Главная страница
Навигация по странице:

  • НУО «КАЗАХСТАНСКО -РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» РЕФЕРАТ

  • Жалпы мықын артериясы .A.iliaka communis.

  • Ішкі мықын артериясы. A. iliaca interna .

  • Аяқ артериялары. A.mbri inferioris Сан артериясы. A.femoralis.

  • Тақым артериясы. A.popliteа

  • A.popliteа ның тармақтары

  • Асықты жіліктік алдыңғы артериясы.

  • A tibialis anterior дың тармақтары

  • Асықты жіліктің артқы артериясы. A tibialis posterior.

  • Жамбастың лимфа тамырлары мен түйіндері.

  • 27. Аяқтың лимфа тамырлары мен түйіндері.

  • nodi lymphatici inguinales profundi

  • nodi lymphatici tibialis anteriores

  • Аяқтың лимфа тамырлары беткей және терең деп бөлінеді.

  • Терең лимфа тамырлары: Аяқтың терең лимфа тамырлары , vasa lymphatica profunda membri inferioris

  • такымдық лимфа өрімін

  • Аяқтың лимфа бездері .

  • анат аяқ артериясы рефф. Реферат ая,жамбас артериялары,веналары жне лимфа жйесі Орындаан Оспанбай ф курс 2курс


    Скачать 0.52 Mb.
    НазваниеРеферат ая,жамбас артериялары,веналары жне лимфа жйесі Орындаан Оспанбай ф курс 2курс
    Дата16.12.2021
    Размер0.52 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаанат аяқ артериясы рефф.docx
    ТипРеферат
    #305656




    «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

    МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ



    НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

    МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»





    РЕФЕРАТ

    Аяқ,жамбас артериялары,веналары және лимфа жүйесі

    Орындаған : Оспанбай Ф

    Курс: 2-курс

    Топ: 208 A ОМ

    Тексерген: Жұмабаев Ү.


    Алматы, 2021 ж


    Жалпы мықын артериясы.A.iliaka communis.
    Құрсақтық қолқаның бөлінген жерінен құрылатын жұп тамыр. Жалпы мықын артериясы бұрыш жасап тармақталып төмен және сыртқа бағытталады. Бұл бұрыш әйелдерде ерлерге қарағанда үлкен. Жалпы мықын артериясының ұзындығы 5-6 см сегізкөз мықын буыны тұсында: сыртқы мықын артериясына және ішкі мықын артериясына бөлінеді.



    Ішкі мықын артериясы. A. iliaca interna .
    Жалпы мықын артериясынан тармақтарып, кіші жамбас астауына төмен бағытталып, сегізкөз мықын буыны сызығында жатады. Үлкен шонданай тесіктің жоғарғы жиегінде алдыңғы және артқы сабауға бөлінеді. Осы сабаулардан тармақталатын тармақтар кіші жамбас астауы мен қабырғасына бағытталады, сондықтан олар қабырғалық (паристальді) және ішкіағзалық (висцеральді) деп бөлінеді.

    • Ағзалық тармақтар.

    • Кіндік артериясы (a. umbilicalis) ішкі мықын артериясының эмбрионалдық кезеңдегі ең бір ірі тармағы.

    • Шәует шығаратын түтік артериясы (a. ductus differentis) ішкі мықын артериясының алдыңғы сабауынан басталып алға жүред және шәует шығаратын түтікке жеткен соң, түтік бойымен жүретін екі тармаққа бөлінеді. Екеуінің біреуі түтікпен қоса шәует шылбырының құрамына кіріп a.testicularis- бен анастамозданады. Екшнші тармағы шәует шығаратын түтікпен бірге шәует қуықшаларына барады.

    • Әйелдерде шәует шығаратын түтік артериясына жатыр артериясы сәйкес келеді.

    • Ортанғы тік ішек артериясы (a.rektalis media), не a iliaka interna немесе vesiculis inferior- дан шығып тік ішектің қабырғаларында тармақталып, жоғарғы тік ішек тармақтарымен (aa.rectalissuperior it inferior) жалғасады, сондайақ несепағар мен қуыққа қуықасты безіне, ұрық көпіршіктеріне, әйелдерде қынапқа тармақтар береді.

