Python тілін кім, ашан ойлап тапты 1991ж бл Гвидо Ван Россум
Скачать 266.17 Kb.
|
2-сабақPython тілін кім, қашан ойлап тапты? 1991ж бұл Гвидо Ван Россум Python тілі мен С++ тілінің бағдарламалауда қандай ерекшелігі бар? Python – интерпретаторлы тіл, С++ тілі компиляторлы тіл. Python тілінің артықшылығы неде? - Меңгеруге жеңіл - Кез келген бағдарлама жазуда қолайлы Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм дегеніміз – белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін ретімен орындалатын әрекеттер тізбегі. Белгілі бір операцияны орындайтын алдын-ала жазылған код бөлігі? функция Экранға енгізілген объектілердің мәндері шығарылатын функция? print() функциясы Мәтінді жолдар мен символдарды экранға шығару қалай жүзеге асады? print("Salem!") print(‘Salem!’) print(150) нәтижесі? экранға 150 саны шығарылады Айнымалы қалай сипатталады? айнымалы аты=өрнек 333num = 3 айнымалысы дұрыс жазылған ба? айнымалының аты сандардан бастала алмайды Айнымалының мәнін экранға шығару қалай жүзеге асады? print(айнымалының аты) a = 8 нәтижесі? 8 сандық мәні а деп аталатын айнымалыға меншіктеледі Пайдаланушы енгізген деректерді алу функциясы? input() функциясы Python кілттік сөздерін айнымалы ретінде алуға болады ма? Python кілттік сөздерін айнымалы ретінде алуға болмайды Python-да комментарий қалай сипатталады? # белгісі қолданылады Print () функциясын қолданып бірнеше мәндерді басып шығарған кезде, олар қалай ерекшеленеді? олар әдепкі бойынша бір бос орынмен бөлінеді Print () функциясын қолданып қате жазылған айнымалы атын шақырсақ, қандай қателік болады? Орындалу қатесі туралы қалай хабарлайды Үй тапсырмасы Тапсырма 1. Өз есіміңізді енгізіп, экранға шығаратын программа құрыңыз. print ('Atiniz:') name=input() print('Privet,',name) name = input('Atiniz?') print(' Privet,', name) name = input() print(' Privet,', name) Тапсырма 2. Экраннан енгізілген мәтінге « -чемпион! » сөзін тіркеп шығаратын программа құрыңыз. name=input() print(name,'-чемпион!') Тапсырма 3. Үш жолды кезекпен оқып, содан кейін оларды әрқайсысы бөлек жолға шығаратын программа жазыңыз. text1=input() text2=input() text3=input() print(text1) print(text2) print(text3) 2-сабақАйнымалылар – программаның орындалу барысында əр түрлі мəндерді қабылдай алатын шамалар. Əрбір айнымалы программа алдында сипатталуы тиіс. Айнымалыны сипаттау: айнымалы аты=өрнек
Python кілттік сөздері int a; float x; тип айнымалы тип айнымалы Айнымалылармен жұмыс жасау үшін олармен орындалатын операцияларға байланысты айнымалы типтері болады. Python динамикалық типті интерпретатор болғандықтан, онда айнымалы типтерін көрсету міндетті болып табылмайды. Ал басқа С++ секілді бағдаламалау тілдерінде айнымалы типін көрсету қажет. Python-дағы айнымалылар типтері Python-да деректер типтерін импорттау кезінде қолдануға болатын интерпретаторға кіріктірілген және кіріктірілмеген деректер типтеріне бөлуге болады. Негізгі кіріктірілген түрлері:
int - бүтін сан float - өзгермелі нүкте нөмірі complex - күрделі (комплекс) сан list - тізім tuple - кортеж range - диапазон
str bytes - байт bytearray -массивтер байты memoryview - протокол буфері protocol buffer арқылы объектінің ішкі мәліметтеріне қол жеткізуге арналған арнайы объектілер set - жиынтық (множества) frozenset - өзгермейтін жиынтық dict - сөздік Айнымалының типін type() функциясы арқылы анықтауға болады. Қолданудың мысалы төменде келтірілген. isinstance() функциясы арқылы оның қай тип класына жататындығын анықтауға болады. Сандар - Numeric Бүтін сандар, өзгермелі нүктелік сандар және күрделі сандар сандар тобына жатады. Python-да оларды int, float және complex ұсынады. Бүтін сандар кез-келген ұзындықта болуы мүмкін, олар тек жад мөлшеріне қарай шектеледі. 1 - бүтін Өзгермелі нүктелік сандардың бүтін санмен айырмашылығын нүктенің болуымен көруге болады: 1.0 - өзгермелі нүкте. Кешенді (комплекс) сандар x+yj түрінде жазылады, мұндағы х - санның нақты бөлігі, ал y – белгісіз бөлік. >>> a=123456789 >>> a 123456789 >>> b=0.123 >>> b 0.123 >>> c=1+2j >>> c (1+2j) Тізімдер- Sequence Тізім - бұл элементтердің реттелген жиынтығы. Тізімнің элементтері бірдей типтегі болуы шарт емес. Тізімді жариялау өте қарапайым. Тізімнің элементтері тік жақшалардың ішіне үтірлермен бөлініп орналастырылған: a = [1, 2.2, 'python'] Біз [] операторын элементті («индекске қол жеткізу») немесе тізімнен («бөліп алу») бөліп алу үшін қолдана аламыз. Python-да индекстеу нөлден басталады. 