Главная страница

психология. Психология емт сурактары 2023 мамырWord (1) (1). психология Пнінен емтихан сРАтары


Скачать 36.56 Kb.
Названиепсихология Пнінен емтихан сРАтары
Анкорпсихология
Дата25.05.2023
Размер36.56 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПсихология емт сурактары 2023 мамырWord (1) (1).docx
ТипДокументы
#1158315

«ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Психология ғылымының зерттеу аймағы:

Дүниеге тұңғыш келген жері Греция

  1. Ұлтты бір-бірінен ажырататын саяси-экономикалық, рухани, әлеуметтік қасиеттер жиынтығы: Ұлттық сана

3. «Эмоцияалық интеллект» түсінігін ғылымға кім және қай жылы енгізді:
1990 ж П.Соловей, Дж.Мэйр

4. «Өмірде аса қиын үш нәрсе бар: болатты сындыру, алмасты үгіту және өзіңді тану» - авторы: Бенджамин Франклин

5. Ерте замандағы жан деп аталған түсініктің қазіргі кездегі ғылыми атауы: Псюхе

6. Эксперименттік психологияның лаборатория әлемін алғаш рет В.Вундт қай жылы, қай қаласында ашты: 1879 ж Лейпцигте

7. Рон Хаббард бойынша ынталандыру шкаласына жататын: Борыш сезімі

8. Адамның қоғамдағы іс-әрекетінің мінез-құлық заңдылықтарын зерттейтін ғылым:
Әлеуметтік психология

9. Адамды мотивтендіру үшін не істеу керек: Эмоцияны ашу

10.Қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын қақтығыстардың себептерін, мәнін динамикасы мен формаларын зерттейтін ғылым саласы: Конфликтология

11. Алғашқы болып психологиялық лабораторияны кім ашты: В.Вундт

12. Құндылық ұғымы: Аксиология немесе Белгілі бір заттың маңыздылығы, керектілігі

13. Адам психикасына техногендік әсердің және осы әсерлердің патогендік ықпалын азайту жолдарын зерттеумен айналысатын бағыт: Психоэкология

14. Обективті дүниенің субьективті бейнесі бұл: Психика

15. Сана бұл: Объективті шындықты тану

16. «Прожектор әсері» терминін енгізген: Т.Гилович, К.Савицкий

17. Адамның ішкі сенімдеріне негізделген нәрсеге деген ұмтылысы немесе бағыттылығы; ол жасағысы келетін әрекетке ынталандыру: Өзіңдік мотивация

18. Белгілі бір адамның өз өмірін бағдар, сабақтастық және мазмұны бар тұтас процесс ретінде білуі – бұл: Өмірдің мәні

19. Екі адамның немесе жеке топтардың бір-бірінің алдына қойған мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін іздеу және қарсы адамның қызығушылығын тоқтатып, оның көзқарасын өзгерту процесі: Қақтығыс

20. Күтпеген кездейсоқ жағдайда қандай бір мәселелерді, сезінулерді шешу жолын табу адамның өзі шешуі: Инсайд

21. Адам «жаны» теңелген: Жас әйел бейнесі Психеямен

22. Адамды белгілі бір іс-әрекетке итермелейтін психологиялық ішкі күш: Мотив

23. З.Фрейд бойынша бейсаналықтың деңгейлері: Ид, эго, супер эго

24. Тұлғаның қалыптасу процесі негізделеді: Құндылықтар

25. Mental-health – бұл: Денсаулық психологиясы

26. Бұл әл-ауқат, адамның өзіне, басқаларға және жалпы қоғамға деген қарым-қатынас жүйесіндегі психологиялық жайлылығы: Дені сау адам

27. Партнерға тұлғалық пайда алу мақсатында жабық әрекеттерге қолданады: Манипулятор

28. Вербалды емес коммуникация каналдар тобына жатады: Аксустикалық, тактикльді кинетикалық

29. Өзіндік мотивацияға жатады: Өзіндік сенім мен ерік күшті дамыту

30. Жетекші мотивтер: Денсаулыққа ұмтылу мен өзін-өзі тануға ұмтылу

31. Өздігінен пайда болатын жағдайлардағы сананың өзгертілген күйі: Анальгезия

32. Базалық эмоцияларға: Қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қорқыныш

33. Эмпатия бұл: Өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай күйін ұғыну қабілеттілігі

34. Ерік патологиясына жатады: Гипербулия, абулия

35. Өздерінің сыртқы келбетін және мінез-құлқына басқалардың көбірек көңіл бөлетініне сену – бұл: Спотлайт әсері