    • Ішкі жыныс артериясы (a.pudenda interna) жамбас астауында ең жақын бұлшықеттер мен plexus sacralis түбіршіктеріне кішкене тармақшалар береді, негізінен diaphragma-тан төмен орналасқан мүшнлер мен шатты ғана қанмен жабдықтайды. Жамбас астауынан formen infrapiriforme арқылы шығады да, spina ischiadica-ның артқы жағын орай өріп, кіші шонданай тесігі арқылы қайтадан жамбас астауына кіреді және нәтижесінде fossa ischiorectalis ке келеді. Ол бұл жерде артқы тесік аймағындағы rectum-ның төменгі бөлетін несеп шығаратын өзекті, шат пен қынапты бульбоуретралдық бездерді, сыртқы жыныс мүшелерін қанмен жабдықтайтын тармақтарға ыдырайды.

    • Жоғарғы несепқуық артериясы (aa.vesicalis superior et inferior) aumbilicalis-тің бітелмеген бөлігінен басталып, несепқуықтың жоғарғы бөлігінде тармақталады, төменгі несепқуық артериясы a.iliaca interna-дан басталып, несепағар мен қуықтың түбін қанмен қамтамасыз етіп, сондай ақ қынапқа, қуықасты безі мен ұрық қуықшаларына тармақтар береді.

    • Қабырғалық тармақтар. (a.iliacae internae)

    • Мықын-бел артериясы (a.iliolumbalis).ол ішкі мықын артериясының сыртқы сабауынан басталып жоғары және артқа бағытталады:m.hsoas major астында жатып,оның ішкі жиегінде бел (r.lumbalis) және мықын (r.iliacus) трмақтарына бөлінеді.

    • Жоғарғы сегізкөз артериясы (a.sacralis lateralis) m.levator ani және piriformis-ті, сегізкөз өрімінің нерв сабауларынқанмен жабдықтайды.

    • Жоғарғы бөксе артериясы (a.glutta superior) ішкі мықын артериясының артқы сабауының жалғасы болып табылады.

    • Жапқыш артериясы(a obturatoria) жапқыш тесігіне бағытталады. Жапқыш өзегінен шыққаннан кейін ол m.obturatorius externus-ті аддукторларды қоректендіріп және ramus acetabularis буынына өтіп lig.capitis femoris пен ортан жіліктің басын қоректендіркді.

    • Төменгі бөксе артериясы (a.glutea inferior).

    • Сыртқы мықын артериясы (a.iliaca externa)

    • Жалпы мықын артериясынынан тармақталатын жұп ірі сабау, шшастар ішінде орналасып, m.psoas major-дың медияльді жиегімен алға және төмен бағытталады; шап жалғамасының астымен тамырлық тесікке (lacuna vasorum) барып аттас венадан латеральдік жатады сыртқы мықын артериясы тамырлық тесіктен санға шыққан соң, оның тікелей жалғасы сан артериясы a.femoralis.

    • Сыртқы мықын артериясы келесі тармақтар береді:

    • A.epigestrica inferior-төменгі құрсақ үсті артериясы.бұл артерия өз кезегінде екі тармақ береді:

    • А) A.obturatoria мен жалғасып symphysis pubica-ға баратын ramus pubicus және Ә)m.cremaster мен аталық безге баратын a.cremastrica.

    • A.circumflexia ilium profunda-мықын сүйегін орап жататын терең артерия.

    • Аяқ артериялары. A.mbri inferioris

    • Сан артериясы. A.femoralis.
      Сан артериясы A.femoralis. сыртқы мықын артериясының жалғасы, шап жалғамасының астында, тамырлық тесікте, lacuna vasorum, басталады.
      Қан кетуді тоқтату үшін сан артериясын санға шығатын жерінде оs rubis ке қысады. Сан артериясынан медияльді сан венасы орналасады. Сан артериясы онымен бірге suleus fremoralis anterior- да өтіп, сол жерде poplitea-ға жалғасады.
      A.femoralis тің тармақтары:
      1. A.cariumflexia ilium superficialis - мықын сүйектің беткей айналмасы.
      2. A.epigastrica superficialis – беткей құрсақ үсті артериясы.
      3. Aa.pudendae exsternae – сыртқы жыныс артериясы.
      4. A.profunda femoris – терең сан артериясы.
      5. A.genus descendens - ерекше ұзын тамыр.



