Главная страница
Навигация по странице:

  • РЕФЕРАТ « БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ» пәні бойынша Тақырыбы : Орындаған: 1 курс білімгері

  • Стив Джобс – қайталанбас тұлға Бірінші тараудың екінші тармақшасының атауы Американдық өнертапқыш және бизнес-магнаттың жастық шағы

  • Стив Джобс – Apple компаниясын құрушы 2.1Екіншіі тараудың бірінші тармақшасының атауыСтив Джобс жайлы 20 дерек

  • 1. Стив Джобс

  • Балалық шағы

  • Пайдаланылған əдебиеттер тізімі

  • стив джобс. Реферат бірінші курс студентіні семинары


    Скачать 92.97 Kb.
    НазваниеРеферат бірінші курс студентіні семинары
    Дата14.07.2018
    Размер92.97 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файластив джобс.docx
    ТипРеферат
    #48572

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ

    МИНИСТРЛІГІ

    М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    c:\users\7\desktop\11529_html_m777e0427.jpg

    РЕФЕРАТ

    «БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ»пәні бойынша

    Тақырыбы:

    Орындаған:

    1 курс білімгері

    Факультет «Су шаруашылығы және экология»

    Мамандық «Сәулет»

    Тексерген оқытушы:

    Бағасы:

    « » 2017ж.

    Тараз,2017

    Кіріспе ………..

    1 Негізгі бөлімнің бірінші тарауының атауы

    Бірінші тараудың бірінші тармақшасының атауы

    Стив Джобс – қайталанбас тұлға

      1. Бірінші тараудың екінші тармақшасының атауы

    Американдық өнертапқыш және бизнес-магнаттың жастық шағы

    2 Негізгі бөлімнің екінші тарауының атауы

    Стив Джобс – Apple компаниясын құрушы

    2.1Екіншіі тараудың бірінші тармақшасының атауы

    Стив Джобс жайлы 20 дерек

    3 Негізгі бөлімнің бірінші тарауының атауы

    Қорытынды ………..

    Қолданылған əдебиеттер………….

    КІРІСПЕ

    Стив Джобс- өз алдына қайталанбас тұлға. Джобс барлық келешегі жоқ және табыс әкелмейтін жобаларды (қолға ұстайтын Newton MessagePad-тан бастап QuickTake цифрлық камерасына дейін) жауып, басқа «ең озық» жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.

    Оның алғашқылары iMac компьютері мен iPhone плееры болса, содан кейінгісі телефон индустриясын дүрліктірген iPhone телефоны және iPad планшеті болды.

            Егер Стив қайғылы қазаға ұшырамағанда, оның әлі де нені ойлап табарын кім білген? Ендігі Apple Стивтің кезіндегідей бола ала ма? Әрине оны ешкім білмейтіні анық. Қалай десек те бәрін де уақыт өзі көрсететін болар.

    1. Стив Джобс

    Стивен Пол Джобс (ағылш. Steven Paul Jobs) (Ақпанның 24, 1955 – Қазанның 5, 2011) — американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар Стив Джобс Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixarкомпаниясын сатып алған болатын, ал Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне мүше болды. 1995 жылы шыққан «Ойыншықтар оқиғасы» атты мульфильмнің атқараушы продюсері ретінде көрсетілген еді.

      1. Балалық шағы

    Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді.

    Стив Джобс пен Билл Гейтс бесінші D: All Things Digital (D5) конференциясында, 2007 жыл

    • 1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас ОSжүйесіне маштабталатын ғаріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды жобалайтын Atari компаниясына жұмысқа тұрады.

    • 1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С.Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын.

    Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды.

    2. Apple компаниясының құрылуы

    Джобстың неліктен компьютер шығаратын компания атын «Apple - алма» деп атағаны жайлы  кейбір аңыздарға тоқталайық. Соның бірі Стив өз компаниясының аты Atari-дың алдында тұруын қалағандықтан десе, ал басқа бір аңыз бойынша өзінің сүйіп тыңдайтын Beatles тобының күй-табақтарын шығаратын дыбыс жазатын Apple Records компаниясына ұқсағысы келгендігінен дейді. Қалай болғанда да IT компанияны осылай онша мағынасыз сөзбен атауының өзі оның әдеттегі қалыптан тыс әрекеттерге бейімдігін көрсетсе керек.               

    Сонымен екі электроншы дос құрған осы компания корпорация-ға айналып, ал кешегі қорабы жоқ аналық тақша Apple-I компьютері болып атын шығара бастады. Уақыт өтіп жатты, Стив Возняк әлемдегі нағыз дербес компьютер және кейіннен жаппай қолданысқа түскен Apple-II компьютерін жасап шығарды.

            Әрине оның Джобссыз құрылмағаны анық: ол кең көлемді жарнамалық науқан ұйымдастырды, оған қоса әрбір компьютер үшін барлығына бірдей түсінікті әрі ықшам нұсқаулық дайындатты және ол компьютерді тартымды қорапқа жайғастыруды да естен шығар-мады. Міне осындай жұмыстардың арқасында өнімді сату нәтижесі ойлағаннан да асып түсті, сөйтіп 5 млн-нан астам Apple-II шығары-лып және оларға арналып 16 мыңнан аса бағдарлама дайындалды.