36. Біздің жасырын эмоциямыз сыртқа шығып,басқалардың көзіне тез түсу құбылысы: Транспаренттік иллюзия

37. Психотехникалық шарттар жағдайларындағы сананың өзгертілген күйі:

Гипноз

38. Базалық құндылық: Денсаулық

39. Бірлескен іс-әрекетті жасаудағы адамдар арасындағы байланыс: Қарым қатынас

40. Тұлғаға психологиялық қысым көрсету бұл - Моббинг, буллинг

41. Мильтон Рокич құндылықтарды бөлген: Мақсатты және құралды

42.Адамдардың бірін – бірі қабылдау және тану процесінде өзара түсінісу негізінде көрінетін қарым-қатынас түрі: Перцептивті

43. Қарым-қатынастағы адамдармен ақпарат алмасуды зерттейді:
Ақпараттық – Коммуникативтік

44. Қарым-қатынаста басқа адамды өзімен бірдей деп санау жолы: Идентификация

45. Тек ғана білім идеяны емес, сонымен қатар әрекетті де көрсететін қарым-қатынас түрі: Интерактивті

46. «Адамның жетістікке жетуі 15% оның кәсіби біліміне байланысты болса, 85% адамдармен қалай сөйлесу керектігіне байланысты» - авторы кім? Дейл Корнеги

47. Вербальді емес коммуникация – бұл қандай қарым-қатынас процесі: Пантомимика, мимикамен (сөз арқылы емес)

48. Вербальді коммуникация – бұл қандай қарым-қатынас процесі: Тілмен (сөз арқылы)

49. Ш.Шварцтың құндылықтар қатарында бар: Күш

50. Жасанды пайда болатын жағдайлардағы сананың өзгертілген күйі: Алкоголь

51. Адамның жай уайымы, белгілі бір жағдайда пайда болып, сол ситуациясымен жоғалатын: Эмоция

52. Эмоцияның дифференцияналды теориясының авторы: К.Изард

53. Қиын жағдайларда туындайтын нервтік психикалық күштену: Стресс

54. Күшті әрекеттің әсерінен пайда болатын күштену жағдайы: Аффект

55. Адамның белсенділігін төмендетіп, әлсірететін сезімдер: Астеникалық

56. Адамның өзіне, өзге адамдарға айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс: Сезім

57. Қажеттіліктердің қанағаттануы немесе қанағаттанбауына байланысты қоршаған болмастың уайым түрінде психикалық бейнеленуі: Сезім

58. Адам белсенділігін жоғарылатып, іс-әрекетке ұмтылдыратын көтеріңкі сезім: Стеникалық

59. Интроверсия мен экстроверсияға жатпайтын адамдар: Амбиверсия

60. Әлемде үйлесімділік орнау үшін не қажет: Ой тазалығы

61. Адамның ұзақ уақыт бойы өзіне қанағаттанбаушылығы және сыртқы ортамен қарым-қатынасының бұзылуы: Депрессия

62. Темпераменттің физиологиялық негізі: Жоғары жүйке типі

63. Тұлғаның рухани, психологиялық, әлеуметтік, денсаулығының үйлесімді бірігуі келесі ұғыммен анықталады: Өмір сапасы

64. Гиппократтың анықтағаны бойынша темперамент типін атаңыз:
Организмдегі сұйықтық

65 Салмақты, жұртпен қарым-қатынасты бір сарынды жүретін темпераменттің қандай типі: Флегматик

66. Жауап беру реакциясы баяу жүретін темперамент типі: Флегматик

67. Маңызды емес оқиғаларға да көңіл бөліп қайғыратын адамның темперамент типі: Меланхолик

68. Қызбалық және асығыстықты сипаттайтын темперамент типі: Холерик

69. Әлсіз жүйке жүйесімен сипатталатын темперамент типін атаңыз: Меланхолик

70. Жұмысқа қабілеттілігі жоғары, өткір тілді, жылдам, жігерлі, ширақ тип: Сангвиник

71 А.Маслоу бойынша қажеттіліктер классификациясы: Қауіпсіздік қажеттілігі

72. Темпераментті алғашқы сипаттаған: Гиппократ

73. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз, көңіл –күйі әп-сәтте өзгергіш, әсершіл адам: Сангвиник

74. Темпераменттің физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесі әрекетінің типтері туралы ілім жасаған: Павлов И.П.

