Главная страница
Навигация по странице:

  • Аппараттық жасақтама

  • Виртуалды машина

  • Смартфондар

  • прпр. Программалы жасатама кмегімен жасалан жасанды компьютер Виртуалды машина Виртуалды тур


    Скачать 40.98 Kb.
    НазваниеПрограммалы жасатама кмегімен жасалан жасанды компьютер Виртуалды машина Виртуалды тур
    Дата20.12.2022
    Размер40.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаf62199f705e31e0.docx
    ТипПрограмма
    #855658

    ТЕСТ 2 https://youtu.be/SnQkTfSpfOU


    ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
    1. Арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер:

      1. Виртуалды машина

      2. Виртуалды тур

      3. Кеңейтілген шындық

      4. Виртуалды шындық

      5. 3D графика
    2. Виртуалды машиналарды таңдаңдар (3 жауап дұрыс):

      1. VirtualBox

      2. VMware

      3. Microsoft Virtual PC

      4. Microsoft Office

      5. Mac OS
    3. Бос орынды толтырыңдар:

    Cмартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефон- дар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер) ... деп аталады.
    1. Құрылғылардың атауын суретімен сәйкестендіріп, анық- тама беріңдер:



    1. Смартфон ...


    1. Ноутбук ...


    1. Электронды кітап ...


    1. Планшет ...



    1. Бос орынды толтырыңдар:

    Сенсорлық экран деректерді ... және планшетті ... үшін қызмет етеді.
    1. Мобильді құрылғылар элементтерін белгілеңдер (4 жауап дұрыс):

      1. Жады

      2. Пернетақта

      3. Процессор

      4. Принтер

      5. Бейнежылдамдатқыш

      6. Сканер

      7. Байланыстырушы компоненттер
    2. Компьютердің негізгі функциялары (4 жауап дұрыс):

      1. Processing (өңдеу)

      2. Simplicity (қарапайымдылық)

      3. Control (басқару)

      4. Visibility (көрнекілік)

      5. Memory (сақтау)

      6. Attractiveness (тартымдылық)

      7. Transfer (беру)
    3. Компьютерлік жүйе сапасының негізгі көрсеткіштерін ажыратыңдар:

    Өнімділік, практикалық, энергетикалық, ғарыштық, жүйелердің сенімділігі мен тиімділігі, желілік, экономи- калық
    1. Мобильді құрылғылар сызбасына кіретін құрауыштарды белгілеңдер (4 жауап дұрыс):

      1. Дисплей

      2. Сенсорлық экран

      3. Жүйелік тақша

      4. Аккумулятор

      5. Құлаққап

      6. Дауыс зорайтқыш

      7. Адаптер

      8. Модем
    2. Бос орындарды толтырыңдар:

    Мобильді құрылғылар сызбаның соңғы компоненті ... (1) бо- лып табылады. Олар ... (2) түрге бөлінеді: ... (3) және ... (4).

    3-БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ


    Аппараттық жасақтама бөлімі бойынша сендер «виртуал- ды машина», «мобильді құрылғы», «программалық жасақта- ма», «аппараттық жасақтама» ұғымдарымен танысып, әрбір ұғымның негізгі мақсаттарын түсіндіңдер. Виртуалды маши- надағы операциялық жүйе, виртуалды машинаның мақсаты мен міндеттері, виртуалды компьютерлерді құру және басқа- руға арналған программа түрлері қарастырылды. Мобильді құрылғылардың түрлері, негізгі компоненттері, оның ішінде, аккумуляторлық батарея, қоректендіру контроллері, жүйелік тақша, орталық процессор, жедел жады, пернетақталық мо- дуль, құрылғының LCD дисплейі, сенсорлық экран, қабылда- ғыш-таратқыш, антеннаның сипаттамалары келтірілді. Аппа- раттық және программалық жасақтаманың даму заңдылықта- ры, атап айтқанда, компьютерлік жүйелерді ұйымдастырудың негізгі принциптері, заттық-энергетикалық және ақпараттық тұтастық, функционалдық және құрылымдық тұтастықты арт- тыру, негізгі функцияны архивтеу, сапа көрсеткіштерінің өза- ра байланысы, аппараттық және программалық шешімдер мен технологиялардың сабақтастығы қарастырылды. Бұл бөлімнің маңыздылығы сендерге виртуалды машинаның мақсатын, мо- бильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамала- рын келтіріп, сендердің аппараттық және программалық жа- сақтаманың даму заңдылықтары туралы жалпы білімдеріңді қалыптастыру болып табылады.

    Глоссарий

    Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.

    Мобильді құрылғылар басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табы- латын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, теле- фондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер).

    Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасы- малдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар.

    Планшеттер үлкен экранмен жабдықталған және Интер- нетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.


    написать администратору сайта