    Олар бірден сатылып кетті. 1980 жылы бұл корпорацияда ондаған мың адам жұмыс істеп, оның жылдық өнім айналымы 10 млн-нан асып жатты. Осы жылы Apple өз акцияларын биржаға сәтті орналас-тырып,  соның нәтижесінде Джобс аяқ астынан 25 жасында миллионерге айналды.

    Алайда Apple-II-нің осындай коммерциялық табысын 1984 жылғы Macintosh-тың табысымен еш салыстыруға келмейтін. «Макинтош» компьютері сол кездегі көпшілікке шын ұнаған алғашқы компьютер болатын.

    Сол кезде мұның ЖЖҚ(ОЗУ) өте аз – 128 кб екендігіне, ал оның шын мәнінде қатқыл дискісінің жоқтығы-на да жұрт онша мән бермейтін. МАС-ты іске қосқан кезде ол өз пайдаланушысына жымыңдап қарайтын, содан соң экранға «С: >» жазуы шығатын еді, ал онда ашылатын терезелер мен көңілді иконкалар ешкімді бейжай қалдырмайтын. Мұның бәрі Джобстың пайдаланушы тілегін алдынала дөп басып таба білуінің және соны қалыптастыра білу талантының нәтижесі еді.

    2.1. Стив Джобс жайлы 20 дерек

    1. Стив Джобстың шыққан тегі сириялық. Оның туған әкесінің аты-жөні - Абдулфаттах Джандали (Abdulfattah Jandali).

    2. Джобстың қарындасы – жазушы Мона Симпсон (Mona Simpson). Қарындасының бар екендігін есейгенде бір-ақ білді. Қарындасы алғашқы «Қай жерде болса да, тек мұнда емес» (Anywhere But Here) деген романында өзінің ата-анасымен қарым-қатынасы жайлы (олар Стивтің де ата-анасы еді) жазады. Джобс пен Симпсон өздерінің ағайынды екенін 1990 жылдарға дейін білген емес. Бұл бір жағынан табиғат пен тәрбие арасындағы даудың айғағы іспетті. Екі бала да өмірді сезінудің айрықша табиғатына ие және олардың екеуі де бір-бірінен тіпті алшақ салалардың ең үздік өнерлілерінің қатарынан орын алған.

    3. Джобстың туған ата-анасы магистратура студенттері ретінде баланы тәрбиелеу ауыртпалығын көтеруге дайын екендіктеріне күмәнді болғандықтан, ұлын басқаға асырауға береді. Бірнеше жылдан соң олар екінші балалы болады.

    4. Стив ол ата-анаға баланы бір ғана шартпен - олар жоғары білімді болса ғана беруге келісті. Бірақ баланы алған жұп бұларды алдайды. Соңынан белгілі болғаны, олар колледжде оқымаған (шешесі тіпті, орта мектепті де бітірмеген) болып шықты. Баланы беру-бермеуді ойланған кезде , олар Стивті қалайда колледжде оқытуға уәде береді.

    5. Стив Atari-де жұмыс істеп жүрген кезінде Breakout (арканоид) ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындауға тапсырма алады. Atari компаниясының негізін қалаушы Нолан Бушнелдің айтуынша, компания машинадан алынып тасталатын әр чип үшін 100 доллар ұсынған. Джобс тақша-ның құрылымынан хабары аз болғандықтан, Вознякпен егер ол чип санын барынша азайта алатын болса, бонусты тең бөліп алуға келіседі. Возняк чип санын 50-ге кемітіп, Atari-ды таңғалдырады. Осы құрылымда чиптің тығыз орналасқа-ны соншалық, оны жинау желісінде қайта жинау мүмкін болмайды. Міне сол кезде Джобс берген уәдесінде тұрмай, компания оған 700 доллар (шындығында 5000) төледі деп, оған 350 доллар ғана береді.   

    6. Ол өзін бедеумін деп санап, бірінші баласын мойындамайды.

    7. Стив пескетарианц еді. Басқаша айтқанда, ол ет жемейтін, тек балық пен вегетариандық тамақтарды (жұмыртқа мен сүт өнімдерін қоса) пайдаланатын.

    8. Джобс монастырға кетіп, монах болуды ойлайды. Джобстың үйлену рәсімін оның думанды тобы мен будда монахы өткізеді.

    9. Стив Джобс жас кезінде ең азы бір рет ЛСД қолданған. Ол бұл тәжірибе «менің өз өмірімде істеген екі не үш нәрсемнің ішіндегі ең бір маңыздысы болатын»,- деп айтыпты. Джобс әрдайым өз-өзіне сенімділігімен ерекшеленетін. Оның жасы 12-ге толғанда, радио детальдары таусылады да, ол бірден Уильям Хьюлетке (Hewlett-Packard-та істейтін): «Менің атым Стив Джобс, Сіздерде менің жиілік есептегішін құрастыруыма пайдалануға болатындай  қосалқы бөлшектер табылар ма екен, соны білгім келеді»,-деп телефон шалады. Баламен сөйлескен Уильям оның сұраған барлық заттарын жібереді және оны каникул кезінде өз фирмасына келіп жұмыс істеуге шақырады.