75. Адамның жеке-дара мінез-құлқының жалпы динамикалық сипаты болып табылатын: Темперамент

76. Темпераменте жеке тұлға қай жағынан көрінеді: Өзгермейтін қасиет

77. Павловтың анықтағаны бойынша темперамент типін атаңыз: Жүйке жүйесінің қасиеті

78. Темпераменттің физиологиялық негізін қарастырған: Павлов И.П.

79. Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері туралы ілімді өңдеген: Павлов И.П.

80. Нервтік процестер қандай параметрлермен сипатталады: Күшті, тепе теңдік, қозғалғыштығы

81. Холерик қай типке жатады: Күшті тип, ұстамсыз

82. Темперамент жайлы физиологиялық ой кімнен басталады: Павловтан

83. Гиппократ бойынша сангвиниктің организмінде қай сұйықтық басым: Қан

84. Динамикалық жүріс-тұрыстың бағытына мінездеме, береді: Темперамент

85. Меланхолик типін атаңыз: Әлсіз тип

86 Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуде қиналатын адам: Интроверт

87. Кейбір адамдардың мінез-құлқында мынадай типтік қасиеті байқалады-ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады-бұларды: Экстраверттер

88. Мінез түсінігі: Психикалық қасиет

89. Әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы: Мінез

90. Мінез қоғамдық қарым-қатынастардың: Жиынтығы

91. Мінез-құлықтың туа берілетін формасы: Инстинкт

92. А.Е. Личко бойынша мінездің акцентуациялық типі: Конформды тип

93. Мінездің нақты қалыптасуына себепші фактор: Қоғамдық шарттар

94. Мінез арқылы танылатын адамның қоғамдық сипаты: Іс-әрекеттік бағыт-бағдар

95. Қабілет дегеніміз: Жеке тұлғаның – индивидуальдық ерекшеліктері

96. Адам нышанының негізі болып табылатын: Қабілеті

97. Шығармашылық іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін қабілеттің жоғары деңгейі: Данышпандық

98. Белгілі бір қызмет түрінде үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз ететін адам қабілеттіліктері дамуының жоғары деңгейі: Дарындылық

99. Қандай да бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар: Қабілеттер немесе нышандар

100. Бұл адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі: Данышпандық

1. «Мәдениеттану», «Әлеуметтану», «Саясаттанау» ғылыми бағыттары қай ғылыми саланы қамтиды:

1 Гуманитарлық ғылымдар.

0 Тарих ғылымдары.

0 Табиғи ғылымдар.

0 Физикалық ғылымдар.

0 Экономикалық ғылымдар.

2. «Культура» сөзі шыққан тіл:

1 Латын

0 Ағылшынша

0 Грек

0 Араб

0 Орыс

3. Өркениеттің «үш толқыны»:

1 Аграрлық, өнеркәсіптік, ақпараттық

0 Ақпараттық, материалдық, рухани

0 Өнеркәсіптік, ғылыми революциалық, мәдени эволюциалық

0 Әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, діни жоралғы

0 Адамзаттық, адамгершілік, ақпараттық

4. Өркениет термині латынның қандай сөзінен шыққан

1 «азаматтық», «мемлекеттік»

0 «қалалық», «ауылдық»

0 «қоғамдық», «таптық»

0 «соғыс», «жауынгерлік»

0 «Қолөнер», «сауда»

5. «Еуропаның құлдырауы» шығармасының авторы:

1 О.Шпенглер.

0 П.Сорокин.

0 А.Тойнби.

0 К.Ясперс.

0 И. Кант.

6. Хейзинг мәдениетінің пайда болуын немен байланыстырады?

1 Ойын.

0 Дін.

0 Еңбекпен.

0 Тарту.

0 Байланыс арқылы.

7. Мәдениеттанудағы символдық мектептің өкілі:

1 Е. Кассирер.

0 А.Тойнби.

0 К.Ясперс.

0 О.Шпенглер.

0 М.Вебер.

8. Маргарет Мид «жас ұрпақтық» мәдениетті не деп атады?

1 Предфигуративті

0 Конфигуративті

0 Постфигуративті

0 Постпредфигуративті

0 Постконфигуративті

9. Мәдениет екі қосалқы жүйеге бөлінеді:

1 Материалдық және рухани.

0 Биологиялық және физикалық.

0 Дін, өнер, білім.

0 Биологиялық және рухани.

0 Физикалық және материалдық.

