Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы. Бейбіт Нұрсая. Программасы Баыты Жаратылыстану математикалы. Секция олданбалы математика жне информатика
Скачать 1.45 Mb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ШАЯН КӨПСАЛАЛЫ ЛИЦЕЙ- ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Ғылыми жұмыс Тақырыбы: «Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы » Бағыты: «Жаратылыстану - математикалық». Секция: «Қолданбалы математика және информатика» Оқушы Бейбіт Нұрсая Мұғалімі: Султанбекова Бибигуль Шаян ауылы 2021-2022 оқу жылы Фамилиясы: Бейбіт Аты: Нұрсая Тегі: Бақтиярқызы Туған жылы: 18.02.2011 жыл Оқу орны: Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сыныбы: 5 « Ә » Таңдаған пәні: Информатика Тақырыбы: «Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы » Шаян көп салалы лицей - жалпы орта мектебінің Бейбіт Нұрсая «Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы » атты ғылыми жобаға ОЙ ПІКІРІМ Ғылыми жобада ретінде «Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы» .Бұл дұрыс таңдау. Паскаль тілінің мүмкіндігі мол , мықты тіл. Ғылыми жобада меңгерту арналған тақырыптар зерттеліп«Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы» келтірілген. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар, EXPO-2017 көрмесінің Қазақстан ұсынып отырған «Болашақ энергиясы» тақырыбы - қазіргі заманғы жаһандық маңызы зор, бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселе - энергияны тұрақты пайдалану болып табылады. Көптеген олимпиадалық есептері дәстүрлі әдістермен пайдаланған оңтайлы және тиімді. Бірақ әлі де болса, тақырыптың мазмұнын тереңдей ашуды қажет етеді. Мұндай жұмыстарға тек қолдау көрсетуге болады. Халықаралық гуматарлық -техникалық университетінің « информатика және математика » кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Мазмұны: I Кіріспе: «Жасыл энергия» - болашағымыз ........................................................ 3 бет II Негізгі бөлімі «Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы » 4-5 бет. Тарихқа үңілсек ............................................................................... 5-6 бет Күн батареялары ..............................................................................6 бет Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы 6-11бет Күн батареяларының қолдану аймағы....................................12-13 бет Энергияны күннен алудың тиімді тиімсіз жолдары.............13-14 бет III Қорытынды бөлім ..................................................................................15 бет IV Пайданылған әдебиеттер .....................................................................16 бет Аннотация Зерттеудің мақсаты: Еліміздің тұрғындарын күнделікті тұрмысқа қажетті энергиямен қамтамасыз етудегі кейбір мәселелерге тоқталып, күн сәулесін пайдалану жолдарын қарастыру Цель исследования: Рассматривать пути использования сонечных лучей, обсуждать некоторые проблемы, касающихся энергий применяемые в быту. The purpose of research: To consider ways of use solar beams, to discuss discuss some problems, concerning energi applied in a life. Тақырыптың өзектілігі: Жер қойнауындағы қазба байлығын үнемдеу, болашақта энергия тапшылықты болдырмау. Особенности темы: Экономить полезные ископаемые, чтобы избежать от недостатка энергий. Features of a theme: To save minerals, to avoid from lack energi. Зерттеудің міндеті: Күннің неге энергия көзі болып табылатынын зерттеп, күн сәулесін ата-бабаларымыз қалай пайдаланғанын және қазіргі кезде күн сәулелерін пайдаланудың маңыздылығын көрсету. Обязанности иследования: Показать особенности солнечной энергий, которые использовали наши предки и которой пользуются в данное время. Duties research. To show features solar energi which were used with our ancestors and which use at present. Зерттеу жұмысының дерек көздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды. Информация об исследовательской работе: Были взяты материалы из