    10. Apple компаниясын құрушы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең аз айлық алатын директор ретінде тіркеліпті: ресми құжаттар бойынша, Джобстың айлығы жылына 1 долларды құрапты.

    11. Джобс 1983 жылы Джон Скаллиді Pepsi-Cola компаниясынан Apple-ге ауысуға көндіреді. Ақырында, араларында пайда болған кикілжіңнен Стивтің өзі жоба жетекшілігінен шеттетіліп, Apple-ден кетуге мәжбүр болады.

    12. Джобс көп жыл бойы The Beatles-ді барынша жақсы көрді. Бұдан басқа ол классикалық музыкаларды, әсіресе Бахты сүйіп тыңдайтын. Ол Барбара Стрейзанд шығармашылығын ынтамен бақылап, оның қатысуымен өтетін концерттер мен басқа да шараларға жиі баратын.

    13. Стив нөмірі жоқ автомобиль (Mercedes SL55 AMG) жүргізе-тін және машинасын әрқашан мүгедектерге арналған орынға қоятын.

    14. Apple қызметкерлерінің 90 %-ы Стив Джобспен ешқашан кездеспепті.

    15. Джобс Pixar студиясын 10 млн. долларға сатып алып, оны Disney компаниясына 7,5 млрд.-қа сатыпты.

    16. Стивтің аяғы 48 мөлшерлі болатын.

    17. Apple II (алғаш 1977 жылы таныстырылған) сол кездің неғұрлым танымал компьютеріне айналған кезде Стив бар болғаны 25-те еді және ол өз уақытының ең жас миллионері болатын.

    18. Стив бірнеше мәрте баспасөздегі ең жек көрінішті директорлар тізімінің басында тұрды.

    19. Bloomberg-тің жаңалықтар бөлімі 2008 жылғы 29 тамызда Стив Джобстың өліміне арналған 17 беттік қазанама жариялайды. Бақытына қарай, ол қателік тез байқалды.

    20. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болды. 

    Ауыр дерт

    2003 жылы ішкі органдарды тексеру кезінде дәрігерлер Стив Джобстың өт жолдарынада онкологиялық ісіктің барын анықтады. Негізінен мұндай дертпен ауырған адамның өмір сүруі екіталай, дегенмен Стив Джобстың ісігі сирек кездесетін дерт түрі болғандықтан ота жасауға мүмкіндік берді.

    • 2004 жылдың тамызында Стив Джобстың бауырын ауыстыру жөнінде операция өтті. Операция (ота) – Швейцарияда өтті. Стив Джобс жоқ кезде компанияны халақаралық сатылым бөлімінің басшысы Тим Кукбасқарды.

    • 2004 жылдың қазан айында Стив Джобс операциядан кейін алғашқы рет халық алдына шығады. Калифорния штатындағы компанияның жаңа дүкенінің ашылу салтанатына қатысты.

    • 2008 жылдың қыркүйегінде баспасөз беттерінде Стив Джобстың қатты салмақ жоғалтқаны туралы ақпарат талқылана бастады. Оның себебі дерттің қайта асқынуы деген болжамдар күйшейе түсті.

    • 2009 жылдың қаңтар айында Стив Джобс компанияға қайта оралғысы келетіндігін хабарлады. Тым қатты салмақ жоғалтқаны гармондық дисбаланс әсерінен дер түсіндірді. Алайда екі апта өткен соң жарты жылдық демалысқа шығатындығын айтты. Сол жылдың маусым айында Стив Джобс бауыр ауыстуры операциясынан кейін жұмысқа шықты. Дәрігерлердің айтуы бойынша денсаулығы өте жақсы делінген.

    • 2011 жылдың 17 қаңтарында Стив Джобс компания қызметкерлеріне таратқан хатында денсаулық жағдайына байланысты Apple компаниясының атқарушы директоры қызметінен кететіндігін хабарлады.

    2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56 жасында ауыр дерттен дүниеден озды

    Қазан айының 11 күні Калифорния штатының Санта-Клара округы денсаулық департаменті Стив Джобс өлімінің себебін анықтады. Жазбада Стив Джобс өт жолындағы онкологиялық ісіктің кесірінен демала алмағандықтан өлгендігі хабарланады

    Қорытынды

    Қорытындылай келе, әлемде бұл адамның есімін білмейтін адам жоқ десек те болады. Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. "Apple" негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhoneн» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал болып келеді. Өмірден кім өтпейді.Дегенмен оның жобасын бүкіл әлем қолдап келе жатыр және де ары ғарай өз жолын табады деген ойдамын.

    Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

    https://kk.wikipedia.org/wiki/Стив_Джобс

    https://kk.wikipedia.org/wiki/Стив_Джобс_(кітап)

    http://old.el.kz/blogs/entry/Стив-Джобс-Apple-компаниясын-құрушы


    написать администратору сайта