0 1 2 3 4 5 6 7 >>> a = [5,10,15,20,25,30,35,40] >>> print("a[2] =", a[2]) a[2] = 15 Тізім элементтерінің мәндерін өзгертуге болады: >>> a = [1,2,3] >>> a[2] = 4 >>> a[1, 2, 4] print("a[0:3] =", a[0:3]) a[0:3] = [5, 10, 15] print("a[5:] =", a[5:]) a[5:] = [30, 35, 40] Тізімдегі кортеж (tuple) дегеніміз- элементтердің реттелген тізбегі. Айырмашылық тек кортеждердің өзгермейтіндігінде. Бөлшектер деректерді қайта жазудан қорғау үшін қолданылады. Кортеж құру үшін жақшаның ішіне үтірлермен бөлінген элементтер қою керек: t = (5,'program', 1+3j) print("t[1] =", t[1]) t[1] = program Жолдар -Text Sequence Жол - бұл символдар тізбегі. Жол құру үшін бір немесе екі тырнақшаны қолдануға болады. Көп жолды жолдарды ''' немесе '''''' үштік тырнақшалармен белгілеуге болады: s = "Простая строка" s = '''многострочная строка''' Тізімдер мен кортеждердегі сияқты, [] операторын да жолдармен қолдана аламыз. Python-дағы жолдар өзгермейтінін ескеру керек, яғни барлық функциялар мен әдістер тек жаңа жол құра алады. Жиын -Set Жиын - бұл реттелмеген, қайталанбас бірізділік. Жиын жүйелі жақша {} ішіндегі үтірмен бөлінген элементтердің көмегімен жарияланады: >>> a = {5,2,3,1,4} >>> print("a =", a) a = {1, 2, 3, 4, 5} # тип данных переменной а >>> print(type(a)) Жиындағы элементтер жалғыз болуы керек, қайталанса автоматты түрде көшірмелерді алып тастайды: >>> a = {1,2,2,3,3,3} >>> a {1, 2, 3} Сөздіктер - Mapping Types Сөздіктер – кілттік мәндер жұбының реттелмеген жиынтығы. Олар кілттердің әрқайсысын мәнге сәйкестендіру қажет болғанда және кілтті біле отырып, мәнге жылдам қол жеткізе алу қажет болғанда қолданылады. Басқа тілдерде сөздіктер әдетте карта (map), хэш (hash) немесе объект (object) деп аталады. Сөздіктер деректерді шығаруға оңтайландырылған. Мәнді алу үшін кілтті білу керек. Сөздіктердің сипатталуы: {кілт:мән} Мән кез келген типте болуы мүмкін, кілт – өзгертілмейді. >>> d = {1: 'ass ', 2: 'fh '} >>> type(d) >>> print (d[1], d[2]) ass fh Бізге әр түрлі типтерде операцияларды бір уақытта орындай алатындай типтеу қажет, int(), float(), str() функцияларының көмегімен түрлендіруге болады. float типі int-ке айналғанда мәліметтердің жоғалуы орын алады, өйткені бөлшек бөлігі ғана алынады. >>> float(5) 5.0 >>> int(10.6) 10 >>> int(- 20.4) -20 Тіркестерді түрлендіру кезінде сәйкес мәндерді пайдалану керек: >>> float('2.5') 2.5 >>> str(25) '25' Тіркестерді де түрлендіруге болады >>> set([1,2,3]) {1, 2, 3} >>> tuple({5,6,7}) (5, 6, 7) >>> list('hello') ['h', 'e', 'l', 'l', 'o'] Сөздіктерге түрлендіру үшін тізбек элементінің жұбы болуы тиіс: >>> dict([[1,2],[3,4]]) {1: 2, 3: 4} >>> dict([(3,26),(4,44)]) {3: 26, 4: 44}
Арифметикалық амалдар Оператор – операциялар мен мəндерді көрсететін, программаның орындалатын əрбір қадамында қандай іс-əрекеттер атқарылатынын анықтайтын символдар жиыны. Python тілінде бағдарламалау кезінде қолданылатын негізгі операторлар, сонымен қатар олар орындайтын операциялар төмендегі кестеде көрсетілген. a = b * c - d % e / f секілді есептердің орындалу реті түсініксіз болуы мүмкін. Есепті жақшалар қою арқылы жеңілдетуге болады. a = ( b * c ) - ( ( d % e ) / f ) % Операторы бір санды екінші санға бөліп, бөлудің қалған бөлігін қайтарады. Бұл санның жұп немесе тақ екенін анықтау үшін өте пайдалы. // (бүтін бөлу) операторы қалыпты бөлумен / бірдей жұмыс істейді, бірақ үтірден кейін нәтижені алып тастайды. ** (дәрежелеу) операторы бірінші операнды екінші операндтың дәрежесіне көтереді. Бағдарламалау Python тілінде бағдарламалау үшін веб-браузерді іске қосып, python.org/download сайтына кіріп, операциялық жүйеңіздің нұсқасына сәйкес орнатушыны жүктеп алыңыз. Тапсырма 1. a куб қабырғасының ұзындығы берілген. Куб көлемін V = a3 және оның ауданын S = 6·a2 табатын программа құрыңыз. Тапсырма 2. a, b, c тікбұрышты параллелепипед ұзындығы берілген. Оның көлемін V = a·b·c және оның ауданын S = 2·(a·b + b·c + a·c) табатын программа құрыңыз. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ! |