10. Номадизм деген - …

1 Көшпелі өмір салты

0 Түркілердің соғыс техникасы

0 Ортағасырлық білім саласы

0 Жаңа заман Еуропа этникалық тобы

0 Ежелгі Қытай мәдениеті

11. Адамның материалдық өндірісінің қызметі мен нәтижелері мәдениеттің қай түріне жатады:

1 Материалдық.

0 Этникалық.

0 Рухани.

0 Техникалық

0 Экологиялық.

12. Аксиология дегеніміз...

1 Мәдени құндылықтар.

0 Мәдени ақпараттар

0 Мәдени белгілер

0 Мәдени таным

0 Мәдени болмыс

13. Қоғамдағы мәдениеттің қандай қызметтері бар?

1 Адамдарды қалыптастыру қызметі

0 Адамды шеттету қызметі

0 Адамды азаптау қызметі

0 Адамның сенім қызметі

0 Адамның тамақтану қызметі

14. К. Ясперс адамзат біртұтас күйде пайда болған деген тұжырымды не деп атады?

1 Белдеулік уақыт

0 Спираль уақыт

0 Функционалды уақыт

0 Символдық.

0 Табиғи.

15. Белгілер мен белгілер жүйесін зерттейтін ғылым:

1 Семиотика.

0 Герменевтика.

0 Антропология.

0 Археология

0 Лексикология.

16. Нарықтың негізгі көзі болып табылатын мәдени обьектілерді зерттеу нысаны ретінде қарастыратын білім саласы:

1 Мәдени экономика

0 Мәдени антропология

0 Мәдени тарих

0 Мәдени география

0 Мәдени саясат

17. Біздің мемлекетіміздің ұлттық идеясында - «Мәнгілік Ел» келесі қасиеттерді тәрбиелеуге негізделген:

1 Барлық жауаптар дұрыс

0 Дәстүрлерге, салт-дәстүрлерге, ұлттық мәдениетке және халықтар мен ұлыстардың тарихына құрметпен қарауды дамыту.

0 Өздерінің ұлттық тамырларына деген мағыналық қатынас.

0 Ұлт рухын, бірлік рухын дамыту және нығайту.

0 Ұлттық сана мен ұлттық рухтың жоғары деңгейінің қалыптасуы.

19. Төменде көрсетілген қай туынды мифке жатады?

1 Сизиф тағдыры

0 Тұмар ханшайым

0 Қалқаман-Мамыр

0 Ер төстік

0 Абай жолы

20. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша өркениеттің қанша түрі бар

1 8

0 7

0 6

0 5

0 13

21. Гот, хиппи, панк т.б. мәдениет өкілдерін ... жатқызымыз

1 Субмәдениет

0 Контрмәдениет

0 Попмәдениет

0 Жасырын мәдениет

0 Жоғары мәдениеттілік

22. Сақтардың өнерін сипаттайтын стиль:

1 Аңдық.

0 Готика.

0 Классикалық.

0 Академиялық.

0 Полихром.

23. Есікте сақ дәуірінің «алтын адамын» ашқан археолог:

1 К. Акишев.

0 К. Байпаков.

0 Б. Кумеков.

0 А. Маргулан.

0 Б. Аяган.

24. Түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни нанымы

1 Тәңіршілдік

0 Христиандық

0 Буддизм

0 Иудаизм

0 Синтоизм

25. Сепир-Уорф гипотезалары, Стивен Пинкер тұжырымдамалары мәдениет тілінің қандай түріне жатады

1 Жасанды тіл

0 Табиғи тіл

0 Герменевтика

0 Таным тілі

0 Ғылыми тіл

26. Ежелгі Сарыарқа аумағында Беғазы-Дандыбаев мәдениетінің өмір сүру кезеңі

1 Қола дәуірі.

0 Темір дәуірі.

0 Неолит дәуірі.

0 Мезолит дәуірі.

0 Палеолит дәуірі.

27. «Тіл және билік қарым-қатынаста болады да билік жеңеді. Тіл – миф болып қалады» деп айтқан мәдениеттанушы:

1 Р. Барт

0 Л. Уайт

0 Н. Данилевский

0 Л. Гумилев

0 Ф. Соссюр

28. К. Маркс қоғамдық-экономикалық формацияны нешеге бөліп қарастырды

1 5

0 4

0 3

0 2

0 6

29. Еуразияшылдық идеологиясының өкілдері :

1 Л. Гумилев, П. Савицкий

0 А. Байтұрсынов, М. Дулатов

0 Э. Кассирер, С. Кьеркегор

0 М. Бахтин, Ф. Достоевский

0 С. Сейфуллин, М. Жұмабаев

30. Саясаттағы рәміздерге не жатады?