    • Тақым артериясы. A.popliteа

    • Тақым артерияс- сан артериясының тікелей жалғасы. Артерия canalis adductoris -тің төменгі тесігі тұсында басталып, жартылай жарғақты бұлшықеттің, m.semimembranosus, астында жатып, тақым шұңқыры түбінен, басында facies popliteal ға кейін тізе буынының буын қабына, төменгі ішінде, m popliteus, жанасып жүреді. Тақым шұңқырында алғашында төмен және кішкене латеральді, тақым шұңқырының ортасынан тіп тік бағыт алады.

    • A.popliteа ның тармақтары:

    • 1. Aa genus superiors lateralis et medialis – тізенің жоғарғы артериялары, латералді және медиялді, ортан жілік айдаршықтарының жоғарғы жиегі деңгейінде шығады, әрқайсысы өз жағынан тізе буынын орап өтіп, оның алдыңғы бетіне ауысып сол жерде өзара анастамозданып , тізе буынының артериялық торын түзуге қатысадаы.

    • 2. Aa genus inferiors lateralis et medialis – төменгі тізе артериялары, латералді және медиялді,тізе буыны аймағында жоғарғы артериялар тәрізді тармақталады, бірақ та, A.popliteа дан ортан жілік айдаршықтарының төменгі жиегі деңгейінде шығады.

    • 3. Aa genus media – ортанғы тізе артериясы тізе буынының жоғарғы және төменгі артерияларының арасы ортасынан шығады, буын қапшығын тесіп өтеді де, крест тәрізді байламдарда тармақталады.

    Асықты жіліктік алдыңғы артериясы.

    • Асықты жіліктің алдыңғы артериясы, a tibialis anterior, тізеасты артериясының екі соңғы тармағының бірі. Басталғанннан кейін ол балтырдың бүккіш бетінің терең бұлшықеттерін тесіп өтіп, сүйек аралық жарғақтағы тесік арқылы сирақ алдына кетіп m.tibialis anterior мен m.extensor digitorum longus арасынан өтіп, төмендеу m. tibialis anterior мен m.extensor halluces longus аралығында жайғасады.



    A tibialis anterior дың тармақтары:

    • A reccurens tibialis posterior – асықты жіліктің артқы қайрылма артериясы тізе буынына және асық жілік пен оның шыбығы арасындағы буынға барады.

    • A reccurens tibialis anterior – асықты жіліктің алдынғы қайрылма артериясы тізе тобығының латералді жиегіне қарай келіп, rete articularae genus ты түзуге қатысады.

    • Aa malleolaris anteriores medialis et lateralis – алдынғы толарсақ артериялары, латералді және медиялді, олар rete malleolare mediale et laterale ны түзуге қатысады.

    Асықты жіліктің артқы артериясы. A tibialis posterior.

    • Асықты жіліктің артқы артериясы тізеасты артериясының жалғасы. Ол canalis cruropopliteus-тің бойымен төмен түсе, балтырдың астынғы үштен бірінің шекарасында m. soleus тің медиялді жиегінен шығып, беткей орналасады. Балтырдың төменгі үштен бірінде a. tibialis posterior, m. flexor digitorum longus пен m. flexor hallucis longus арасында, ахилл сіңірінен медиалды, тері және шандырмен ғана бүркеніп жатады.

    • Аяқ ұшы артериясы.

    • Аяқ ұшының сыртында а. dorsalis pedis – аяқ ұшының сыртқы артериясы өтеді, ол асықты жіліктің алдынғы артериясының жалғасы болып саналады да, сүйектер мен байламдарда орналасады, оның медиялді жағында бас бармақ ұзын жазғыштың сіңірі, латералды жағында саусақтардың кіші жазғыштың медиялді құрсағы жатады. Бұл жерде a. dorsalis pedis ті сүйектерге қысу арқылы пулсті анықтауға болады. Аяқ ушының медиялді жағы мен сыртқы бетінің терісінде тармақталатын 2-3 тері тармақтарынан басқа, аяқ ұшының сыртқы артериясы мынадай тармақтар береді:

    • Aa. terseae medialis – медиялді тілерсек артериясы.

    • Aa. terseae lateralis – латералді тілерсек артериясы.

    • A. arcuata – доға тәрізді артерия.

    • A. metatarseae dorsalisprima – табан сүйектерінің бірінші сүйек артериясы.

    • Romus plantaris profundus – терең табандық тармағы.

    Аяқ веналары.

    Аяқ веналары қол веналары сияқты беткей және терең вена тамырларына бөлінеді. Олар аяқ басындағы беткей және терең табан доғаларынан басталады. Доғалардың өзі аяқ басының веноздық торлары мен аяқ бармақтары веналарының жалғасы болып саналады. Аяқтың беткей веналарына үлкен және кіші теріасты веналары жатады.

