Главная страница
Навигация по странице:

  • 2020-2021

  • Философиялық дүниетаным және жүниетанымның тарихи түрлері: Дүниетаным

  • Философия – дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі

  • Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті: Космоцентризм

  • Философиялық білімнің ерекшіліктері (екіұдайлығы).

  • Философиянығ функциялары. Философияның қызметі

  • Философияның негізгі сұрағы.

  • Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты екі бағыт туындайды: Сенсуализм

  • Эмипиризм

  • Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына құрал ретінде пайдалынылған және пайдаланылатын әдістер: Диалектика

  • Метафизика

  • Софистика

  • Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің саны бойынша классификациялау нәтижесінде: Монизм

  • Камарбек Алина (философия). Реферат Факульет Есеп жне аудит Орындаан амарбек Алина Таырыбы Философия пніні мні мен ызметтері


    Скачать 15.84 Kb.
    НазваниеРеферат Факульет Есеп жне аудит Орындаан амарбек Алина Таырыбы Философия пніні мні мен ызметтері
    Дата29.01.2021
    Размер15.84 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКамарбек Алина (философия).docx
    ТипРеферат
    #172475

    Каспий қоғамдық университеті.

    Реферат

    Факульет: Есеп және аудит

    Орындаған: Қамарбек Алина

    Тақырыбы: Философия пәнінің мәні мен қызметтері

    2020-2021

    Философия» пәнінің негізгі бөлімдеріФилософия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады:1.Онтология (болмыс туралы ілім); 2. Гносеология (таным туралы ілім); 3. Антропология (адам туралы ілім); 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім) 5. Этика (мораль туралы ілім) 6.Логика (ойлау заңдары туралы ілім) 7.Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)

    Философиялық дүниетаным және жүниетанымның тарихи түрлері:

    Дүниетаным– дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты: Мифология; Дін;Философия;

    Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен ) – қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.

    Философия – дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымының діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

    1.Нақты ұғымдармен категориялардан құралады; 2. Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді; 3. Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы); 4. Қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелілікке негізделеді.)

     Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті: Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары – сыртқы күштердің – Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б шығыс елдерінде және Ежелгі Грецияға тән). 

    Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (Орта ғасырлық Еуропаға тән).

     Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіндегі Еуропаға, Жаңа заманға, қазіргі заманға философиялық мектептерге тән.)

    Философиялық білімнің ерекшіліктері (екіұдайлығы).Философиялық білімнің басты ерекшелігі – оның екіқұдайлылығында. Ол ғылыми бөлімге жақын: пәні, әдістері, логткалық - ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.

    Философиянығ функциялары. Философияның қызметі (функциялары) – философияның мақсат-міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолданылу салалары.

    Философияның негізгі функциялары мынадай:

    1.Дүниетанымдық функция. 2.Теориялық функция. 3.Гносеологиялық функция. 4.Аксиологиялық – (грек. аxios – құнды) функциясы 5.Әлеуметтік функция.

    6.Тәрбиелі функция 7.Сандарлы функция 8.Болжамдық (футурологиялық) функция 

    Философияның негізгі сұрағы.Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп – ойлаудың болмысқа, болмыстың – ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады. Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: аамның (философияның басты міндеті болып табылатынын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтаулы, қандай сипаттағы жүйе құруын – дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында. Материя және сана (рух) – болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі – онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды. Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі. Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні – «Дүние таныла ма, әлде, танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ. Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар: 1.Материялистерге; 2. Идеялистерге; 3. Дуалистерге бөлінеді.

    Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты екі бағыт туындайды: Сенсуализм– (латынның «sensus» - сезім) – таным көзі және ақиқат өлшемі – сезімдер (түйсіктер) екені мойындалатын философиялық ағым.

    Эмипиризм («эмпирио»-«сезімдік тәжірибе»)-біліміздің қайнар көзі – сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт. Рационализмнің (латынның ratio-«ақыл» сөзінен) негізін қалаушы Р. Декарт деп саналады. Рационализмнің басты идеясы – ақиқат білім тек ақылдан, тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз.

    Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына құрал ретінде пайдалынылған және пайдаланылатын әдістер: Диалектика – заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп – салдарлық байланыстарын, қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып, қарастыратын зерттеу әдісі.

     Метафизика – диалектикаға қарама – қарсы әдіс. 

    Догматизм – қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген», абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі. 

    Эклектика – біртұтас творчествоға енбейтін түрлі, еркінше алынған фактілерді, ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінгенмен үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау.

     Софистика – ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі. 

    Герменевтика – мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Герменевтика батыстық философияда кең таралған.

     Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің саны бойынша классификациялау нәтижесінде: Монизм– болмыста бір ғана бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Плюрализм– болмыста екіден көп бастапқы негіздердің болуы мойындалатын философиялық ілім.


    написать администратору сайта