1 Ту, елтаңба

0 Құран, Інжіл

0 Мешіт, Шіркеу

0 Қыш құмыралар

0 Ескертіштер, кесенелер

31. Токсарид, Анахарсис

1 Сақ ойшылдары

0 Ғұн әскерлері

0 Грек философтары

0 Үнді математиктері

0 Сармат көшбасшылар

32. Орта ғасыр қандай уақыттарды қамтыды:

1 V-XVI ғасырлар

0 IX - XII ғасырлар

0 XIII - XX ғасырлар

0 XIII - XIX ғасырлар

0 III-X ғасырлар

33. Орта ғасыр әдебиетіне жатпайды:

1 «Аз и Я»

0 «Нибелунгтар туралы жыр»

0 «Ролланд туралы жыр»

0 «Құтадғу білік»

0 «Ізгі (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарасы»

34. Аттила бейнесі көрсетілген өнер туындылары:

1 Барлық жауаптар дұрыс.

0 М.Сұлтанбеков - «Аттила» пьесасы.

0 П.Корнель - Аттиланың қасіреті.

0 Вернер - «Аттила, Ғұндардың патшасы» драмасы.

0 Нибелунгтардың әні.

35. Арабтар қай ғасырды «Алтын ғасыр» деп атайды?

1 Орта ғасыр

0 Жаңа заман

0 Қазіргі заман

0 Жаһанданған заман

0 Ерте дәуір

36. Көшпелі мәдениеттің отырықшы халықтардың мәдениетінен артықшылығы:

1 Адамның табиғатпен толық үйлесуі, қозғалыс сезімі.

0 Ақыл, объективтілік.

0 Индивидуализм, ойлау.

0 Философия.

0 Демократия.

37. Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған ұлы керуен жолы:

1 Ұлы жібек жолы

0 Араб-қытай керуені

0 Екінші жол

0 Тасымал керуен

0 Шығыс керуен

38. Жүсіп Баласағұнның еңбегі:

1 «Құтты білігі»

0 «Оғызнеме»

0 «Қорқыт ата кітабы»

0 «Диуани лұғат ат-түрік»

0 «Ізгі (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарасы»

39. мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары

1 Шариғат

0 Тарихат

0 Хақиқат

0 Маарифат

0 Мағрифат

40. Адамды «хайуани ақли» (ақылды жан), «хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп теңестірген ғалым

1 Әл-Фараби

0 Әл-Бируни

0 Әл-Кинди

0 Әл-Марафи

0 Ибн Сина

41. «Диуани Лұғат ат-түрік» кітабының авторы:

1 М Қашқари.

0 А. Яссави.

0 Ю. Баласагуни.

0 Ч. Валиханов.

0 А. Кунанбаев.

42. Көне түріктердің тотемдік жануарлары:

1 Қасқыр.

0 Аю

0 Бұғы.

0 Арғали.

0 Жолбарыс

43. Болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім

1 Рационализм

0 Функционализм

0 Социализм

0 Структурализм

0 Иррационализм

44. Түркі көшпелілердің тұрғын үйлері не деп аталды?

1 Киіз үй.

0 Хут.

0 Чум.

0 Хут.

0 Яранга.

45. Халық шығармалары қай жанрға жатады: «Қобыланды-батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»:

1 Эпос.

0 Ертегі.

0 Миф.

0 Аңыз.

0 Роман.

46. Аңыз бойынша, қобыз сарынын алғаш туындатушы, бақсы, жырау:

1 Қорқыт

0 Ахан Сері.

0 Карамсин.

0 Жаяу Мұса.

0 Асан Қайғы.

47. Тенгризмнің басқа ілімдерден басты ерекшелігі:

1 Пайғамбарлардың, әулиелердің, қасиетті кітаптардың, діни ғимараттардың жетіспеуі.

0 Монотеизм.

0 Адам ақылының құдіреті.

0 Риясыздық.

0 Циклдік даму.

48. Гуманизм ...

1 Адамның бостандығын, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқығын, намысын, мейірімділігін, ерекшелігін дәріптейтін идея.

0 Адамның бұл өмірдегі миссиясын айқындайтын көзқарас

0 Әлем туралы философиялық идеология

0 Капитализмнің тармағы

0 Фетишизмге ұқсас наным-сенім

49. Қай билеушінің бастамасымен А.Яссауи кесенесі салынды:

1 Әмір-Темір

0 Тәуке.

