психология. Психология. Психология пніні міндеттері мен дістері
Скачать 75.99 Kb.
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Психология пәнінің міндеттері мен әдістері. Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні-психика. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам. Психика -обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі.Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды-сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психологияның тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология»термині гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); «Жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психология термині алғашқы да 16 ғ. пайда болды. Бастапқы да ерекше сезімді психикалық құбылыстар зерттеулерімен айналысты. Ол құбылыстар әр адамды өзін-өзі бақылау арқылы көре алады. XVII-XIX ғ. психиканың зерттеу сферасы көбейді. ХХ ғ. психикалық зерттеулер көптеген ғасырлар бойы жинаған құбылыстар айнасынан бөлінді және өзінің бастапқы жағын жоғалтты. ХІХ ғ. психология ғылыми білімінің жеке және әрі эксперименталды аймағы болып қалыптасты. Психология алдымен өзіне субьективті құбылыстарды, яғни адам және жануар психикасын зерттеді. Басқа құбылыстар адам мен адамдар арасындағы байланысты реттеп, олардың іс-әрекетін басқарды. Сонымен қатар психология адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлқын, олардың психикалық құбылысқа байланысын және оған тәуелділігін зерттеді. Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу( Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету; Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу). Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда. Психология ғылымдар жүйесінде маңызға ие және бірнеше функциялар атқарады. Психология тек қана теория емес, инженерия практикалық психологияның мәнділігін құрайды. Егер арнайы білімаі бар инженер ғылымның практикаға негізделуін қамтамасыз етсе, практик пасихолог, ол да инженер, бірақ техника емес, адам аймағындағы инженер. Психологияның негізгі міндеті – психологиялық мәселелерді шешу. Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде: теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда жүзеге асырылады. Бір кездері әлеуметтік психологияның қызметін адам психикасының заңдылықтарын танумен шектеді. Педагогикалық психология өкілі Максим Григорьевич Рубинштейн ХХ ғасырдың басында «психологияның мақсаты – адам жанын объективті білу»,-деп түсіндірді. Психология психиканы жетілдіру, психиканы жақсарту сұрақтарын қарастырмайды, ол ештеңкені бағаламайды, психикаға қатыстының барлығы психология үшін зерттеу объектісі болып табылады. Ол данышпандылықты тек мәлімет ретінде қарастырады. Бізге психология данышпандылықты, талантты қалай жасауды, жетілдіруді психологиялық мағынада үйретпейді. Бұдан шығатын қорытындылар психология шегінен шығып жатады және психология оған құзыретті емес. Осыған байланысты әлеуметтік позициялар психологиялық қорытындылар мен психология саласында құзыретті емес адамдардың жауына мүмкіндік береді. Адамның жан дүниесі жайлы қорытынды жасау мен психологиялық білімі жоқ адамдардың айналысуы мүмкін емес. Сонымен бірге психологиялық білімдер күнделікті өмірде және адам туралы ғылымдар аумағында аз қолданыс табуда. Психология кез келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік: І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); Лонгитюдтік «генетикалық жол» әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді); кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді). ІІ. Эмпирикалық әдістер:Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді. ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау). ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту. 1. Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи) 2. Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ. Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі. Эксперимент-себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада: - Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді. - Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады. - Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады. - Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады. Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б. Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі. Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.) Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады. Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу. Сұхбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс. Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады. Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді. Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері. Математикалық-статистика –белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші. Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.) Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады. Психикалық құбылыстардың құрылымы. Психикалық құбылыстарды ғана әлемді шарлау емес, сондай-ақ белсенді танымдық белсенділігі болуға адамды мүмкіндік береді. Біздің ақыл тыс әлемнің алынған ақпарат алуға және өңдеуге тегін емес еді, егер бүгін қол жеткізілді бәрі, ол мүмкін емес еді. Барлық психологиялық құбылыстар бір-бірімен тікелей байланысты болып табылады. байланыс анық: бірде-бір айырмашылығы жоқ еді, бірақ бұл жолы біздің ақыл, дәл ұйымдастырылған олардың жиынтығы түсіндіріледі. Олардың айырмашылықтары әлі де бар. Дәстүрлі жіктеу психикалық құбылыстардың үш кең топтарын анықтайды. Бұл психикалық процестер, психикалық адамның қасиеттері мен, әрине, психикалық мемлекеттер. Психикалық процестер негізгі құбылыстар болып табылады, және жеке қасиеттерін психикалық мемлекеттік және психика болып жатқан, типологиялық және уақытша өзгерту процесс ретінде түсінген жөн. психикалық құбылыстардың барлық түрлері - шағылыстырғыш-нормативтік бағыттарының бірі ағыны. АҚШ оларды бөлек қарастырайық. Психикалық құбылыстардың жіктелуі Психикалық процестер көрсететін-нормативтік қызмет ретінде әрекет етеді, бірақ ештеңе болып табылады. Бұл актілер жеке және дәйекті болып табылады. Нысанды көрсететін әрбір жеке процесінің психикасы бар. Сондай-ақ, барлық процестер нақты өз заңдар мен ережелерді бар. Олар бастапқы тобының сұрыптау болып табылады, өйткені психологиялық құбылыстардың жіктелуі, оларға тізімінде бірінші орынды береді. Басқаша айтқанда, олар психологиялық суреттерді қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Олар объектінің және рефлексия тұлғаның, өзара іс-қимыл және білімге бағытталған жүйелі іс-әрекеттердің нақты түрінің өзара іс-қимылды білдіретін сол субъектілері мен объектілері. Бұл процестер, (осы қабылдау, сезім, қиял мен есте және ойлау қабілетін қамтиды) ақпараттық, эмоционалдық және ерікті болуы мүмкін. Психикалық белсенділік - бұл процестердің барлық комбинациясы. Әрі қарай психикалық мемлекеттер бар. психикалық қызметінің ерекшелігі уақытша болып табылады. Бұл болып жатқан адамның қарым-қатынас арқылы анықталады. Әйтпесе, сол адам психикасының ағымдағы модификациясы болып табылады деп айтуға болады. Психикалық жағдайлар шындыққа сәйкес белгілі бір өзара әрекеттесу адам психикасының барлық көріністеріне Интеграциялық (салыстырмалы тұрақты) болып табылады. Олардың көрінісі оған өзінің жеке қарым-қатынас, сондай-ақ, адам қызметінің бағытына байланысты. |