о0ушы шы5арма. тарғын Саяжан. р адам е бірінші з отбасында тлімтрбие алады. Отбасында лгілі трбиеленген адам ортасында сыйлы болады
Скачать 13.75 Kb.
|
Отбасы-алтын бесік. Әр адам ең бірінші өз отбасында тәлім-тәрбие алады. Отбасында үлгілі тәрбиеленген адам ортасында сыйлы болады. Отбасымызда әке-шешеміз бізді адал ниетті, бәріне көмек қолын созуға және жақсы істердің жаршысы болуға үндеп отырады. Олардың айтқан ақыл-кеңестері үнемі жадымда жаңғырып тұрады. Ағатайым мен әпкем маған қамқор және жанашыр. Ал иманы жүзінен нұр болып төгіліп отыратын ақ әжемнің мағыналы әңгімелері өз алдына бір төбе. Мектептен оралғанда мені ылғи да сағынып, айналып-толғанып отырады. Қонақтан келгенде қалтасындағы тәттінің дәмдісін ұсынып, елпектегені жанымды жылытады. Күн сайын ата-анама, бауырларыма жақсы сөздерін айтып, құлағымызға құйып келеді. Ақ әжемнің ғибратты сөздерінен жүрегіме жылылық енеді. Үлкендермен сәлемдесіп жүру мен олардың жолын кеспеуді үйреткен де сол адам. Отбасымыздың ұйытқысы әжем ауырмай қасымызда жүре берші деп тілек айтамын. Бақытты отбасының алтын бесігінен тәлім ережелері үзілмесін деп айтқым келеді. Мен өз отбасымды қатты жақсы көремін! Тарғын Саяжан Жанболатқызы БҚО, Казталов , Нұрсай ауылы Тереңкөл ожббм 2-сынып оқушысы |