учебников и научных трудов. The information on research work: materials Have been taken from Textbooks and proceedings. Болжам: Осы тақырыпты зерттей отырып, біз болашақта энергияны толықтай табиғаттан (күн, жел, теңіз толқындары және айдан да ) алуға болады деген болжамға келдік. Прогноз: Иследуя тему мы пришли к выводу о том, что в будущем энергию можно польностью взять от природы то есть от солнца, ветра, морской волны и от луны. The forecast: research a theme we have come to conclusion that in the future energy can thick be taken by nature that is from the sun, a wind, a sea wave and from the moon. Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу барысында өз бетімен іздеу, мағұлмат алу, жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды. Методы исследования: Были использованы материалы анализа и сопоставление самостоятельная работа над темой. Methods of research: materials of the analysis and comparison independent work above a theme Have been used. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында жинақтаған материалдарды және алынған нәтижелерді алдағы уақытта осы тақырыпты терең зерттеу жұмыстарына, тірек-сызба жасауда, класстан тыс жұмыстарда пайдалануға болады. Исследование теоретическое и практическое значение: Собранные материалы можно использовать внеклассной работе. Готовить схемы –поддержки, кластеры. Research theoretical and practical value: the Collected materials can be used to out-of-class work. To prepare for schemes of-support, klaster. Зерттеудің жаңалығы: Күн энергиясын қосымша энергия ретінде пайдалану арқылы қазба байлықтарымызды үнемдеп, табиғатқа зиян келтірмей ұрпақтарымызға жеткіземіз. Исследование новшество: Применение солнечной энергий приводить к экономике полезной ископаемой, донести до будущего поколения не принося вреда пресреде. Research an innovation: Application solar energi to lead to economy useful mineral, to inform up to the future generation not bringing harm to environment. Зерттеу жұмысының құрлымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттерден тұрады. Структура исследование работы. Введение научного проекта , основная часть заключения использованные материалы. Structure research of work. Introduction of the scientific project, the basic part of the conclusion the used materials. I Кіріспе «Жасыл энергия» - болашағымыз Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнер кәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. Соңғы жылдары елімізде де қалпына келетін энергия көздеріне энергетика -лық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарай бастады. Мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Оның өз жөні бар. Ең алдымен, қайта қалпына келетін қуат көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық мәселелердің түйінін тарқатады деуге болады. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерінің тұрақты кешенін құру мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асатын шаруа болғандықтан, бұл мәселе үкімет деңгейінде қолға алынған. Қазақстан қалпына келетін энергия көздерін пайдалануда зор әлеуетке ие. Аға-апаларымыздың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағатқа жетеді екен. Бұл салада жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес, Қазақстан Мойнақ СЭС-і, Кербұлақ СЭС-і мен Бұлақ СЭС-і сияқты ірі жобаларды іске асыруды бастап кетті. Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті де жоғары. БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде желдің жылдамдығы 6 м/с-тан асатынын дәлелдеп берді. Бұл ретте, Балқаштың климаттық жағдайы ерекше маңызға ие. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады. Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын да пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының әлеуеті өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін орталық электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан аудандарда күн қондырғылары орнатылуы тиіс. Қазақстанда қайта қалпына келетін және баламалы энергетика саласы кенже қалған. Елімізде соңғы жылдары осы саланы қолдауға бағытталған заңнамалық базалар мен бірқатар салалық бағдарламалар қабылданды. Республикамыз қайта қалпына келетін энергия көздерін дамытуды заңдық тұрғыдан мықтап бекітіп алған. Нақты жұмыстар атқарылуда. Ендеше, баламалы энергетиканы қолдану ел экономикасын жаңғыртудың маңызды факторына айналатын күн де алыс емес деген сөз. II Негізгі бөлімі Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтылған энергетикалық тапшылық – бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында, әсіре Қазақстанның ұлан-ғайыр, әрі бай жер қойнауында қазба байлығының мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр. Алайда, шикізат көзі өлшеусіз емес, бір күні ол да шегіне жетеді. Әсіресе, бүгінде жоғарыда айтылғандай,отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан Күн энергиясын қолдану өркениеттің дамуының негізгі факторы болып табылады. Біз энергияның қосымша көзінің бірі – Күн сәулесі деп ойлаймыз және осы ой аясында біраз зерттеулер жүргіздік. Қосымша энергия қоры ретінде Күнді пайдаланудың мәні және пайдасы зор. Өйткені, оның экологияға зияны жоқ және жер бетіндегі тіршілікке үйреншікті энергия көзі. Адамзат, күн энергиясының ағынын өз бақылауына алып, қолдану арқылы жердің климатын сақтап қана қоймай, сонымен бірге энергияны да көп мөлшерде үнемдейді. Әлемнің шырағы атанған Күн планетасы бізге жақын орналасқан алып термоядролық реактор. Оның қайнаған «қазанында» әрбір секунд сайын төрт миллион тонна сутегі жанады. Күн батареялары Қазіргі таңда күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын құрылғы - күн батареясын ойлап тапты. Күн батареялары – күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын ток көзі. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Күн батареясы сондай-ақ, тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды (калькулятор, қол сағаты, т.б.) токпен қоректендіру көзі болып табылады. Күн батареясын түрғын үйлердің шатырларына да орналастырады. Күн батареясының тұрғындарға зияны жоқ, тұрмыс-тіршілікке кедергі келтірмейді. Үйдің шатырына орнатылған күн батареясы жиі ауыстыруды, орнынан қозғауды қажет етпейді. Күннің жерге беретін шуақ энергиясы – Pascal программасы ABC» uses crt,graphABC; var x,y: integer; begin setwindowsize(500,500); hidecursor; lockdrawing; x:=250; y:=250; setbrushcolor(clyellow); setpenwidth(4); repeat clearwindow(clskyblue); setpencolor(clyellow); line(x-100,y,x+100,y); line(x,y-100,x,y+100); line(x-95,y-20,x+95,y+20); line(x+95,y-20,x-95,y+20); line(x-20,y-95,x+20,y+95); line(x+20,y-95,x-20,y+95); line(x-90,y-40,x+90,y+40); line(x+90,y-40,x-90,y+40); line(x-40,y-90,x+40,y+90); line(x+40,y-90,x-40,y+90); line(x-80,y-60,x+80,y+60); line(x+80,y-60,x-80,y+60); line(x-60,y-80,x+60,y+80); line(x+60,y-80,x-60,y+80); circle(250,250,60); sleep(150); redraw; clearwindow(clskyblue); setpencolor(clred); line(x-100,y,x+100,y); line(x,y-100,x,y+100); line(x-95,y-20,x+95,y+20); line(x+95,y-20,x-95,y+20); line(x-20,y-95,x+20,y+95); line(x+20,y-95,x-20,y+95); line(x-90,y-40,x+90,y+40); line(x+90,y-40,x-90,y+40); line(x-40,y-90,x+40,y+90); line(x+40,y-90,x-40,y+90); line(x-80,y-60,x+80,y+60); line(x+80,y-60,x-80,y+60); line(x-60,y-80,x+60,y+80); line(x+60,y-80,x-60,y+80); setpencolor(clyellow); circle(250,250,60); sleep(150); redraw; until keypressed; А лайда күн батареясының жұмысына ауа райы әсер етуі мүмкін. Күн көзін бұлт көлегейлегенде батареяның энергия шығаруында кедергі болуы мүмкін. Күн батареясы орнатылған тұрғын - үйлер күндіз күн батареясымен қуаттанса, түнде энергия қордаланған қосымша батареяны пайдалануға болады. Сонымен бірге зерттеулер жүргізіп жүріп мынандай жағдайларға тап болдық. Қазіргі кезде еліміздің малшылары, шалғай елді мекенде тұратын адамдар күн батереясын қолданатынына көз жеткіздік күн батареясы. Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылы, 30 наурыз 2013 жыл.