Главная страница

В.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша ПДТ 4 түрге бөлінеді. Психикалы дерістерді даму ерекшеліктері


Скачать 15.91 Kb.
НазваниеПсихикалы дерістерді даму ерекшеліктері
Дата05.03.2023
Размер15.91 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаВ.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша ПДТ 4 түрге бөлінеді.docx
ТипДокументы
#969079

Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік жағдайлар: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психологиялық дамуы тежелген бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.

Олардың осы жағдайға шалдығуы сабақ үлгерімінің төмендеуіне, тәртіп бұзуға себеп болады. Қай мектепті алсақ та ондай балалар аз емес.

Жалпы дамуында тежелуі бар балаларға тән нәрселер: тез шаршау, қоршаған орта жайлы түсінігінің аз болуы, сөз қорының таяздығы, ойын және іс- әрекетінің қалыптасу қиындығы, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігін, сөздік- логикалық операцияларының қалыптасу қиындығы тән болады. Балалар арасында психологиялық дамуы тежелген әр түрі кездеседі.
В.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша психологиялық дамуы тежелген төрт түрге бөлінеді:

1. Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі.

2. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.

3. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі.

4. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі.
Психикалық дамуының тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттамалар тән: баланың дамуында эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл- күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы байқалады. Көбінесе бұл түр төменгі сыныптарда кездеседі, оқу үлгерімінде қиындық көреді.
Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі -бұл түрлі ұзақ уақытта әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары, балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және түлғалық қарым- қатынаста шектеулі болып келеді. Науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жетеді.
Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі- тәрбиелік жағдайдың қолайсыздығына байланысты. Баланың ұзақ уақыт қолайсыз ортада тәрбиеленуі, олардың жүйке психикалық жүйесін тұрақты өзгеріске әкеліп соқтырады. Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-зомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы түсінігі төмен болады. Қоршаған орта туралы бейхабар болады. Аталған үш түрдегі ПДТ балаларды жалпы мектепте жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.
Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі - шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты. Көптеген жағдайда баладағы орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі денсаулығына байланысты (жұқпалы аурулар және бүйрек, жүрек аурулары басқа да созылмалы аурулары...).

Жүктілік кезіндегі көңіл-күйі, уайым-қайғыға салынуы да нәрестенің іште дамуына әсер етеді. Мұндай балалардың барлығында зейін мен есте сақтау процестері дамымаған. Бұл балаларға невропатолог дәрігерінің көмегі қажет. Олар арнайы мектептерде оқытылуы тиіс. Мектеп жоқ жағдайларда жалпы мектептердегі түзеу-дамыту сыныптарында оқытылады. ПДТ балаларды ерте анықтап, дер кезінде медициналық, психологиялық-педагогикалық көмек берілсе, бала өз қатарын қуып жетеді. Ал кеш анықталып, аталған көмектер дер кезінде берілмеген жағдайларда, олардың көпшілігінің мүмкіншілігі шектеліп, артта қалған оқушылар қатарын көбейтеді.
Негізінен мектептерде ПДТ балаларды анықтау және түзеу жұмыстары мектеп психологының міндеті. Түзеу жұмыстарын жүргізу үшін психолог ПДТ-дің түрлерін ескеруі тиіс және оның қаншалықты ауыр түрі екендігін, баланың жеке даралық типологиялық ерекшелігін сақтау керек.
Ал психикалық даму тежелген балалардың ата-аналары келесі кеңестерді ескруі тиісті:

1.Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс, тежелу уақытша болатын жағдай.

2.Бала жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы.

3.Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу қажет.

4.Баланың дамуында, денсаулығында, көңіл күйінде, қарым-қатынасында өзгеріс байқасаңыз дер кезінде мамандардан (дәрігер, психолог, педагог) кеңес алу.

5.Тежелуі бар балаға ұдайы көмек көрсету және балаға мүмкіндігінен тыс күш түсірмеу.

6.Баланың жетістіктерін дер кезінде бағалап, мадақтау.
Қоғамымызда балалардың білімді де білікті болуы үшін, олардың ерекшеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог маман, дәрігерлер барлығы бірдей ат салысуы тиіс. Сонда ғана психикалық дамуының тежелген балалалар дер кезінде түзеліп, қатарға қосылады.


написать администратору сайта