рецепт. тапсырма-4. Рецепт бойынша баылау тапсырмасы
Скачать 5.44 Kb.
|
Рецепт бойынша бақылау тапсырмасы: 1. Терминальды анестезияға арналған препарат. 2. Инфильтрациялық анестезияға арналған препарат. 3. Аймақтық анестезияға арналған препарат. 4. Жұлын- ми анестезияға арналған препарат. 5. Анестезия түрлерінің барлығына арналған препарат. 6. Органикалық тұтқырлаушы препарат. 7. Бейорганикалық тұтқырлаушы препарат. 8. Тік ішектік суппозитори қалпындағы анестетик. 9. Қаптаушы препарат. 10. Адсорбциялаушы препарат. 11. Метеоризимді емдеуге арналған препарат. 12. Тітіркендіруші препарат. Ситуациялық есептер ( препаратты анықтаныз): 1. Бұл универсалды анестетик, жансыздандырудың барлық түрінде қолданылады. Жансыздандыру күші новокаинге қарағанда 2,5 есе артық және 2 есе ұзақ әсер етеді (60минут шамасында). Адреномиметиктермен комбинациялағанда әсері 2-4 сағатқа созылады 2. Новокаинмен салыстырғанда улылығы және белсенділігі бірнеше есе артық препарат. Беткей анестезия үшін қолданылады. Бұл препаратпен улану кезінде ОНЖ қозуы сосын паралич дамиды. Тыныс алу орталығының параличі өлімге әкеледі. 3. Суға салғанда ісініп кілегей тәрізді коллоидті ерітінділері түзетін, индифферентті заттар. Бұл заттар шырышты қабықты қаптай отырып сезімтал нерв ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. Ағзаға сіңірілмегендіктен резорбциялық әсер көрсетпейді. 4. Кәдімгі қарағайдың құрамындағы эфир майларын бумен айдау жолымен алынатын, негізгі әсер етуші заты α- пинен болып табылатын препарат. Жоғары липофильділігінің арқасында эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке үштарын тітіркендіреді. Невралгия, миалгия, буын ауруларында жергілікті ысқылап жағу үшін қолданылады. 5. Құрамы: 4SiO + 3MgO + H2O болатын, силикат, магнидің препараты. Тері бездерінің адсорбциялап, құрғатады, әрі теріні механикалық тітіркенуден сақтап, паторефлекстерді төмендетеді. 6. Препарат тері және кілегей қабатының бетіндегі белоктерды коагуляциялап, тығыз альбуминаттар түзеді. Гастроэнтерологияда, лорпрактикада және терінің қабыну ауруларында қолданылады. 7. Тек терминалды анестезияда қолданылатын, тіндердің тамырларын жергілікті тарылтатын алколоид. Ұзақ уақыт қолданғанда ауыр үйренуге әкелетін препарат. 8. Суда нашар еритін беткей анестезияға ғана қолданылатын, жиі жағымды, паста, сеппе түрінде шығарылатын препарат. 9. Теріні және кілегей қабықтар түрлі зақымдалулардан қорғайды. Өзінің құрамына барлық уларды сорып алады. Қолдануға көрсетпелер: диспепсиялар, метеоризм, гастрит, уланулар. 10. Бұл препарат буын иіскегенде, жоғарғы тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштары тітіркеніп, тыныс алу орталығының рефлекторлы қозуына әкеледі. Естен талып қалған кезде ингаляциялық, мастану жағдайында ішке қабылдауға және дезинфекциялық қабілетіне байланысты хирург қолын тазалап өңдеуге қолданылады. 11. Препарат құрамында синегрин гликозиді және мирозин ферменті бар. Препаратты жылы суға салғанда, синегрин, мирозин әсерінен эфир майына ыдырайды. Түзілген эфир майының күшті тітіркендіруші қасиетін тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларында, невралгияда және миалгияда қолданамыз. 12. Әсері 30-60 мин. Созылатын, белсенді анестетик. Инфильтрациялық, өткізгіштік, жұлын –ми анестезиясында қолданылады. Беткей анестезияда белсенділігі төмен. 1 Терминалды анестезияға дайындық Анестезияны жүргізу үшін инфильтрацияға ұқсас препараттар қолданылады (новокаин, тримекаин, лидокаин, мепивакаин, ультракаин және бупивакаин), алайда анестетиктің мөлшері азырақ және концентрациясы жоғарырақ (1-4% ерітінділер). 2 инфильтрациялық препараттар (новокаин, тримекаин, лидокаин, мепивакаин, ультракаин және бупивакаин), 3 Ең жиі қолданылатын жергілікті анестетиктер лидокаин, бупивакаин және ропивакаин болып табылады. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейту үшін опиаттар көбінесе эпидуральды анестезия үшін ерітіндіге қосылады, мысалы морфин, фентанил, промедол, бупренорфин 4 Жұлын- ми анестезияға арналған препарат , Лидоккайн консентрациясы 5%-7,5% глюкоза ерітіндісі мөлшерлеу 60 (1,2) ұзақтығы 0,5 -0,75 Бупивакин консентрациясы 0,5% -8,25% глюкоза ерітіндісінде мөлшерлеу 10-17,5 (2-3,5) ұзақтығы 2,0-4,0 5 лидокаин, тримекаин 6 Rp: Sol. Xycaini 2 % - 2 mlD. t. d. N 10 in ampull. |