    • Аяқтың үлкен теріасты венасы (большая подкожная вена)— адам денесіндегі ең үлкен және ұзын вена болып есептеледі. Ол аяқ басының сыртқы веноздық торынан басталып, ішкі тобық жағымен көтеріліп, санның терең венасына қосылады. Бұл венаға көптеген санның, сирақтың майда веналары құяды.

    • Аяқтың кіші теріасты венасы (малая подкожная вена)— аяқ басының сыртқы венозды торынан басталады. Бұл вена аяқтың сырт жағында орналасқан. Тақым астында тақымасты венасына қосылады.

    • Аяқтың терең веналары (глубокие вены ноги)— қол веналарына ұқсас сыңарлы болып келеді. Оларға артқы, алдыңғы кәрі жілік, сан веналары жатады. Сан венасы сыртқы мықын венасына жалғасып, ішкі мықын венасымен қосылып жалпы мықын венасын түзеді. Жалпы мықын веналары бірігіп төменгі қуыс венасына көшеді. Аяқтың терең веналарында айшық қақпақшалары көп болады. Олар беткей веналармен көлденең қосылыстар жасап тығыз байланыста келеді. Сондықтан терең веналардан қан беткей тамырларға ауысып отырады.

    • Қорытып айтқанда, жалпы аяқ веналары аяқтың бас бөлімінен, сирақ және сан еттері мен терісінен вена қанын жинап, одан сыртқы мықын венасына, одан жалпы мықын веналары арқылы төменгі қуысты венаға құяды.

    • Жалпы мықын веналарының (общие подвздошные вены )—әрқайсысы ішкі және сыртқы мықын веналарының қосылысынан пайда болып, жоғары қарай бағыт алып, IV бел омыртқа тұсында бір-бірімен қосылып төменгі қуысты венаны түзеді. Жалпы мықын веналары-ның қосылар жерінде сегізкөз венасы жатады.

    • Ішкі мықын венасы вена қанын жамбас қуысындағы органдардан, ал сыртқы мықын венасы сан венасының тікелей жалғасы болғандықтан аяқтың беткей және терең веналарынан жинайды. Бұл венаға сан венасынан басқа төменгі құрсақ және мықын сүйегін қоршап жататын веналар қосылады.

    • Жоғарғы және төменгі қуысты веналар көлденең қосылыстар арқылы жалғасып жатады. Бұл қосылыстарға тұлғаның бүйір венасы, сыңарлы және жартылай сыңарлы веналары, ішкі және сыртқы омыртқа өрімдері кіреді. Омыртқа өрімдеріне ми сауытының, мықын белдеулерінің веналары байланысады.

    • Қорыта келгенде, бүкіл адам денесіндегі вена қаны жоғарғы және төменгі қуысты веналары арқылы жиналып, оң жүрекшеге құйылуымен үлкен қан айналу шеңбері аяқталады.

     Жамбастың лимфа тамырлары мен түйіндері.

    Жамбас қабырғасы мен ағзаларының лимфа тамырлары мен түйіндері қантамырлар жанында орналасады. Жамбас астауы аймағында келесі лимфа түйіндерін ажыратады:

    • Сырткы мықын лимфа түйіндері, nodi lymphatici iliaci externi - сыртқы мықын артериясы жолымен.

    • Сегізкөз лимфа түйіндері, nodi lymphatici sacrales - орталық сегізкөз артерияның жолымен.

    • Ішкі мықын лимфа түйіндері, nodi lymphatici iliaci interni - ішкі мықын артерияның жолымен.