0 Жәнібек.

0 Әбілхайыр.

0 Барака.

50. Көшпелілерде кеңінен қалыптасқан халық шығармашылығының айрықша саласы:

1 Ауыз әдебиеті

0 Кітаптар.

0 Архифтер

0 Мектептер.

0 Жазбаша дереккөздер.

51. Сопылық аскет, Қазақстандағы исламды таратушы:

1 Х.А.Яссауи.

0 Әл Фараби.

0 М.Қашқар.

0 А.Дулати.

0 Рашид ад Дин.

52. Жансыз затқа табыну қалай аталады:

1 Фетешизм.

0 Ұмай-ана.

0 Тәңірі.

0 Тотем.

0 Құдай.

53. «Жеті жарғы» заңдар кодексі қабылданған ханның аты

1 Тәуке.

0 Жәнібек.

0 Қасым.

0 Есім.

0 Абылай.

54. Кәсіби импровизациялық ақындар қалай аталады

1 Жырау

0 Әнші

0 Ақсақалдар.

0 Шамандар.

0 күйші

55. Жаңа Заман Батыс гуманистері :

1 Ж.Ж. Руссо, Локк, Вольтер, Дидро.

0 З.Фрейд, E. Касирер, Вольтер, Дидро.

0 E. Касирер, К. Юнг, E. Касирер, Вольтер,

0 C. Юнг, О. Шпенглер, Л. Гумилев, Дидро

0 О.Шпенглер, Локк, Вольтер, Дидро.

56. Қазақтардағы ұрпақтың нышаны, үй күмбезінің төбесі әрі терезесі:

1 Шаңырақ.

0 Сандық

0 Киіз

0 Маңдайша

0 Сықырлауық

57. Мұсылмандардың құлшылық ететін ғимараты:

1 Мешіт.

0 Михраб.

0 Мазар.

0 Кесене.

0 Медресе.

58. Қазақ гуманистері:

1 Зар заман ақындары

0 Жаңа заман ақындары

0 Айтыскер ақындар

0 Серілер

0 Абыздар

59. Эпостық жырларды жасаушылар мен таратушылар:

1 Жырау.

0 Өленші.

0 Ақындар.

0 Күйші.

0 Шамандар.

60. Кім орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады?

1 Ыбырай Алтынсарин

0 Шоқан Уалиханов

0 Олжас Сүлейменов

0 Шәкәрім Құдайбердіұлы

0 Мұхтар Әуезов

61. Таңбалы тас дегеніміз

1 Тәңіршілдікті сипаттайтын археологиялық петроглифтер

0 Фетишизмді айқындайтын тас ыдыстар

0 Шаманизімнің аруақ шақыратын аспаптары

0 Буддизмнің таңбасы

0 Ислам философия тасы

62. Көне түркі ескерткіштері қандай жазбамен жазылған ?

1 Руналық жазба

0 Германдық жазба

0 Тотемдік жазба

0 Шағатай жазбасы

0 Араб жазбасы

63. Монументалды мүсіндер мұрты мен сақалы бар ер адам жиі бейнеленген, әйел фигуралары да кездесетін тастарды не деп атайды?

1 Бал бал тастар

0 Орхон-Енесей

0 Күлтегін

0 Тоныкөк

0 Қамар-Сүлу.

64. Қазіргі қазақ ұлттық мәдениетінің бастауында тұрған көрнекті ағартушы, ғалым, этнограф, тарихшы, фольклортанушы, саяхатшы:

1 Ш.Уәлиханов.

0 А.Байтұрсынов.

0 Н.Дулатов

0 А.Құнанбаев

0 М.Жұмабаев

65. «Қара сөздері», яғни «Ғақлия» жазған:

1 Абай Құнанбаев.

0 Шәкәрім Құдайбердіұлы.

0 Ыбырай Алтынсарин.

0 Шоқан Уәлиханов.

0 Әлихан Бөкейханов.

66. Белгілі ғалым, лингвист, ағартушы, «Қазақ» газетінің редакторы:

1 А.Байтұрсынов

0 Ж.Аймауытов.

0 М.Жұмабаев.

0 М.Дулатов.

0 С.Асфендияров.

67. Көрнекті қазақ композиторы - күйші, Батыс Қазақстанның тумасы, әйгілі «Адай», «Сарыарқа» күйлерінің авторы:

1 Құрманғазы.

0 Тәттімбет.

0 Сейтек.

