Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі бөлім Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

  • «Алаш» партиясының құрылуы

  • КСРО-ның ыдырауы

  • ТМД-ның құрылуы

  • Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау

  • _з т_уелсіздік идеясыны_ тарихи эволюциясы. Реферат азастан Туелсіздік идеясыны тарихи эволюциясы


    Скачать 29.36 Kb.
    НазваниеРеферат азастан Туелсіздік идеясыны тарихи эволюциясы
    Дата22.11.2021
    Размер29.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла_з т_уелсіздік идеясыны_ тарихи эволюциясы.docx
    ТипРеферат
    #278502

    Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    Инженерлік-гуманитарлық факультет

    Реферат

    «Қазақстан Тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы»
    Орындаған: Карагулова Гулайым

    АРХ-11О топ студенті

    Тексерген: Тулеугалиева А.К

    Орал 2021

    Жоспары:

    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім

    Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

    Алаш партиясының құрылуы

    КСРО-ның ыдырауы

    1. Қорытынды

    Қазақстанның тәуелсіздік алуы

    Кіріспе
    ХХ ғасырдың басында Ресей үкіметін отарлау саясатының бағыты Қазан жерінде жаңа аграрлық қатынастарды жүргізу. Дәлірек айтсақ қоныстандырудың жаңа кезеңін жүргізу жоспарланды.Осы кезден былай отаршылдық саясаттың жаңа белесі ашылды.Жер артығын алу деген желеумен жұрттың жерін тартып ала отырып Ресей үкіметі қазақтарды түгелдей күйзелту арқылы қоныс аудару қоры дейтінді жасады.Бұл қор жергілікті халықтың жер жөніндегі құқыларын өрескел бұзу жолымен жасалады. Ал Ресейдің қоныс аудару шет аймақтарды орыстандыру жөніндегі бәз-баяғы ұлтшылдық принципті дәріптеу үшін жасалады.Қоныс аудару қорын ұлғайту мақсатымен ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесін зерттеу үшін арнаулы экспедициялар жасап оның қорытындысы бойынша шаруалардың пайдаланатын жері шектелді.Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейін қазақтардан 4млн десятнадан жер артық тартып алынса 1906-1912 жыл аралығында 17млн десятинадан астам жер тартып алынды.Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның орнын анықтау қажеттігі туды.Н.М.Корпунов, П.П.Семёнов Тянь-Шански сынды өлкетанушы ғалымдар патша өкіметінің отарлау әрекетін жұмсартыңқырап Батыс мемлекеттерімен салыстырғанда Ресейдікі таза саяси сипатта олар Ресейдің шет жақтары деп түсіндіруге тырысқан.
    Қазақ даласын басқаруды жеңілдету үшін отаршылдықтың,әкімшілдіктің ықпалды шенеуніктері ХІХ ғасырдың 60 жылдарының басында қазақ даласымен Орал,Орынбор және Сібір округтері қазақ әскерлерінің аумағы үшін бір жалпы басқарма белгілеуді Тобыл, Томск, Енисей губернияларынан азаматтық Батыс Сібір генерал губернаторлығын құруды ұсынды.Осы мақсатпен құрамында Борон, К.Врангель, Имшейник, Комродович, П.Солнце. А.Орлов, Г.Лорицки бар ерекше комитет Қазақстанда бүкіл қазақ даласы үшін жалпы басқарудың мүмкіндігін зерттеп 1865 жылдың ақпанында бұл шараны орындау едәуір шығынды қажет етеді.Әкімшілік және әскери қатынастарда елеулі қолайсыздықтар туғызады.
    Негізгі бөлім

    Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

    Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда  жаңа бекіністерді салып,  қазақ жерлерін күштеп тартып алуды  одан әрі жалғастыруы,  қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың  шиеленісуі Кенесары Қасымұлы  бастаған ұлт-азаттық  көтерілістің  шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған  басқа барлық  көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен  билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді  қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары  сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды  Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң  күйеуін тастап,  баласымен  көтерілісшілерге  қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.

    Кенесары бастаған азаттық  күрестің мақсаты  Абылай хан тұсындағы  қазақ хандығының  территориялық тұтастығын  қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген  қазақ жерлерінің  тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы  азаттық соғысты бастамас бұрын  бірнеше дипломатиялық  қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата — бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - деп көрсетеді.  Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.
    1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының  әскері бекіністі  өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.

    1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді.  Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский  алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ,, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.

    Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш, Басығара, Жанайдар, Жәуке, Иман, Байсейіт, Сұраншы, Жоламан және т.б.  батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының  Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жөне қырғыз ауылдарын шабуы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.

    «Алаш» партиясының құрылуы

    1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. өзінің мәні жөнінен импералистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқ асты етті.

    Басқа сөзбен айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық-демократиялықтан ұлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын көрсетті.

    Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстарының өкілдері қатынасты. Съездге қатысушылар саны аса көп болмағанына қарамастан, оның күн тәртібіне сол кездегі  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды он төрт мәселе енгізілді:

    1. Мемлекет билеу түрі

    2. Қазақ облыстарында автономия

    3. Жер мәселесі

    4. Халық милициясы

    5. Земство

    6. Оқу мәселесі

    7. Сот мәселесі

    8. Дін мәселесі

    9. Әйел мәселесі

    10. Депутат дайындау

    11. Мұсылмандар кеңесі

    12. Қазақ саяси партиясы

    13. Жетісу облысының оқиғасы

    14. Съездге қазақтан өкіл жіберу.