    • Жалпы мықын лимфа түйіндері - жалпы мықын артерияның жолымен

    Жамбас астауының көптеген лимфа тамырлары сегізкөз және інікі мықын лимфа түйіндеріне бағытталады. Несепқуықтың лимфа тамырлары лимфаны лимфакапиллярлық тордан жинап, бүлшықеттік қабатқа және шандыр қабыққа енігі, несепқуықты жан-жағынан қоршайды. Ерлерде қуықасты бездің, шәует қуықшасының және несеп шығаратын өзектің лимфа тамырларымен қосылып, сегізкөз, сыртқы және ішкі мықын лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici sacrales, nodi lymphatici iliaci externi et nodi lymphatici iliaci interni, бағытталады.
    Еркек жыныс мүшесінің терең лимфа тамырлары V. dorsalis penis profimda-мен бірге жүріп, сегізкөз, nodi lymphatici sacrales және ішкі мықын лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici iliaci interni, жетеді.
    Атабез лимфа тамырлары ақ қабықтың және атабез паренхимасының лимфа өрімінен лимфакапиллярлық торынан басталып, атабез қосалқысының лимфа тамырларымен қосылып, ішкі шәует лимфа өрімін түзеді, өрім шәует шылбырының құрамында, шап өзегі арқылы іш қуысына барады. Бұл жерде лимфа тамырлары vasa testicularis-пен бірге жүріп, бел және бүйрек лимфа түйіндеріне ашылады.
    Жатырдың лимфа тамырлары жатырдың сірлі, бұлшықетті және шырышты қабаттарында жататын лимфакапиллярлық тордан басталады. Жатыр түбі мен денесінің әкетуші лимфа тамырларының үлкен бөлігі жалпақ жалғаманың жапырақшаларының арасында орналасып, жатыр түтігі мен анабез лимфа тамырларымен қосылып, бір жалпы ішкі анабез лимфа өрімін түзеді. Бұл өрім анабез тамырларымен жүріп, бел және бүйрек лимфа түйіндерінде аяқталады.
    Сонымен катар, жатыр түбі мен денесінің кейбір лимфа тамырлары мықын лимфа түйіндеріне бағытталады, жатырдың жұмыр жалғамасы жолымен шаптық лимфа түйіндеріне бағытталады. Жатырдың бұлшықеттік қабығының бірнеше қатар лимфа тамырлары несепкуықтың лимфа түйіндеріне барады.
    Жатыр мойны мен онымен байланысқан қынаптың 2/3 лимфа тамырлары сегізкөз, ішкі және сыртқы мықын лимфа түйіндеріне бағытталады.

    Тік ішектің лимфа тамырлары шырышасты негізде өрім түзеді. Тік ішектің шырышты қабығының әкетуші лимфа тамырлары nodi lymphatici iliaci interni кіреді, олардан шыққан әкетуші тамырлар, қантамыр жолымен сегізкөз лимфа түйіндеріне жетеді.

    Сыртқы өтіс терісінің лимфа тамырлары шатаралықтың тамырларымен бірге беткей шаптық лимфа түйіндеріне бағытталады. Тік ішектің жоғарғы бөлімінен, сірліасты өрімнен лимфа тамырлары тік ішектің лимфа түйіндеріне ашылады. Соңғылары жоғарғы тік ішек артериялары жолымен еніп, әкетуші және әкелуші тамырлармен бірге жоғарғы тік ішектік лимфа өрімін түзеді. Сегізкөздің алдыңғы бетінде nodi lymphatici sacrales оларды біріктіретін тамырлармен бірге, ортаңғы сегізөз лимфа өрімін түзеді. Ол орталық сегізкөз артерияның жолымен жатып, жамбас астауы қабырғасының артқы бөлімінен және омыртқа жотасының төменгі бөлімінің лимфа тамырларын қабылдайды.
    Vasa obturatoria және vasa ischiadica мен қосарлана жүретін лимфа өрімдері жамбас астауы қуысына сәйкес тесіктер арқылы еніп, тамырлар жолымен ішкі мықын лимфа түйіндеріне барады.

    Ортаңғы сегізкөз өрімінің әкетуші лимфа тамырлары төменгі бес лимфа өрімдеріне, nodi lymphatici litmbales бағытталады. Ішкі мықын лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары ішкі мықын тамырларының айналасында кіші жамбас астауы қабыргасы мен агзаларынан лимфаны жинайтын лимфа ерімін түзеді. Бүл өрім аяқтан, жамбас астауы мен іш кабырғасының төменгі бөлімінен лимфаны жинайтын мыкын лимфа өрімімен бірге тамырлар жолында жалпы мықын лимфа өрімін түзеді.