«Күн батареясы» арқылы үйін жарықтандырып отырғандардың бірі – Алматы қаласының іргесіндегі, Талғар ауданына қарайтын Жалғамыс аулының тұрғыны Райгүл. Ол кісінің бұл ауылға көшіп келгеніне бір жыл ғана болыпты. – Бұрын басқа жақта пәтер жалдап тұрдық. Былтыр ғана осы маңнан жер алып, шағын баспана тұрғыздық. Свет әлі келген жоқ. Мынаны осыдан төрт жыл бұрын Қытайдан сатып әкелгенмін. Басында шешем ұстады. Кейін оларға ток келгеннен кейін біз алдық. Қазір осымен күн көріп отырмыз, – деп сұхбат беріпті Райгүл апамыз. Күн қуатынан электр қуатын өндіретін бұл құрылғыны Моңғолия мен Қытайда тұратын қазақтар көп қолданады. Баян-Өлгийде тұратын Жанарбек Ақби есімді азаматтың айтуынша, моңғол үкіметі Жапония, Сингапур және Қытайдан күн батареясын арнайы жобамен алдырып, малшы қауымға бір отбасыға арналған шағын күн батареяларын тегін таратып берген– Мал бағып өмір сүретін қазақ малшы қауымы бұл құрылғыны 1994 жылдан бастап пайдалана бастады. Жұрт онымен үйлерін жарықтандырады, қосымша Киіз үйге сүйеулі тұрған "күн батареясы" панелі. Моңғолия спутниктік табақ сатып алып, өздері қалаған 50-ге тарта телеарналарды көреді. Қазір тау-тастағы қыстауда, не жаз жайлауда киіз үйлердің қабырғасынан айнасын күнге қарата салып, кешкісін жарықпен қатар телеарналарды көреді. Моңғолия қазақтары осы күн батареясының көмегімен Қытайдың қазақ тіліндегі екі арнасын және Қазақстаның «Қазақстан» арнасын көріп отыр, – дейді жайлауда күн батереясын пайдаланып отырған Монғолия қазақтары. 13 шілде 2012 жыл.Күн батареяларында шикізат ретінде кремний қолданылады. Күн кремнийiнiң жоғары құны қол жетімсіз болғандықтан, әр түрлi елдердiң ғалымдары оның құнын төмендететiн кремнийдi алудың жаңа технологияларын әзiрлеуде. Алайда, күн кремнийiне сұраныс өте жылдам өседi және ұсыныстардан озық жүредi. Күн электр стансасы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, оның үстіне өз құнын 100 па-йыз ақтайтын тиімді қондырғы. Жұмыс істеу мерзімі шамамен 30 жыл. Осы 30 жыл ішінде жасалуына небәрі 1 кг күн кремнийі жұмсалған элемент жылу электр стансасында мұнайдың 100 тоннасынан немесе Атом электр стансасында 1 кг байытылған ураннан өндірілетін соншалықты электр қуатын бере алады. Қазақстан үшін Халықаралық Энергетиктер Қауымдастығы ұсынған формула бойынша, алдын ала жасалған есептеулерге сәйкес шағын күн электр стансасын орнату нәтижесінде көмірқышқыл газы шығарындылары жылына 750 кг-ға азаятын болады. Қазiргi уақытта 2300 тонна ұсынған кезде сұраныс жылына 5-6 тоннаға жетедi, сондықтан күн кремнийiн емес, неғұрлым жоғары жартылай өткiзгiштiк сапасындағы кремнийдi пайдалану арқылы тапшылық жабылады. Осыған дейін күн батареялары «Үстірт» (Ақтау) және «Ақжайық» (Атырау) мемлекеттік табиғи қорықтарында орнатылған болатын. Аталмыш күн батареялары мемлекеттік инспекторлардың жұмыс тиімділігін арттыруға, жекелеген учаскелердің өзара байланысы үшін оларды тұрақты қысқа толқынды байланыспен (рациямен) қамтамасыз етуге, сонымен қатар қорықта мекен ететін түз тағысына әрі ұшып өтетін құстарға электр кернеуінен болатын әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Күннен қуат алатын көше шамы. Теміртау, 3 маусым 2010 жыл. Қазақстан ғалымдары бұрын отандық шикiзаттан металлургиялық және жартылай өткiзгiш кремний алу технологиясы саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiздi. Күн батареялары мен жартылай өткiзгiштердiң жұмыс тиiмдiлiгi тазалық деңгейiне қарай алынатын кремнийдiң төменгi сапасы жүргiзiлген ғылыми зерттеулердiң негiзгi проблемасы болып табылады. Осыған байланысты «күн сапалы» кремнийдi алу үшiн металлургиялық кремний мен силан шикiзатын тазарту процесi саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу болжанады. Күн батареяларының қолдану аймағы Жер бетіндегі энергия ресурстарының шектеулілігі күн энергетикасын дамытуды қажет етеді. Күн энергиясы қоршаған ортаға қауіпсіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. Жарты ғасырдан артық уақытта ғалымдар күн энергиясын алу және