Мақсаты:жатырдағы ұрық қалпын анықтау(36 аптадан бастап)
| Баға, баллдар
|
Барлығы орындалды- 1
| Жеткіліксіз- 0,5
| Дұрыс емес немесе– қалып кетті- 0
|
1. Амандасу.Өзін таныстыру. Танысу. Зерттеу мақсатын түсіндіру.
|
|
|
|
2. Дез.ерітінді көмегімен матамен кушетканы залалсыздандыру,жекеленген жаялықты төсеу.Әйел адамға кушеткаға арқасымен,аяғын түзеткен күйде жатуға көмектесу.Оның жайлылығын қамтамасыз ету:Сізге ыңғайлы ма?Ішін ашып жатуды өтіну.
|
|
|
|
3. Гигиеналық деңгейде қолды жуу.Қолды антисептикпен залалсыздандыру немесе бірреттік қолғаптар кию.Кушетканың оң жағына жүкті әйелге бетпе-бет отыру.Манипуляцияның ауырсынусыз екенін және ұрыққа қауіпсіз екенін түсіндіру.
|
|
|
|
4. Манипуляцияны орындау кезінде әрекеттерін түсіндіріп отыру. 1-ші әдісте жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрық бөлімін анықтаймыз.Екі қолдың алақанын жатыр түбіне қоямыз,саусақ ұштары бір-біріне бағытталған,бірақ тигізілмейді
|
|
|
|
5. 2-ші әдіспен қалпын,позициясын,жатыр қуысындағы түрін анықтаймыз.Білекті жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытамыз(шамамен кіндік деңгейінде).Білектің алақандық бетімен жатырдың бүйір аймақтарына пальпация жасау.Арқасының орналасуын анықтау(тегіс,түзу,шығып тұрған аймақтары жоқ) және майда бөлімдерін(қол,аяқ).1-ші позиция –арқасы сол жақта орналасқан,2-ші жағдайда-оң жақта.Ұрықтың көлденең орналасу жағдайында позициясы басының орналасуын қарай анықталады егер басы сол жақта болса 1-ші позиция,оң жақта орналасса -2-ші позиция.Босанушы немесе жүкті әйелге ұрықтың қалпын жеткізу(көлденң,қиғаш немесе ұзыннан ).
|
|
|
|
6. 3-ші әдіспен ұрықтың кіші жамбасқа келіп тұрған бөлігі анықталады.Әдіс оң қолдың көмегімен жүргізіледі және бас бармақ қалған саусақтардан барынша алысырақ болуы қажет.Келіп тұрған бөлігін бас бармақ және ортаңғы саусақпен кіші жамбасқа кіре беріс бөлікте ұстау. Егер ірі,айқын шекаралы,тығыз,жылжымалы бөлік пальпацияланса,онда ұрықтың баспен келуі,егер жұмсақ,шекарасы айқын емес,қозғалмалы болмаса-ол ұрықтың жамбаспен келуі.Ұрықтың көлденең орналасуында кіші жамбас кіре берісінде ештеңе пальпацияланбайды.Жүкті әйелге немесе босанушыға ұрықтың келіп тұрған бөлігін айту.
|
|
|
|
7. 4-ші әдіспен келіп тұрған бөлік пен оның кіші жамбас қуысында орналасу қатынасы анықталады(босанудың 1-ші кезеңінде жасалады)Жүкті әйелдің аяқ жағына келу.Білекті шатқа екі қол бір-бірімен түйісетіндей етіп орналастыру,келіп тұрған бөліктің қай аймақта екені анықталады.
|
|
|
|
8. Жүкті әйелге кушеткадан тұруға көмектесу(бәр жақ бүйірге бұрылып).
|
|
|
|
9. Қолғаптарды шешу,оларды утилизациялау,әлеуметтік деңгейде қолды жуу.
|
|
|
|
10. Нәтижелерін құжатқа жазу.Жүкті әйелден сұрақтары бар-жоғын сұрау.Келесі қабылдау күнін белгілеу.Әйел адамнын нені түсінгенін қайталуын өтіну.Қоштасу.
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|