    Жалны мықын өрімі vasa iliaca communis айналасында IV-V омыртқа деңгейінде өзара бірігіп, бел лимфа өріміне қосылады.
    27. Аяқтың лимфа тамырлары мен түйіндері.
    Аяқ аймағында келесі топ лимфа түйіндерін ажыратады . Беткей шаптық лимфа түйіндері ,nodi lymphatici inguinales superficiales 12-16 мөлшерінде санның жоғарғы үшiнде , шап қатпарынан төмен , тері астында , санның жалпақ шандырында жатады . Көрсетілген түйіндердің ( 7-12 ) бөлiгi hiatus saphenuѕ аймағында , қалған 3-5 түйін шап жалғамасы бойында жатады .
    Терең шаптық лимфа түйіндері , nodi lymphatici inguinales profundi , 3-5 мөлшерінде санның жалпақ шандырының астында , fossa incisiva - да , сан венасының алдыңғы бетінде жатады . Түйіндердің біреуі ірі , тікелей шап жалғамасының астында , сан венасынан медиалді , яғни lacuna vаsоrum - да ең медиалді орынды алады . Тақымдық лимфа түйіндері , пodi lymphatici poplitei , 4-6 есебінде тақым шұңқырының те реңінде , тақым артериясы мен венасының айналасында орналасады .
    Алдыңғы асықты жіліктік лимфа түйіндepi , nodi lymphatici tibialis anteriores , cирақтың жоғарғы үшiнде , сирақтың сүйекаралық жарғағының алдыңғы бетінде жатады . Аталмыш түйіндерден басқа , кішкене лим фа түйіндері дара және топтасып аяқтың әрбір бөлімінде , лимфа тамырлары жолында жатады.

    Аяқтың лимфа тамырлары беткей және терең деп бөлінеді.

    Беткей лимфа тамырлары:

    Аяқтың беткей лимфа тамырлары , vasa lymphatica superficialia membri inferioris ,терінің , шандыр қабықтың және тек терімен жабылған сүйектердің сүйек қабығының лимфа капиллярлық торынан басталады . Аталмыш тордан шығатын ұсақ лимфа та мырлары аяқтың ірі беткей лимфа тамырлары на жиналады , олар тері мен шандыр қабықтың арасында жатып , теріасты веналармен қатар жүреді.
    Аяқ лимфа тамырларының бастамасы болып саналады:
    1.Аяқ ұшының сыртқы лимфа торы және аяк ұшының табандық лимфа торы .
    2.Аяқ ұшының медиалді бетінің лимфа тамыр лары , өзінің құрамына медиалді тілерсек лимфа торынан тармақтарды қабылдап , сирақтың ме диалді бетіне өтеді . Бұл жерде олар v . saphena magna - мен бірге санның алдыңғы ді бетіне өтеді . Аталмыш лимфа тамырлары hiatus saphenus - ке көтеріліп , беткей шаптық лимфа түйіндеріне , nodi lymphatici inguinales superficiales , құйылады .

    3.Аяқ ұшының бүйір бетінің лимфа тамырлары , тамырларды бүйір тілерсек лимфа торынан қабылдап , v . saphena parva - мен бірге сирақтың артқы бетіне бағытталады . Екеуі тақым шұнкырына жеткен соң , лимфа тамырларының аз бөлігі ( 1-2 ) тақым түйіндеріне ; үлкен бөлігі жоғарғы және ішке бағытталып , санның медиалді бетіне өтеді ; бұл жерде олар беткей лимфа тамырла рымен бірігеді .

    4. Шатаралық аймағы мен іш қабырғасынын төменгі жартысының лимфа тамырлары бет кей шаптық лимфа түйіндері , пodi lymphatici іnguinales superficiales , тобына құйылады .
    Яғни түйіндерге келесі лимфа тамырлары ашылады :
    а ) іш қабырғасының төменгі бөлімінен - беткей іштік лимфа тамырлары ;
    б ) сыртқы жыныс ағзаларынан : ерлерде - еркек жыныс мүшесінің беткей лимфа тамырлары , ұманың лимфа тамырлары , анус пен шатаралықтың лимфа та мырлары ; әйелдерде - үлкен және кіші жыныс ернеулерінің , деліткінің , шатаралықтың лимфа тамырлары , сыртқы жыныс лимфа тамырлары , сонымен қатар қынаптың төменгі бөлімі мен жатыр түбі лимфа тамырлары .

    Шаптық лимфа түйіндеріне санның , бөксе аймағының және арқаның төменгі бөлімінің беткей лимфа тамырлары жақындайды . Беткей шаттық лимфа түйіндерінің шығара тын лимфа тамырлары һiatus saphenuѕ аймағын да , санның жалпақ шандар қабығын тесіп өтіп , терең шаптық лимфа түйіндеріне , nodi lymphatici іnguinales profundi кiредi . Тамырлардың бір бөлiгi lacuna vasorum аймағында ірі лимфа түйіндеріне жетеді .

