Главная страница
Навигация по странице:

  • Тың және тыңайған жерлерді игеру:жетістігі мен зардаптары Тың және тыңайған жерлерді игеруінің жетістігі

  • Зардаптары: 1.Ауыл шаруашылығына баса назар аудармады.Оның салдары ауыл шаруашылығы мәселелерін экстенсивті әдістермен шешуге тың жерлерді ауқымда игеруге алып келді.

  • 2.Тарихта болып көрмеген көлемді жер жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымның күрт қысқаруына алып келді.

  • Реферат 5 тақырып. Реферат 19531964 жж. азастанны леуметтікэкономикалы дамуы. Ты жне тыайан жерлерді игеру жетістігі мен зардаптары


    Скачать 19.7 Kb.
    НазваниеРеферат 19531964 жж. азастанны леуметтікэкономикалы дамуы. Ты жне тыайан жерлерді игеру жетістігі мен зардаптары
    Дата23.12.2021
    Размер19.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРеферат 5 тақырып.docx
    ТипРеферат
    #316062

    Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университеті

    РЕФЕРАТ

    1953-1964 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістігі мен зардаптары

    2021-2022 оқу жылы

    1953-1964жж Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды басталады.Ауыл шаруашылығына қарағанда Қазақ КСР-нің өнеркәсібі жақсы дамыды.Ең қарқынды дамыған салалары:энергетика,металлургия,кен рудасы,көмір,химия,машина жасау осы салалар өте қарқынды дамыды.1960 жылы Қазақстанда 83 ірі өнеркәсіп пайда болды.Республикада отын-энергетикалық базасы дамыды.1956-1960 жж мақта-мата кездемелерін,шұлық-ұйық бұйымдарын,ішкі сырт киімдік трикотаждар шығару кеңінен өрістеді.Республикааралық экономикалық байланыстардың құрылымы жақсарды.Көптеген ірі шахталар(Қарағанды) мен байыту фабрикалары іске қосылды.Су электр(Өскемен)мен жылу электр станциялары(Жезқазған мен Жамбыл) пайдалануға берілді.Алтыншы бесжылдық жылдарында электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарылды:Алтай,Алматы,Қарағанды,Оңтүстік Қазақстан энергия жүйелері жұмыс істеді,энергия комбинаттары құрылды.1960 жылы Ертіс химия-металлургия зауыты салынды,онда елде тұңғыш рет жер қойнауында сирек кездесетін элементтер мен сирек металдарды 1957 жылы Соколов-Сарыбай кен орны базасында салынған елдегі аса ірі Жезқазған комбинаты өнім бере бастады.Атасу кен орны рудаларына негізделген Қарағанды металлургия зауыты толық өндіріс циклімен жұмысқа кірісті.Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өніміндегі үлес салмағы бойынша қара және түсті металлургия мен жеңіл өнеркәсіп алдынғы үш орынды иеленді.Алтыншы бесжылдықтың алғашқы үш жылында ғана 280-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары салынып,іске қосылды.Қазақстанның жалпы жүк айналымында Батыс Сібір мен Еділ бойынын үлес салмағы зор болатын.Оралға көп көлемде Қарағанды көмірі,Ақтөбе ферросплав зауытының хромит рудасы мен феррохромның жартысынан астамы жөнелтілді.Жалпы Одақтастық экономиканы шикізатпен,соның ішінде руда және үстемелеп өсіп отырды.Шетелдерге экспортқа шығарылатын өнім көбейе түсті.Бұлар сым созатын стандар,металл конвейерлер,эксковаторлар,су көтергіштер,күш конденсаторлары,таразылар және басқалар болды.Сонымен қатар транспорт саласы да өте қатты дамыды.Екі мың шақырымға жуық темір жол салынды,оның 1,5 мың шақырымы тың игерілген облыстар территориясынан өтті.Темір жолдардың жұмысын бір орталықтан басқару үшін 1958ж,басқармасы Алматыда орналасқан Қазақ Темір жолы құрылды.

    Тың және тыңайған жерлерді игеру:жетістігі мен зардаптары

    Тың және тыңайған жерлерді игеруінің жетістігі:

    1.Тың игерушілерде көтеріңкі рух еңбекке деген құлшыныс өте жоғары болды.Қостанай облысындағы «Украинский» кеншараның механизаторлары егінді топтап жинау әдісін қолдана білді.Олардың қолда бар техниканы топтап,пісіп тұрған егінді тез жинап алуы оңды нәтиже берді.

    2.Ақмола облысының «Ярославский» кеңшарының бригадирі М.Е.Довжик,Қостанай облысындағы Павлов атындағы ұжымшарының комбайншысы П.М.Музыка,тағы басқа күптеген тың игерушілер еңбекте тамаша жетістіктерге қол жеткізді.

    3.Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті.Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептелінді.Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді.Өнеркәсіп орындары көптеп салынды.Жаңа темір жол,тас жол желілері тартылды.Тың игеру Республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.

    Зардаптары:

    1.Ауыл шаруашылығына баса назар аудармады.Оның салдары ауыл шаруашылығы мәселелерін экстенсивті әдістермен шешуге тың жерлерді ауқымда игеруге алып келді.

    2.Тарихта болып көрмеген көлемді жер жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымның күрт қысқаруына алып келді.

    3.Жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап кетуі салдарынан,жалпы алғанда 18 млн га астам жер эрозияға ұшырады.


    написать администратору сайта