0 Ақан-сері.

0 Дәулеткерей.

68. «Бет ашар» - бұл:

1 Қалыңдықтың «бетін ашу» үйлену рәсімі.

0 Ежелгі сенім.

0 Спорт мерекесі.

0 Сыйлық.

0 Ойын.

69. «Қыз Жібек» эпосының басты кейіпкерлері:

1 Төлеген мен Жібек.

0 Қобыланды мен Назым

0 Еңлік пен Кебек.

0 Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу.

0 Тристан мен Изолда.

70. «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығының авторы:

1 Ы.Алтынсарин.

0 Ш.Уәлиханов.

0 М.Жұмабаев.

0 А.Құнанбаев.

0 М.Дулатов.

71. «Қазақтың айнасы» өлеңдер жинағының, «Еңлік-Кебек» поэмасының авторы

1 Ш.Құдайбердиев.

0 А.Әлімжанов.

0 М.Әуезов.

0 А.Байтұрсынов

0 М.Дулатов.

72. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен зар заман ақыны

1 Бұқар

0 Доспамбет

0 Шалкиіз

0 Үмбетей

0 Шортанбай

73. Абайдың гуманистік, этикалық принципі

1 Адам бол

0 Оқы, оқы және оқы

0 Артымызда Мәскеу, шегінерге жол жоқ

0 Кел балалар оқылық

0 Ас адамның арқауы

74. «Маса» атты өлеңдер жинағының авторы:

1 А.Байтұрсынов

0 Ғ.Мұстафин

0 М.Шаханов.

0 Ш. Айтматов.

0 Ы.Алтынсарин

75. Алғашқы қазақ суретшілері:

1 А. Қастеев, А. Исмаилов, А.Шебеков.

0 Е.Брусиловский, А.Адиваев

0 Е.Овощнякова. В. Эйферт, А.Фонвизин.

0 Л.Кропивницкий, С.Ивашев-Мусатов

0 В.Ермолаева.

76. «Абай жолы» эпопея романының авторы:

1 М. Ауэзов.

0 М. Жумабаев.

0 С. Муканов.

0 Г. Мусрепов.

0 Г. Мустафин.

77. 1946 жылы 1 маусымда ашылған Қазақстан ғылым академиясының президенті, Қазақстандағы геология ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым:

1 Қ.И.Сәтпаев.

0 А.К.Каюпов.

0 Ә.Б.Бектұров.

0 А.Қ.Жұбанов.

0 А.Х.Марғұлан.

78. Қыз Жібек өлеңінің авторы:

1 С.Сейфуллин

0 А. Байтұрсынов

0 М. Жұмабаев

0 М. Дулатов

0 Шәкәрім

79. Түркі тілдес халықтары арасында кеңінен таралған қазақ халқының би өнерінің туындыларының бірі

1 қамажай

0 балқадиша

0 майра

0 балауса

0 қарагөзайым

80. Технология грекше “techno” сөзі қандай мағына береді ?

1 Өнер, шебер

0 Ғылым, ғалым

0 Ғалым, көркем

0 Дана, ақылгөй

0 Ақылды, шебер

81. Қазақтың танымал кинорежиссері:

1 Ш. Айманов.

0 А. Днишев.

0 Ш. Калдаяков.

0 Е. Брусиловский.

0 Ч. Айтматов.

82. Халық санының өсуі, жедел ақпарат алмасуы, өндірістік өнеркәсіп көбейіп, мәдени экономикалық сұраныстың артуын не деп атайды?

1 Жаһандану

0 Ғаламдану

0 Азат болу

0 Қаржылану

0 Тұтыну

83. Испиджаб қаласының екінші атауы

1 Сайрам

0 Суяб

0 Сарайшық

0 Самарқанд

0 Сырдария

84. мәдениет контекстінде адамның өзі, оның әлеуметтік, мәдени байланыстары және жалпы мәдениеті мен нәсілі, шығу тегі негізгі мәселе ретінде қарастыратын мәдениет саласы:

1 Мәдени антропология

0 Мәдени экономика

0 Мәдени тарих

0 Мәдени география

0 Мәдени саясат

85.Шпенглер Освальдтың жіктемесі бойынша «апполондық» деп аталған өркениет:

1 Антикалық

0 Арабтық

0 Көшпелі

0 Мексикалық

0 Қиыр Шығыстық

86. Жаһандану процесі келесі негізгі аспектілермен сипатталады:

1 Барлық жауаптар дұрыс

0 Ырықтандыру.