пайдаланудың түрлі жолдарын іздестірді. Күн технологияларын 4 топқа бөлуге болады: активті, пассивті, тура және тура емес(жанама). Активті –Күн энергиясы жарықтандыруда, вентиляцияда, ыстық сумен жабдықтауда қолданылады. Пассивті – активтіден жүйе контурында механизмдердің болмауымен ерекшеленеді. Тура – күн энергиясын түрлендіретін бір деңгейлік жүйелер. Жанама – қажетті энергия түрін алу үшін көп деңгейлік түрленулер мен трансформациялау жүйелері. Күн энергетикасының пассивті технологияларын қолданудың бір әдісі тұрғын үйлер мен кеңселерді жарықпен қамтамасыз ету, электр шамдарының орнына күн сәулесін пайдалану қазіргі кезде оның жетілдірілген түрі кеңінен қолданылады. Бұл құрылғы отынды пайдалануды алмастырып, экологиялық жағдайдың жақсаруына әсерін тигізеді. Күнмен қыздыру құрылғыларын резервуардағы суды жылытуға, шаруашылық қажеттіліктеріне қолданады. Біздің ойымызша, елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Маңғыстау, қызылорда, Оңтүстік облыстарында бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады. Сол себепті, Қазақстанда күн энергиясын, қайтарымды қуат көздерін дамытуға толықтай негіз бар. Географиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті. Әсіресе еліміздің аталған аймақтарында токтың осы балама көзін пайдаланған ұтымды. Ұзақ уақыт бойы бұл энергия түрін дамытуға Еуропа мен АҚШ атсалысып келеді. Алмания ғалымдары 2050 жылы өз елінде пайдаланатын энергияның 80 пайызы қайтарымды қуат көздерімен, соның ішінде күн энергетикасымен қамтылатынын мәлімдеді. Мемлекетіміз күн энергиясын дамытуға қатысты арнайы бағдарлама қабылдап, ғалымдарды осы іске жұмылдырып, жағдай жасаса жеткілікті. Ондай жағдайда күн энергиясын елімізде дамытуға толықтай мүмкіндік бар. Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. Энергияны күннен алудың тиімді, тиімсіз жолдары Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Соған қарамастан күн энергетикасына деген сұраныстар жыл сайын артып келеді. Әр елдің ғалымдары осы қосымша энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын қарастырумен айналысуда. Осыған орай күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Дүние жүзінің көптеген елдерінде күн энергиясын пайдалану мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Біздің елімізде «жасыл энергия» мәселесі алдыңғы орынға шығып тұр, соның бірде-бір дәлелі - 2012 жылдың 25 желтоқсанында күн батареяларын шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт іске қосылуы. Зауыт жоспарда көрсетілген 50 МВТ қуаттылық (жылына) көрсетілген, ал келешекте оның қуаттылығы 100 МВт дейін өседі деп күтілуде. Зауыт еуропалық автоматтандырылған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Astana Solar зауытындағы жөнге салынған жұмыс фотосезімталды элементтердің көмегімен күн энергиясынан электр энергиясын қайта құруға негізделеді. Күн батареясының инновациялық потенциалының маңызын асыра бағалау қиын, өйткені ол даладағы шам әрі ірі кәсіпорын үшін электр қуатының көзі болып табылады. Республиканың 9 облысында күннің энергиясын пайдалану тиімділігі бағаланды. Отандық өндірістің күн батареялары электр қуатының аз көлемдерін өндіру, мысалы, Қарағанды облысындағы Бұқар жырау мазарын жарықтандыру үшін және ірі нысандарды Қызылорда облысының «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауыты электр қуаттылығымен қамтамасыз ету үшін қолдануда. Атап айтсақ, артықшылықтары: 1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді; 2) Ол сарқылмайды; 3) Қоршаған ортаға қауіпсіз; Кемшіліктері: 1) Ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді; 2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы; 3) Оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет; 4) Электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді; 5) Энергияны аккумуляциялау қажет. 