     

    Халел Досмұхабетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың және т.б. хатшылығымен өткен бірінші жалпы қазақтық съезд делегаттары осы он төрт мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съездіне дайындық және қазақтың

    саяси партиясын құру проблемаларына аударды.

    Съезд қарсаңында «Қазақ» газетінде болашақ автономия туралы әртүрлі пікірлер мен  ұсыныстар айтылған мақалалар тізбегі  жарияланды.

    Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды. Ал Ә.Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.

    Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқыланды.

    Бірінші жалпы қазақтық съезд құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядағы қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев және т.б ерекше атау керек.

    Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша съезд қабылдаған шешімдерде де қазақ зиялыларының ықпалы сезіліп тұр. Бұл әсіресе дін, оқу-ағарту және әйел мәселері жөнінде қабылданған съезд қараларынан айқын көрінеді.

    Бірінші жалпы қазақтық съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелрдің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған құрылтай жиналысына айналды.Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көрді».

    Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллегенциясының көсемдері басқарған алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялылырының белгілі өкілдері Ә. Ермеков, Ғ.Қарашев, М.Жұмабаев т.б. кірді.

    Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социолистік идеологияны таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ. Өйткені Алаш партиясы қайраткрлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді.  Сондықтан да  олар өз күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделеген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранның астында топтастыруға бағытталды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы-бірінші жалпы қазақтық съезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.

    Съездің күн тәртібіндегі он төрт мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы «Қазақ»  газетнде жариланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.

    Капитализм орнап нығая бастаған жағдайда қоғамдық таптап мен әлеуметтік топтар өкімет үшін күресті өздерінің саяси партиялары арқылы жүргізді.

    Қазақ өлкесінің  әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалы таптық, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Осы шиеленістен туындайтын Қазақстанда орын алған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдық пен феодалдық езгіге бағытталды.

    ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат міндеттерді: ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамсыз етуді қойды. Бұл істің басы-

    қасында ат төбеліндей азғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.

    Әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың ықпалымен таптық және оған байланысты идеялық саяси жіктеліс тұтастай алғанда қоғамда ғана емес, саяси қозғалыстар мен партиялардың өз ішінде жүрді. Қазақ интеллегенциясының арасындағы осындай жіктелісті тездеткен факторлардың бірі тылдың қара жұмысына «бұратана» халықтың жастарын шақыруға байланысты патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарас мәселесі болса, екіншісі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының жеңісі нәтижесінде бүкіл елде орын алған жаңа саяси хал-ахуалы еді.

    1917 жылы шілденің 21-26 сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-жылға дейін  Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды.

    Сөз жоқ, Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. 1917 жылғы шілде айынан бастап, Алаш партиясы сол кездегі  мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда, Алаш қоғамдық саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келген Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды.

    Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселеге байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе екіншісі либералдық байшылдық деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді. Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпы ұлттық идеядан туындады. Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатынастарға ыңғайлауға тырысқан негізінен  ұлттық интеллегенция өкілдерінен тұратын идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым деп анықтауға болады.

    Демек Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу кезеңін бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден соң жылдың соңына қарай қарқынды жүргізілді. Совет үкіметінің орнауына байланысты 1918 жылдың көктемінің соңы-жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды.
    КСРО-ның ыдырауы

    КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.

    КСРО ресми түрде 1991 жылдың 26 желтоқсанында өмір сүруін тоқтатты. 

    ТМД-ның құрылуы

    1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді.

    1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды. 

    Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау

    1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Бұдан кейін қазақ халқының жаңару кезеңі басталды. Қысқа уақыт ішінде әлемдегі екі жүзден астам мемлекет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді бір мүшесіне айналды. Экономикалық табысты реформалар Қазақстанның “Еуразияның жарқыраған жұлдызы” деп аталуына себеп болды. Елдің бас қаласын Алматыдан Астанаға көшіріліп, Сарыарқаның төсінде әлемге үлгілі де көрікті бір қала салынды. Бұл көшпелі түркі мәдениетінің белді мүшесі қазақтардың отырықшыл қала мәдениетінің де озық өкілі екендігін белгісі ретінде тарихқа енді.

    Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен арылды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусына ие болды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Кезінде жат жұрттық өктем билеушілердің зорлық-зомбылықтары салдарынан туған жерінен шетелдерге ауған қазақтар атамекендеріне қоныс аудара бастады. 1992 жылдан 2017 жылға дейін дүниежүзі қазақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығында бес құрылтай өткізді. Бір миллионнан астам қазақ атамекеніне оралды.

    Міне, осылардың барлығы тәуелсіздіктің арқасында болған жақсылықтар. Сондықтан да 1991 жылы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік қазақ тарихындағы ұлы оқиға деп жоғары бағаланады. Бұдан кейін барша Алаш баласының мақсаты біреу-ақ. Ол - Қазақстан тәуелсіздігін мәңгі ету.


    написать администратору сайта