0 Вестернизация.

0 Деттеризация.

0 Интернационализация.

87. Мәдениеттанудың ғылыми білім саласы ретінде қалыптасуында этнографиялық мерзімі қай уақыттарды қамтыды?

1 1800-1860

0 1860-1895

0 1895-1925

0 1925-1955

0 ХХ ғасырдың ІІ жартысы

88. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңының 32 бабына сәйкес, мәдени құндылықтарға мыналар жатады:

1 археологиялық ескерткіштер, археологиялық олжалар

0 Сауда-саттық, мәдени байланыстар

0 Өндірісті модернизациялар, жеңіл өнеркәсіп

0 Хабар тарату, БАҚ

0 Жаппай ойын-сауық, театр, кино.

89. Қандай да бір халқының мәдени кодын анықтау үшін қандай ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн ?

1 Барлық жауаптар дұрыс.

0 Ақыл-ой.

0 Тіл.

0 Салт-дәстүрлер.

0 Әдебиет және өнер.

90. Батыстың индустриалды дамыған елдеріне тән дамудың экономикалық моделін, құндылықтарын, стилін және өмір салтын кеңейту процесі:

1 Вестернизация.

0 Интерпентерация.

0 Аккумуляция.

0 Ассимиляция.

0 Синкретизм.

91. Бұқаралық мәдениет дегеніміз:

1 Ақпараттық-коммуникациялық қызметті атқаратын жаһандық мәдениет

0 Адамдардың діни дүниетанымын айқындайтын жеке адам мәдениеті

0 Идеологияны сипаттайтын мәдениет

0 Эстетизм.

0 Дәстүр.

92. Ежелгі гректертерде ер балаларды тәрбиелеу сөзі мәдениет сөзінің баламасына тең болды, ол қандай сөз ?

1 Пайдейя

0 дхарма

0 философия

0 культура

0 Цивилизация

93. Қ.Р. Тәуелсіздік алғаннан кейін өткенде қалыптасқан, тұлғаның сақталуы мен дамуы үшін, ұлттық мәдениеттің әлемдік өркениетке қосқан үлесін ұмытпау мақсатында жасалған материалдық және рухани құндылықтар:

1 «Мәдени мұра» бағдарламасы

0 «Мәдени модернизация» бағдарламасы

0 «Мәдени әмбебаптандыру» бағдарламасы

0 «Мәдени сәйкестілік» бағдарламасы

0 «Мәдени жеке бастылығы» бағдарламасы

94. Заманауи талаптарға жауап беретін мәдени даму процесі деп аталады:

1 Мәдени модернизация

0 Мәдени байланыс.

0 Мәдени сәйкестілік.

0 Мәдени жекебастылығы.

0 Мәдени әмбебаптандыру

95. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері:

1 Барлық жауаптар дұрыс.

0 Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) азаматтардың шығармашылық белсенділігі бостандығы.

0 Мәдени құндылықтарды құру, жандандыру, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану кезіндегі азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі.

0 Тарихи-мәдени мұраны қорғау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

0 Мәдениетті мемлекеттік қолдау.

96. Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында «Рухани Жағыры» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажет:

1 Барлық жауаптар дұрыс.

0 Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет».

0 «Туған жер».

0 «Қазақстанның 100 жаңа келбеті».

0 «Қазақстанның қасиетті географиясы».

97. Мәдени өткенінен айырылған адамдарды қалай атайды?

1 Мәңгүрт.

0 Нихилист.

0 Шекті.

0 Декаденция.

0 Диссидент.

98. «Мәңгілік Ел» негізгі құндылықтары:

1 Барлық жауаптар дұрыс.

0 Ұлттық, бірлік, татулық пен келісім.

0 Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

0 Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы.

0 Тәуелсіздік

99. Адамдарды қалыптастыру қызметіне (яғни Адамның әлеуметтенуіне) мысал бола алатын ертегі кейіпкері

1 Маугли

0 Шрек

0 Алладин

0 Күлше қыз

0 Рыцарлар

100. Адамдардың пайда болуы және олардың этнографиялық және тілдік ерекшеліктерін қалыптастыру процесі деп аталады:

1 Этногенез.

0 Даралау.

0 Антропогенез.

0 Мамандану.

0 Социогенез.

101. «Көшпенділер» трилогиясының авторы:

1 І. Есенберлин.

0 А. Кашаубаев.

0 М. Шаханов.

0 М. Макатаев.

0 О. Суйлеменов.


написать администратору сайта