реферат. реферат кітап. Реферат Мені оыан сйікті кітаптарым Орындаан Бекбосынова Аружан абылдаан М. Манархан
Скачать 16.12 Kb.
|
Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі Реферат Менің оқыған сүйікті кітаптарым Орындаған: Бекбосынова Аружан Қабылдаған: М.Манархан Менің оқыған сүйікті кітаптарым Оқып үйренген күнінен әр адам көптеген шығармалар мен кітаптарға кызығушылық танытады.Ол қызушылық уақыт өте келе ұлғаюы немесе артуы мүмкін,әркімде әртүрлі.Ал менің жағдайымда бұл артуы да,ұлғаюы да болды. Кітап оқу өте қызықты және еліктіргіш іс.Кітаптар түрлері көп.Олар оқиға,тұлға,тіршілік түрлері немесе бөлек шығармалардың жиынтығы болуы мүмкін.Тақырыптан ауытқымай,оған оралатын болсақ.Мен сан алуан кітап оқу барысындамын.Олардан ең басты немесе ең сүйікті деп тандау қиын.Мүмкін мен олардың атауын немесе авторын ұмытып қалыумнан ба екен,белгісіз.Дегенмен,мен оларды есіме түсірдім. Маған үлкен әсер еткен және ұнатқан кітабым,яғни кітаптар топтамасы бұл «Абай жолы». «Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы.Қазақ халқының тұңғыш эпопеясы және ұлы жазушы ақын Абай Құнанбайұлының биографиясының,ақындыққа жолының пайымдамасы. Бұл романның 4 томы бар.Ал менің қолыма 2 томы түсті.Алайда оның 3 және 4 томдарын тауып оқу қиындық туғызбады. Абай жолы-менің көзқарасымның қалыптасуында үлкен рөл атқарды.Тарихи тұлғалардың кейіпкерлер ретінде бейнеленуі ерекше көрінді.Абай атамыздың өмірлік жолының қалай өтуі,оның қоршаған ортасы қандай болуы,алдында пайда болған қиындықтарды жеңуі,сол тарихи тұлғалармен ара қатынасы-есте қаларлық жайттар. «Кішкентай ханзада» ( Le Petit Prince) - Француз авторы Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал аллегориялық шығармасы.Бұл кітап алғаш рет басылымға 1943 жылы шыққан.Сюжеті туралы айтатын болсақ:Шөл далада ұшағын қондыруға мәжбүр болған ұшқыш және оған өзінің бастан кешірген оқиғалары туралы айтқан кішкентай бала.Оны бала деп те айтуда сенімді емеспін,оның айтуы бойынша ол басқа планетадан жерге ұшып келген. Кішкентай ханзада-менің сүйікті ертегім деп айта аламын.Бұл кітапты мен карантин уақытында,яғни пандемияның ең алғашқы кезеңдерінде оқыдым.Кітаптағы иллюстрациялар автордың өзімен салынып қана қоймай кейінге,шығарманың органикалық бөлігі атанды.Маған ұнағаны соншалық,кайта оқып шығудан жалықпадым.Қазіргі уақытта,күнделікті өмірде болатын жағдайлармен байланыс,маңызды адами құндылықтардың бейнеленуі,әр адамның ішінде болатын ой-толғауларының қандай анық нәтиже беруі-осы туындының ажырамас құрам бөлігі. "Мертвые души" (Өлі жандар) - Николай Васильевич Гогольдің шығармасы. Үш томдық ретінде ойластырылған. Алғаш томы 1842 жылы жарық көрді. 2 том жоғалды, бірақ жобалардағы бірнеше тараулар сақталды. Үшінші том басталмады, ол туралы тек жеке ақпарат қалды. Шығарма" Дүниежүзілік кітапханаға "енген ("Норвегиялық Кітап клубы" әлем әдебиетінің ең маңызды шығармаларының тізімі). Өлі жандар менің кіші жасымда оқып,қатты әсер алып алайда мағынасын түсінбеген едім.Біраз уақыт өте келе қайта оқып мағынасынан өз тұжырымдарымды жасап,қорытындыларға келдім.Басты кейіпкері-Павел Чичиков,ал қалғандары-оның көмекшілері және әрекеттескен қала тұрғындары.Чичиков өзін помещик ретінде таныстырып өз алаяқтығымен махинацияларын жүргізеді.Бұған қарамастан тұрғындар күмәнге ие болады.Бұл кітаптың идеясына Гогольға А.С.Пушкин хаттарының бірінде қол ұшын созады.Бұл кітаптағы адамдар қарым-қатынасы, кейіпкерлердің артынан айтылатын сөздер,сол уақыттың қазіргі заманмен ұқсастықтары және айырмашылықтары,кейіпкерлердің мінез құлқының,көзқарасының тұрақты болмауы немесе оқиғамен бірге қандай өзгерістерге ұшырауы-менің қызығушылығымды тудырған факторлар. "Сүйкімді сүйектер" (The Lovely Bones) - американдық жазушы Элис Сиболдтың 2002 жылғы романы, ол бестселлер болды және 2009 жылы Питер Джексон түсірген. Орысша аудармасы 2006 жылы шыққан.Бұл кітапты мен электронды түрде оқыдым.Ол менің көңіліме,өмір және өлім,қылмыстық заң туралы ойларыма үлкен өзгеріс әкелді. Кітапта Сюзи Сэлмоннын атынан жүргізілген,оның өлімінен кейін қалған әлем,жақындары,достары мен оны өлтірген қылмыскердің ары қарай өмір сүруін бақылауы,кейін тірі адамның денесіне жеке мақсатына байланысты кіріп алуы туралы жазылған.Бұл кітапты оқу барысында алғашқы беттерінен жылауға тура келді.Жанға батар,аянышты бөліктер өте көп.Сүйкімді сүйектерді оқи бастағанда,мен оның экранизациясы бар екендігін білмеген едім. Жалпы айтатын болсам,әр кітаптың мағынасы мен басты ойы-оқырманның өз көзқарасына байланысты. |