    Беткей және терең шаптық лимфа түйіндері оларды біріктіретін тамырлармен бірге , шаптық лимфа өріміне түзеді .

    Терең лимфа тамырлары:
    Аяқтың терең лимфа тамырлары , vasa lymphatica profunda membri inferioris, бұлшықеттер , шандыр қабықтар , буындар , сүйектер , сүйек қабығы және сүйек миы лимфакапиллярлық торынан басталады . Аяқ ұшының сыртқы лимфа тамырлары алдыңғы асықты жіліктік лимфа тамырларына жиналады , олар аяқ ұшының сыртқы артериясымен бірге , кейін сирақтың алдыңғы бетінің қантамыр - нерв будасының құрамындағы алдыңғы асыкты жiлiк артериямен бірге жүреді .

    Алдынғы асықты жіліктік лимфа тамырлары сирақтың жоғарғы үшiнде , алдыңғы асыкты жіліктік лимфа түйінінде , nodi lymphatici tibiales anteriorex , үзіледі , түйіннен шығаратын тамырлар такымдык лимфа түйіндеріне , nodi lymphatici poplirеі , ашылады . Аяк ұшының табандык лимфа тамырлары артқы асықты жіліктік лимфа тамырларына жиналады , олар кіші жіліншіктік лимфа тамырлары сияқты аттас артериялармен қосарлана жүріп , тақым шұңқырына жеткен соң , тақымдык лимфа түйіндеріне ашылады .

    Тақымдық түйіндердің шығаратын және әке тетін тамырлары өзара байланысып , такымдық лимфа өрімін түзеді . Тақым түйіндерінің шығаратын лимфа тамырлары саnаliѕ аdductorius арқылы санға өтіп , санның терең лимфа тамырларымен қосылып , сан артериясын қоршайтын лимфа өрімін түзеді . Санның лимфа тамырларының бөлігі шонданай нерві жолымен кіші жамбас астауына кіреді .

    Аталмыш лимфа тамырларының бір бөлігі санның жоғарғы үшiнде терең шаптық лимфа түйін деріне , nodi lymphatici inguinales profundi , келесі бөлігі осы түйіндерден тысқары аймағында ірі лимфа түйініне жетеді .

    Санның медиалді аймағының және бөксе аймағының терен лимфа тамырлары vasa obturatoria мен vasa ischiadica бірге жүретін лимфа тамырларына жиналып , жамбас астауына еніп , мыкын лимфа түйіндеріне ашылады .

    Терең шаптық лимфа түйіндерінен әкетуші лимфа тамырлары сырткы мықын артериялары және веналарымен бірге жамбас астауына еніп , сыртқы мықын лимфа түйіндеріне , поdi lymphatici iliaci externi құйылады .

    Сырткы мықын лимфа түйіндері 4-10 мөл шерінде сыртқы мықын тамырларының бүйірін де және алдында орналасып , оларды біріктіретін тамырлармен бірге , сыртқы мыкын лимфа өрімін түзеді. Бұл өрімге жамбас қабырғасы мен іш қабырғасының төменгі бөлімінің лимфа тамырлары келеді. Сыртқы мықын лимфа түйіндерінің әкетуші тамырлары бел лимфа түйіндеріне бағытталады.

    Аяқтың лимфа бездері.

    - Медиал топтағы - аяқ басының, балтыр мен санның ішкі бетінен л.ж. шат лимфа бездеріне құяды

    - Латераль және артқы топтағы лимфа бездері- аяқ басының, балтыр мен санның сыртқы бетінен л.ж. шат лимфа бездеріне құяды, одан шаттың тереңдегі лимфа бездеріне қосылып, одан сыртқы және ішкі мықын лимфа бездеріне барады. Жамбастың лимфа бездері- тамырлары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимфа бездері лимфаны жамбастың қабырғаларынан жинаса, ішкі лимфа бездері қуық, жатыр, қынап, тік ішектен лимфаны жинайды. Ішкі және сыртқы лимфа бездері жалпы мықын лимфа бездеріне қосылып, одан бел лимфа бездеріне құяды. Қолдың лимфа тамырлары мен бездері беткейдегі және тереңдегі лимфа болып бөлінеді. Олардың барлығы медиал шынтақ және қолдың лимфа бездеріне жиналады.



    написать администратору сайта