Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
| Ширату тапсырмасы. «Жұмбақ зат» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
|
|
|
4. Топтастыру
| «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру
| 1-топ: «Мысық пен тышқан».
2-топ: «Екі лақ»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.
|
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
| «Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
| Халық ежелден ертегіге бай. 1-суретте екі лақтың әрекеті бейнеленген. Әрекеттер реті дұрыс берілген бе? Әрекеттерді ретімен орналастыр.
| ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.
| Қағаз қиындылары
|
Жаңа сабаққа дайындық.
| Жаңа сабаққа кіріспе. « INSERT» әдісі
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.
INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Мұғалімнің сөзі
Күнделікті бір-бірімен байланысты түрлі іс-әрекеттерді орындаймыз.
| Интерактивті тақта
Жұмыс дәптері
|
| Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.
| «Толағай» мультфильмін көрдің бе?
1) Іс-әрекеттердің ретін дұрыс көрсет.
2) Суретке қарап, ертегі оқиғасын құрастыр.
| «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
| (МК, Т) Топтық жұмыста мұғалімнің көмегімен төмендегі тапсырманы орындайды.
1-тапсырма
Берілген мысалдар тізбегін орында.
1) Сұрақ белгісінің орнындағы сандарды тап.
2) Мысалды орындауды неше іс-әрекетке бөлуге болады?
| Дескриптор:
Топта бір-бірімен ақылдасады, ой бөліседі. Белгісіз сандарды табады. Есептің орындалу іс-әрекетін қадамдарға бөледі.
| ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
| (Ж) Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма Әріптерді дұрыс орналастырсаңдар, танымал қазақ, орыс халық ертегілерінің атауын табасыңдар.
| Дескриптор:
Әріптерді дұрыс орналас-тырады. Танымал қа-зақ, орыс халық ертегілерінің атауын табады.
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.
| Жұмыс дәптері
|
| (Ө) Дәптермен жұмыс. Сабақта өтілген жаңа ақпараттарды пайдаланып, дәптерге өз мысалдарын жазады.
| ***. 3-тапсырма
Әрекет, оқиғаға қандай мысал келтіресің?
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.
| Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия.
| (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.
| Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Смайликтер» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|