретімен орналастыр. Алгоритімін сөз және блок-сызбамен ұсыныңдар.
| Дескриптор:
Берілген суретпен танысады. Асқардың іс-әрекетін реттілікпен сөз түрінде жазады. Жазылған алгоритмнің блок-сызбасын құрастырады.
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
| ***.(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
3-тапсырма Домино тастарын біреуі қалып кетпейтіндей орналастыру алгоритмін тап. Алгоритмнің блок-сұлбасын құрастыр.
| Дескриптор:
Жұптасып өз-ара ақылдасады, ой бөліседі. Орналастыру алгоритмін жазады. Алгоритмге блок-сұлба құрастырады.
| ҚБ:
Жұптық жұмыста оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
| Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия.
| (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.
| Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
| ҚБ: «Кемпірқосақ» әдісі Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
| Интерактивті тақта
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Басбармақ» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|