Сабақтың ортасы
| Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Программалау тілі- деректерді белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын формальді тіл.
Программалау тілі-жасанды тіл. Ол сөздік қорының аздығымен, жазу ережесінің қатаң сақталуымен ерекшеленеді.Процессор программалау тілінде жазылған программаларды тікелей қабылдамайды. Ол үшін программаларды процессор тіліне аударатын трансляторлар қажет.
Таранслятор түрлері:
Компилятор-программалау тілінде жазылған программаны мәшине кодына аудару үшін қолданылады. Интерпретатор- мәшине тіліне аударылған программаны процессорда кезең – кезеңімен талдай отырып ретімен орындау үшін қолданылады.
Компилятор мен интерпретатор екеуі де программа.
IDE-программалық жасақтама жасауға арналған программалар кешені.
IDE-нің құрамдас бөліктері:
Мәтіндік редактор-программа коды енгізетін негізгі терезе; Құрастыруды автоматтандыру құралдары-компилятор жасаған барлық файлдарды орындалатын файлмен байланыстыру процесі; Компилятор/Интерпретатор-программалау тілінде жазылған программаны мәшине кодына аудару; Түзету /Жөндеу-программадағы қателерді кезең-кезеңімен іздеп табуға және түзетуге арналған қосымша.
Программа құрудың интеграцияланған ортасына C++, Paskal, Java, Python сияқты программалар жатады. Солардың арасынан Python программалау тілімен танысуды бастайық.
Көрсетілім. Python программалау тілін компьютерге орнату. 1-тапсырма.Жеке жұмыс.
Оқулық § 3.1, 75-бет, «Практикада қолдану» Дескриптор:
-Python программаны іске қосады;
-Қарапайым программаларды жазады. ҚБ: стикер / 3 балл/ 2-тапсырма. Жеке жұмыс.
Оқулық § 3.1, 76-бет, «3-тапсырма**» Дескриптор:
-Python программаны іске қосады;
-фигураларды экранға шығарады. ҚБ: стикер /3 балл/ 3-тапсырма. Жеке жұмыс.
Оқулық § 3.1, 76-бет, «1-тапсырма*» Дескриптор:
-Python программаны іске қосады;
-берілген сөздерден біріккен сөздерді алу программасын құрады. ҚБ: стикер / 4 балл/
| Мұғалімді тыңдайды
«программалау тілі» анықтамасын дәптерге жазады «Транслятор түрлері» анықтамасын дәптерге жазады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
Стикер
3балл
Стикер
3балл
Стикер
4 балл
| Иентербелсенді тақта / компьютер https://www.youtube.com/watch?v=lHYE8Z6Q1Ig
Оқулық
|