6) Бірнеше ғасырдан астам күн энергиясын пайдалану, бұл деген бірте бірте күнді сөнуге әкеп соғады. Қорытынды Біз үйіміздегі қарапайым тұрмыстық техниканы қолдану үшін қанша қаражат кететіндігі жайлы және қоршаған ортаға қаншалықты зиян екендігі туралы ойланып жатпаймыз. Электрдің розеткаға түсуі үшін мұнай мен газды өндіру қажет, оларды электростанцияға жеткізу қажет, ауаны оттегімен жандырып, бу алу керек, оны бу турбинасы арқылы электрогенераторға өткізеді, трансформатор арқылы жоғарғы вольтті 220В дейін азайтып, токты сымдармен үйлерге бағыттайды, энергия есептегіші арқылы өткізіп ,содан кейін ғана розетка мен ажыратқышқа әкеледі. Электрді берудің бұндай ұзақ жолында энергияның жартысы жоғалады. Бұл дегеніміз үлкен шығын. Ал, күн энергиясы қоршаған ортаға қауіпсіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. Сонымен қатар, EXPO-2017 көрмесінің Қазақстан ұсынып отырған «Болашақ энергиясы» тақырыбы - қазіргі заманғы жаһандық Қ орыта келе айтарымыз: маңызы зор, бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселе - энергияны тұрақты пайдалану болып табылады. Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор. Ғалымдардың болжауынша 2050 жылға қарай Күн энергиясы адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%-дай қажеттілігін өтей алады. Сол сияқты Халықаралық энергетикалық агенттіктіктің мәліметі бойынша 40 жылдан кейін Күн энергетикасы көмегімен атмосфераға көмірқышқыл газының түсуін жылына 6 млрд тоннаға дейін қысқартуға болады екен. Осындай тұжырымдар негізінде күннен өндірілетін энергияның адамзат үшін сарқылмайтын байлық деп көп адамдар ойлады, бірақ бірнеше ғасырдан соң күн энергиясын пайдалану, бұл деген бірте бірте күнді сөнуге әкеп соғады. Сондықтан оны да ұмытпау керек. Пайдаланған әдебиеттер: Большая энциклопедия знании «Эксмо» .Москва, 2015 г. Альтернативные источники энергии и энергоснабжение «Издательство» .Москва, 2014г. «Энергия көздері» В С Лаврус(1999ж) Мақала: Күн батареясы. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 5-том 127-бет. Алматы, 2003 жыл. Мақала: Фотоэлемент. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 9-том, 227-228 беттер. Алматы, 2007 жыл. Интернет материалдары: www.bnews.kz веб-сайтынан, www.kazembassy.ru www.azattyq.org сайтынан алынды. Информатика негіздері № 5 №6 2016 №8 2018 жыл Бөрібаев Б. Информатика және компьютер .-Алматы. Білім , 1995 . Мұхамбетжанова С.Т, Нұрғалиева Д., Г.Төлемісова 1-республикалық « Алтын диск» материалдарының жинағы –Алматы,2005. Д. Гуденко, Д. Петроченко. «Сборник задач по программированию». «Питер». Москва, Санк-Петербург, 2003 год. Н. Култин. «Turbo Pascal в примерах и задачах». «Питер». Санк-Петербург, 2007 год. Т. А. Павловская. «Паскаль. Программирование на языке высокого уровня. Практикум». «Питер». Москва, Санк-Петербург, 2006 год. П і к і р Информатика пәнінің мұғалімі Султанбекова Бибигуль Жапбаровна оқушылардың әлемдік ақпараттық көзқарасын қалыптастырып, еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпаққа компьютердің қыр –сырын меңгертіп келеді. Ғылыми мен білім жетістіктерін оқушыларға дұрыс жеткізу барысында, сабақтарында оқытудың жаңа технологиясы мен техникалық құралдарын кеңінен қолданып, сабақтың әсерлігін арттырып, түрлендіріп өтеді. Түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, оқытудың жаңа технологиясының элементтерін сабағында тиімді пайдаланып, пән бойынша оқушыларды жоғарғы деңгейде білім беріп келеді. Мектептегі түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жыл сайын түрлі тақырыпта апталықтар, интерактивті тақтада ашық сабақтар өткізгені үшін еңбегі ескеріліп, 2019 жылы мектепшілік Мақтау қағазымен марапатталды. Б. Султанбекова 5 «ә» сыныбында тақырыбы « Күн сәулесі-болашақтың сарқылмас энергиясы » бойынша үлгілі ашық сабақ жүргізді. Оның жүргілізген жұмысы өте жақсы көрсеткіш көрсетті. Пән мұғалімі Б.Султанбекова сабағын өте жақсы өз дәрежесінде өтеді. Бірлестік отырысында талқыланды. Бірлестік жетекшісі: Ж. Оралбекова Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебі. Бейбіт Нұрсая 5 «ә » сынып оқушысы Тақырыбы: «Күннің жерге беретін шуақ энергиясы-Pascal программасы »
|